§ 45-46. Қоршаған орта сапасының көрсеткіштері

Оқу мақсаты:

  • қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін жіктеу.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САПА КӨРСЕТКІШТЕРІ

   Cарамандық жұмыс

Сұрақтарға жауап беріндер:

   1. Қоршаған орта сапасының негізгі көрсеткіштерін ата.
​​   2. Қоршаған ортаның сапасы көрсеткіштерінің мәнін анықтау кезінде қандай әдістер пайдаланылады?

  Сабақтың мақсаты:

   ​1. Қоршаған орта сапасының негізгі экологиялық көрсеткіштерін айқындау.
   ​2. Қоршаған орта сапасын бағалау үшін қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін анықтау әдістерін қолдану.
   ​3. Орындалған жұмысты қорғау.
   Құрал-жабдықтар:
​   Жазуға арналған дәптер, қалам, қарындаш, геогра­фия­лық атлас, тақырып бойынша қосымша әдебиеттер, интернет ресурс­тарын қолдану.

Жұмыс барысы:

   Тапсырманы орындау үшін § 39–44 материалдарын, «География­лық зерттеу әдістері» бөліміндегі мәліметтерді қайталап, қосымша әдебиеттерді, интернет ресурстарын қолдан.

Тапсырма

   1-тапсырма.
   ​Қоршаған орта сапасының негізгі экологиялық көрсеткіштерін анықта.
   ​Жұмыс мазмұны:
   ​1. Қоршаған орта сапасы көрсеткіштерінің сипаттамасымен танысу.
   ​2. Каспий маңы аймағын зерттей келе, экологиялық сапасын сипат­тайтын қоршаған орта сапасының экологиялық көрсеткіштерін анықта.
   ​3. Көрсеткіштер бойынша қоршаған орта сапасының параметрлеріне сипаттама бер:
   ​– функционалды топ;
   ​– физикалық, химиялық, биологиялық немесе микробиологиялық;
   ​– қоршаған ортаның қандай қасиеті сипатталады?

   Негізгі материал

   Каспийдің экологиялық проблемасы өте өзекті мәселеге айналды. Теңіздің суы мұнайдың есебінен қатты ластануда. Мұнаймен ластану теңіздің фитобентосы мен фитопланктонының дамуына кедергі келтіреді, оттегі көлемін азайтады. Ластану су беті мен атмосфера арасындағы жылу, газ және ылғал алмасуына теріс әсер етеді. Су бетіндегі майлы қабықтың үлкен аудандарға таралуына байланысты булану жылдамдығы бірнеше есе азаяды. Каспий теңізінің ластануы көптеген сирек кездесетін балықтар мен басқа да тірі организмдердің тіршілігіне қауіп төндіреді. Теңіздің таяз учаскелеріндегі судағы фенолдың мөлшері 8 мкг/л, Каспий суындағы фенолдардың орташа мөлшері  60 мкг/л 

жететіні анықталды, ал осы аймақтың суларына тән орташа мөлшері 3 мкг/л құрайды. 1996 жылы Каспий суындағы фенолдардың орташа құрамы 3.9 мкг/л (3.9 ШРК) болды. Англияның теңіз жағалауындағы сулары және көрші теңіздердің (Laslett, 1995) деректерімен салыстыру кезінде металдардың ең жоғары концентрациясы: мырыш – 25 мкг/л; мыс – 4.7 мкг/л; кадмий – 0.13 мкг/л; қорғасын – 1.1 мкг/л; никель – 9.4 мкг/л екендігі анықталды. Каспий теңізі суының көрсеткіштерінде ерекше уытты – кадмий және қорғасын басым бірқатар металдар деңгейінің біршама асып түсуі байқалады...

Өзіңді тексер!

   1. Мұнай өндіруге байланысты қоршаған орта сапасының негізгі көрсеткіштерін ата. 
   2. Неге көрсеткіштердің бірнеше түрлерін талдауда ҚО сапасының кешенді сипаттамасы ең жақсы деп есептеледі? 
   3. Мұнай өндіру аймақтары үшін маңызды деңгейі бойынша сапа көрсет­кіш­терін жасап, жауабыңды дәлелде.

Өтінемін күте тұрыңыз