§ 43-44. Қоршаған орта сапасының көрсеткіштері. Экологиялық мөлшерлеу. Өндірістік-шаруашылық және кешенді сапа нормативтері

Оқу мақсаты: 

  • қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін жіктеу.

ШЕКТІ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ШЫҒАРЫНДЫ • ШЕКТІ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ТӨГІНДІ

1. Өндірістік-шаруашылық нормативтер (экологиялық)

Сұрақтарға жауап беріндер:

1. «Экологиялық мөлшерлеу» ұғымын түсіндір.
​​2. Қоршаған орта сапасының нысаналы және экологиялық көрсеткіштері нені сипаттайды?
​​3. Негізгі экологиялық нормативтер қолданылатын аймақты анықта.

   Шекті рұқсат етілген шығарынды (ШРеШ) немесе төгінді (ШРеТ) дегеніміз – уақыт бірлігінде нақты кәсіпорын атмосфераға (ШРеШ) тастауы немесе су­- қоймаға тастауы мүмкін ластаушы заттардың ең көп мөлшері. Бұл ретте оларда ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясының және қолайсыз экологиялық түрткіжайттардың асып кетуіне жол бермеу керек.

  Өндірістік-шаруашылық нормативтер тобына зиянды қалдықтардың нормативтері, сондай-ақ экологиялық талаптарды қамтитын технологиялық, құрылыс, қала құрылысы ережелері жатады. Осы мөлшерлеу қоршаған ортаға зиянды заттардың, микроорганизмдердің, биологиялық заттардың шығарындылары мен төгінділерін бақылау үшін пайдаланылады. Бұл ретте нысанның өндірістік қуаты, қоршаған табиғи ортада зиянды заттардың қолданыстағы ШРЕК негізінде ластанудың әрбір көзі бойынша мутагендік әсердің және зиянды әсерлердің болуы туралы деректер ескеріледі.

   Ластанудың әрбір көзі үшін ШРЕШ белгіленеді. Осы көзден және елді мекен көздері тобынан зиянды заттардың шығарындылары халық, өсімдіктер және жануарлар дүниесі үшін ШРЕК-тен асатын жерге жақын концентра­циясын құрмауға және өнеркәсіптің, ауылшаруа­шылығының, көліктің даму перспективаларын ескеруі тиіс.
   ​Су нысандары үшін шекті рұқсат етілетін төгінділер (ШРЕТ) белгіленеді.
   ​Су нысандарына ластаушы заттардың жол берілетін шекті төгінділерінің шамасын мынадай формула бойынша анықтайды:

ШРЕТ = qағ . Кағ

   мұндағы qағ – ағынды сулардың шығыны, м3/сағ; Кағ – ағынды судағы заттардың концентрациясы, г/м3.

   2. Сапаның кешенді нормативтері

   Қоршаған орта сапасының негізгі кешенді нормативі дегеніміз – қоршаған ортаға түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасы (ШРЖ) және санитарлық және қорғау аймақтарының нормативтері.
   ​Қоршаған ортаға ШРЖ және санитарлық әрі қорғау аймақтарының нормативтері кәсіпорындар құрылысы, елді мекендерді дамыту, аумақтық - өндірістік кешендерді қалыптастыру кезінде қолданылады. Қоршаған ортаның әлеуетті мүмкіндіктері, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, халықтың қолайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету, өзімізді қоршаған табиғатта қайтымсыз өзгерістерге жол бермеу жөніндегі іс-шаралар ескеріледі.

  Табиғи ортаға жүктеменің рұқсат етілген шекті нормалары дегеніміз (ШРЕЖ) экологиялық жүйелердің орнықтылығын бұзуға әкеп соқпайтын табиғи ресурстарға немесе кешендерге барынша мүмкін болатын антропогендік әсер ету. 
   ​Табиғи орта экожүйелердің негізгі функцияларын бұзбай, антропогендік жүктемені көтерудің әлеуетті қабілетіне ие. Бұл қабілетті «аумақтың экологиялық сыйымдылығы» (табиғи ортаның сыйымдылығы) көрсеткіші сипаттайды.
   ​Антропогендік әсерлерге экожүйелердің орнықтылық көрсеткіштері:
   ​• тірі және өлі органикалық заттардың қоры;

   • органикалық заттың немесе өсімдік жамылғысы өнімінің пайда болу тиімділігі;
   ​• түрлік және құрылымдық әртүрлілік.
   ​Шекті рұқсат етілген нормалар салалық және өңірлік болып бөлінеді.
   ​ШРЖ салалық нормалары ресурстардың жекелеген түрлеріне қолданылады. Мысалы, жайылымдық алқаптар алаңының бірлігіне шекті рұқсат етілген мал саны. Егер жайылатын мал басының саны ШРШ-дан асып кетсе, онда малды жаюдан жайылымдардың экожүйесі бұзылады.
   ​Тағы бір мысал, Ұлттық парк аумағында бір мезгілде болатын турис­тердің шекті рұқсат етілген саны ШРЕЖ-ден

асып кетсе, онда парк экожүйесінің бұзылу қаупі пайда болады.
   ​ШРЖ-дің өңірлік нормалары шаруашылық қызметті немесе табиғи кешендерге рекреациялық жүктемені ескере отырып әзірленеді. Мысалы, Байқал көлінің экожүйесін сақтау мақсатында осы аумақ үшін рұқсат етілген әсер ету нормалары есептелген, су ресурстарын, орман байлықтарын пайдалануға, шаруашылық қызметті дамытуға экологиялық шектеулер белгіленген. Бұл шектеулер көлдің экожүйесінің тұтастығын сақтауға бағытталған.
   ​Осылайша, табиғи ортаның сапасын реттеу экологиялық тұрғыдан рұқсат етілетін жүктемелерді анықтаудан басталады

(ШРЕЖ салалық нормалары), ал аймақтық табиғат пайдалану аумақтың экологиялық «төзімділігіне» сәйкес келуі тиіс.
   ​Санитарлық және қорғау аймақтарының (СҚА) нормативтері әлеу­меттік нысандарды, елді мекендерді және басқа да аумақтарды зиянды антропогендік әсерден қорғау мақсатында белгіленеді. Санитарлық-қорғаныш аймақтары белгіленеді, аймақтардың ауданы кәсіпорынның қауіптілік сыныбына байланысты («өндірістік нысандарды санитарлық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларына сәйкес) санитарлық-қорғаныш аймағы адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына химиялық, биологиялық немесе 

физикалық әсер ету көзі болуы мүмкін, бұл кез келген нысанның міндетті элементі болып табылады (45-сурет).
   ​Сыртқы ауаның жиынтық ластануын (фондық ластану) есепке ала отырып, атмосферада зиянды заттардың таралуын есептеу бойынша санитарлық-қорғау аймағының өлшемдері белгіленеді.
   ​Санитарлық-қорғау аймақтарымен қатар қорықтар мен ұлттық парктер­дің күзет аймақтары, ірі қалалардың жасыл аймақтары, орман парктері, шағын өзендер жағалаулары бойындағы қорғау аймақтары, экологиялық апат аймақтары бар.

 45-сурет. Санитарлық-қорғау аймақтары

Өзіңді тексер!

   Өзіндік жұмыс

​   1-тапсырма

Қоршаған орта сапасы көрсеткіштерінің шекті рұқсат етілген шығарындылар (ШРШ), шекті рұқсат етілген төгінділер (ШРТ) арасындағы ұқсастық және айырмашылықты анықта.

2-тапсырма. Санитарлық-қорғау аймағының мәнін анықтаңдар. Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, экологиялық апат аймақтарымен байланысты өңірлерде санитарлық-қорғау аймақтарын құру мысалдарын келтіріңдер.

Ол үшін:
​1) зерттеу нысанын таңдау;
​2) зерттеу нысаны орналасқан зерттеу өңірін атау;
​3) осы өңірдегі негізгі ластаушы көзді анықтау;
​4) негізгі ластану түрлерін бөліп көрсету;
​5) қауіптілік класын анықтау;
​6) СҚА анықтау;
​7) нәтижесін график түрінде ұсыну қажет.

Өтінемін күте тұрыңыз