§ 49-50. Ластанған қоршаған ортаның адам өміріне әсері. Денсаулық үшін қауіп-қатерлер: тамақ өнімдерінің сапасы, зымыран ұшыру және сынақ полигондары, радиоактивті ластану көздері (жалғасы)

Оқу мақсаты:

  • ластанған қоршаған ортаның адам өміріне әсерін бағалау (қосымша жергілікті, өңірлік компоненттерді қамту).

АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ ҮШІН ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕР

1. Қоршаған орта ластануының адам өміріне әсері

Сұрақтарға жауап беріндер:

1. Адамның денсаулығына әсер ететін қандай түрткіжайттарды білесің?
​2. Адамның өміріне қауіпті қандай қауіп-қатерлер қоршаған ортаның ластануынан туындайды?​
​3. Атмосфераның, судың ластануы, сондай-ақ шөлейттену процесі адамның денсаулығына қалай әсер етеді?

   №4 қауіп. Азық-түлік сапасы
​   Халықаралық және ішкі нарықтағы экономикалық бәсекелестік жағдайында тамақ өнімдерінің сапасы – шешуші түрткіжайт әрі елдердің ұлттық мүддесі. Тамақ өнімдерінің сапасы адам денсаулығына әсер ететін ең маңызды түрткіжайт (7-диаграмма).
   ​Азық-түлікті ластайтын зиянды элементтер:
   ​– уытты элементтер (микроорганизмдер, метаболиттер, ауыр метал­дар, нитраттар, нитриттер, радионуклидтер, т.б.);
   ​– микроскопиялық саңырауқұлақтар және олардың уытты мета­бо­литтері (көпшілігі физикалық-химиялық әсерлерге төзімді);

   ​– пестицидтер;
   ​– дәрілік препараттар мен гормондар;
   ​– тағамдық қоспалар (қауіптілігі ең азы).
   ​Африка мен Азия елдерінде жүргізілген зерттеулер өнімдерде афлотоксиндердің болуы бауыр қатерлі ісігі ауруларының деңгейін арттыратынын көрсетті.
   ​Афлоуыт – органикалық қосылыстар, поликетид класына жататын өте қауіпті микоуыттар (https://ru.wikipedia.org/wiki).
   ​Әдетте ыстық және ылғалды климатта сақталған өнімдер саңырақұлақтармен ластанады. Афлоуыттар мерзімдік уақыты өткен және дұрыс сақталмаған шай мен басқа шөп 

қалдықтарында пайда болады. Улы азықпен қоректенген жануарлардың сүтінде де кездеседі.
   ​Қазақстанда тамақ өнімдерінде улы заттардың болуына зерттеу жүргізілді. Нәтиже өнімнің 13%-ында афлоуыттардың кездесетінін көрсетті.
   ​Ауылшаруашылық жануарларына енгізілген дәрілік препараттар мен улы заттар да адамға қауіп төндіреді.

7-диаграмма.

Денсаулықты қалыптастыруға әсер ететін түрткіжайттар мен жағдайлар (ДДҰ деректері бойынша)

№5 қауіп. Зымыран ұшыру мен сынақ полигондарының әсері

   Зымыран ұшыру көптеген жағдайда адам денсаулығына тікелей әсер ететінін көрсетеді.
   ​Зымыран ұшырудың қауіпті түрткіжайттары:

   • атмосфералық отын төгілуі;
   • ​шаңның шығуы;
   • ​ауа райының өзгеруі;
   • ​зымыранмен жанғыш заттар мен компоненттерін тасымалдау және сақтау;
   • ​аумақтың, акваторияның, ауаның улы заттармен ластануы;
   • ​ғарыштан қайтқан зымыран сынықтары мен аппараттардың,
   • ​сатылардың құлауы;
   • ​ауадағы және жердегі жарылыстар;
   • ​өрттер;
   • ​уақытша «озон тесіктері» арқылы тірі ағзаларды ғарыштан сәулелендіру.

   Ең қауіпті түрткіжайттың бірі – зымыран отынымен ластану. Гептил адам ағзасына кез келген жағдайда қауіпті. Гептилмен улану тыныс алудың бұзылуына, бауырдың, бүйректің зақымдануына, т.б. әкеледі.
   ​Қазақстанның сынақ полигондары: Семей ядролық сынақ полигоны; Азғыр, Капустин Яр атом полигоны; сынақ биологиялық полигондары. Полигон жанына жақын орналасқан аудандардағы тұрғындар әртүрлі (анемия, қатерлі ісік, буын аурулары, бронхтың қабынуы, т.б.) ауруға ұшырайды.

  48-сурет. Радиациялық қауіп коэффициенті

   № 6 қауіп. Радиоактивті ластану көздерінің әсері
   ​Қоршаған ортаның радиоактивті ластану көздері:
   ​– жоғары фоны бар табиғи көздер;
   ​– жасанды көздер.
   ​Радиоактивті сәуле шығарудың табиғи көздері. Ең көп таралған радио-нуклид – родон. Табиғи радионуклидтер тау жыныстарында, құрылыс мате-риалдарында, т. б. кездеседі.
   ​Радиоактивті ластанудың жасанды көздерінің бірі – радиоактивті қалдықтар. Қазақстан аумағында 47 мыңнан астам иондаушы сәу­лелену көздері бар. Қалдық түрлері: ластанған технология­лық жабдықтар; көлік құралдары; топырақ.

Өзіңді тексер!

  Топтық жұмыс

​   1-тапсырма.
​   Қоршаған орта ластануының адам өміріне әсерін анықтаңдар.
   ​Зерттеу жүргізіңдер.
   ​Зерттеу тақырыбы: «Азық-түлік сапасы»
   ​Зерттеу мақсаты: мектеп асханасындағы азық-түлік сапасын зерттеу.
   ​Зерттеу алгоритмі:
   ​1. Мектеп асханасы өнімдерінің тізімін құру.
   ​2. Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, өнім құрамын талдау, өнім құрамына кіретін компоненттердің адам денсаулығына әсерін анықтау.
   ​3. Мектеп асханасындағы азық-түлік сапасын бағалау.

   1. Қандай зерттеу әдістерін қолдандың?
   2. Азық-түлік ішінен қандай өнімді алып тастауды ұсынасың? 
   3. Тамақтану рационында қандай тағамдарды қалдырасың? 
   4. Азық-түлік рационын қандай өнімдермен толықтырасың? 

   Қосымша ақпарат іздеуге байланысты тапсырмалар

   ​Өзіндік жұмыс

   ​2-тапсырма.
   ​Қоршаған орта ластануының адам өміріне әсерін анықта. 
   ​«Сынақ полигондары мен радиоактивті залалдану көздерінің адам өміріне әсері» тақырыбы бойынша таныстырылым дайында.

Өтінемін күте тұрыңыз