§ 13-14. Географиядағы электрондық картографиялық ресурстар және оларды пайдалану

Оқыту мақсаты:

  • зерттеу тақырыбына сәйкес электрондық картографиялық ресурстардың мүмкіндіктерін пайдалану (сандық карталарды оқу, олардың көмегімен орналасқан жерді анықтау, гео­графиялық нысандар мен аумақтардың сандық және сапалық көрсеткіштері, олардың сипаттамалары мен талдауларын жасау).

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ • ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АҚПАРАТ КАРТАСЫ •
​ЭЛЕКТРОНДЫҚ КАРТА • САНДЫҚ КАРТА • КАРТОГРАФИЯ ЖҮЙЕСІ

Географиядағы электрондық картографиялық ресурстар және оларды пайдалану

Сұрақтарға жауап беріндер:

   1. Картографиялық әдістің негізі неде?
​   2. Картографиялық әдістің физикалық және әлеуметтік-экономикалық география үшін маңызы қандай?
​   3. Карталарды экономикалық және географиялық зерттеулерде қолданудың қандай әдістері бар?
​   4. Картаның қасиеттері мен карталарды талдау әдістерін ата.
​   5. Картографиялық әдісті дамыту және жетілдіру деген не?

1. Географиядағы ГАЖ, географиялық ақпараттық карта

    Географиялық ақпараттық жүйені (ГАЖ) географияға жаппай енгізу оның көптеген салаларын, әсіресе картографияны қамтыды. ГАЖ геоақпараттық карта жасауда жиі қолданылады.
   ​"Геоақпараттық карта" дегеніміз – сандық мәліметтер базасына, ГАЖ-технологиялар мен географиялық білімге негізделген табиғи және әлеуметтік-экономикалық геожүйелерді ақпараттық-картографиялық модельдеу.
   ​Географиялық ақпарат картасын жасауға ықпал ететін негізгі түрткіжайттар 21-суретте берілген.   
   ​Геоақпараттық карта автоматтандырылған картаға түсіру, аэроғарыштық әдістер мен географиялық ақпараттық жүйелердің қиылысында түйінді пән ретінде қалыптасады (22-сурет). 

   ​Оның аясында ғылыми картографияның екі саласы – карталарды құру және пайдалану біріктірілген. ГАЖ технологиясы карта проекцияларын еркін өзгертуге, карталардың масштабы мен орналасуын өзгертуге, жаңа географиялық айнымалылар мен көрнекі құралдарды енгізуге мүмкіндік береді.
   ​Геоақпараттық картографиялау салалық және кешенді, талдамалық және жинақтамалық, кеңістіктік қамту, ауқымы, мақсаты, жиинақтау дәрежесі бойынша әртүрлі болуы мүмкін. Барлық жағдайларда ол жүйелі тәсілге негізделген және оның негізгі мақсаты – қолданбалы бағалау мен болжам материалдарын құру.

  ​ Үш ғылым мен технологиялардың – геоинформатика, картография және қашықтықтан (аэроғарыштық) зондылаудың арасындағы байланыс төрт модель түрінде ұсынылған. Олар теориялық тұрғыдан мүмкін және іс жүзінде олардың бірлескен және параллель дамуының әртүрлі кезеңдерінде ұсынылады. Бүгінгі карталарды құруда қашықтықтан зондылау, ГАЖ және картография бірдей дәрежеде қатысатындығы айқын. Олардың бірлескен қатысуының арқасында метеорологиялық (синоптикалық) карталар жасалады, көлік желісі мен қала аумағының тығыздығы, жануарлардың көші-қоны және орман өрттері, т.б. анықталады. Ғылымдар мен технологиялардың интеграциясы үшін тең және ашық үштіктің өзара әрекеттесу табиғаты туралы даулар жабық деп саналуы керек.

   ​Нақты аумақтар туралы мәліметтерді географиялық пәндердің барлық спектрімен бөлісуге пәндік-бағдарлық сипаттамадан кеңістіктік-бағытталған интегралды ГАЖ-ге көшу кезінде қол жеткізуге болады.
  ​​ Осыған байланысты қазіргі ғылымда электронды картографиялық ресурстарды – электронды және цифрлық карталарды құруға көп көңіл бөлінетіні түсінікті. Оның ішінде сандық топографиялық карталар мен жоспарлар, жерсеріктік кескіндер, аэрофотосуреттер, т.б. бар.

21-сурет. Географиялық ақпаратты картаға түсіру түрткіжайттары
   1 – сызықтық модель; 2 – картографияның үстемдігі; 3 – геоақпараттық жүйелердің үстемдігі; 4 – өзара әрекеттесудің үштік моделі
   ​2-сурет. Картографияның (К), қашықтықтан зондылаудың (ҚЗ) және геоақпараттық жүйелердің (ГАЖ) корреляция модельдері (А. Берлянт бойынша)

​​
22-сурет. Картография (К), қашықтықтан зондылау (ҚЗ) және геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) арақатынасының модельдері (А. Берлянт бойынша)

2. Электрондық карта

   
    ​"Электрондық карта" дегеніміз – сандық карта деректері негізінде жасалынатын және компьютердің мониторында немесе басқа құрылғының экранында бейнеленген картографиялық кескін (мысалы, спутниктік навигатор).
    Қағазға немесе пластикке басылған карталардан басты айырмашылығы - электрондық картаны қысқа ғана уақытта және тек электронды құрылғының дисплейінде көруге болады. Картамен танысу үшін сілтеме арқылы сайтқа кіру керек. 
   ​Электрондық картаның символдар жүйесіне арнайы қаріптер енгізіледі. Электрондық карталардың жіктелуі карталардың жалпы жіктелуіне сәйкес келеді, мысалы: ​электрондық топографиялық карта, электрондық авиация картасы, электрондық геологиялық карта, электрондық кадастрлық карта, т.б. 

   ​Қағаз картадан айырмашылығы – электрондық картада қажет болған жағдайда пайдаланылуы мүмкін жасырын ақпарат бар.   ​Бұл ақпарат «тақырып» деп аталатын қабаттар түрінде ұсынылған, өйткені әр қабат белгілі бір тақырыптың мәліметтерінен тұрады. Мысалы, электрондық картаның бір қабаты жолдар туралы ақпаратты, екіншісі тұрғындар туралы, үшіншісі – фирмалар мен ұйымдар туралы ақпаратты қамтуы мүмкін. Әр қабатты жеке-жеке қарауға, бірнеше қабатты біріктіруге немесе әртүрлі қабаттардан жеке ақпаратты таңдап, дисплейге орналастыруға болады.
   ​​Карталарды үшөлшемді кескіндер (3D), графиктер, кестелер, диаграммалар және фотосуреттермен оңай толықтыруға болады.

1-мысал. Топографиялық ақпараты бар мекенжай жоспары
   2-мысал. Көше атаулары бар мекенжай жоспары
3-мысал. Үй нөмірлері мен көше атаулары көрсетілген жоспар
23-сурет. Электрондық карта үлгілері

3. Сандық карта

    Сандық карта (сандық тұрғылықты жер картасы) – картографиялық көздерді цифрландыру, қашықтықтан зондтау деректерін фотограмметриялық өңдеу және цифрлық тіркеу арқылы жасалған рельефтің сандық моделі.
   ​ Сандық карта (Ск) – мазмұны белгілі бір тип пен масштабтағы карта мазмұнына сәйкес келетін сандық картографиялық модель.
    ​Сандық карталардың мазмұны мен мақсаты бойынша жіктелуі карталардың жалпы жіктелуіне сәйкес келеді. Электрондық карталардағы сияқты ақпарат тақырыптық қабаттар түрінде ұсынылған. Әр қабат белгілі бір тақырыптың мәліметтерінен тұрады.

   ​Сандық карта автоматтандырылған карта жасау жүйелерін (АКЖ) және ГАЖ ақпараттық қамтамасыз етудің негізі және олардың жұмысының нәтижесі болуы мүмкін.
   ​Сандық карталарды бейнеэкрандардан көруге болады.  Оларды компьютерлік есептеулерде ақпарат көзі ретінде пайдаланады.
   ​Мұндай карталарды басып шығаруға болады, олар кәдімгі қағаз және компьютерлік карталарды қатты мұқабада жасауға негіз болады.
​​Сандық карталар белгілі бір жолдармен немесе екеуінің тіркесімімен жасалады. Шын мәнінде, бұл кеңістіктік ақпаратты жинау әдістері (24-сурет).

   ​Сандық карталарды әртүрлі ақпараттық жүйелермен алмасу үшін арнайы айырбастау форматтары қолданылады. Бұл кез келген танымал бағдарламалық жасақтама жеткізушілері (бағдарламалық жасақтама) болуы (мысалы, DXF, MIF, SHP, т.б.) немесе халықаралық стандарттар (мысалы, ашық геокеңістік консорциумы (OGC) ретінде GML болуы мүмкін.
   ​Сандық географиялық карталарды пайдалану көп мүмкіндіктер береді (26-сурет).

   1-мысал
   2-мысал
   3-мысал
24-сурет. Сандық карта үлгілері
 25-сурет. Сандық карталарды құру тәсілдері
26-сурет. Сандық географиялық карталардың мүмкіндіктері

Бұл қызық!

"Google Maps карталары пайда болған күннен бастап адамдар саяхат алдында мәлімет жинайтын қосымшаға айналды. Біріншіден, жаңа пайдаланушылар картадан өзінің үйін табады, екіншіден, бұрын өзі болмаған жерлерді зерттейді», – деді Google вице-президенті Брайан Макклендон. Өзі туып-өскен үйін Брайан шімірікпестен әлем орталығы етіп белгіледі. Егер Google Earth-тің «электронды глобусын» қоссаң, онда ғаламшардың қақ ортасында Канзас 

штатындағы Лоуренс қалашығы тұрады.
   ​Карталардың алғашқы нұсқаларында жер шарын бейнелеген спутниктік суреттердің жиынтығы болатын. Алты айдан кейін ғарыштан түсірілген суреттерде автомобиль жолдары көрсетілді. 2007 жылы Google-дің көреген көздері аспаннан жерге түсті: Street View технологиясы көшелерге ғарышкер немесе бомбалаушы ұшқыштың емес, жүргізуші немесе жаяу жүргіншінің көзімен қарауға мүмкіндік берді.

Ақпараттық портал материалдарынан

Өзіңді тексер! 

   Бақылау сұрақтары:

   1. Электрондық карта ресурстарына не жатады?
   ​​2. ГАЖ географияның дамуына қалай әсер етті?
   ​3. Географиялық ақпаратты түсірудің маңызы мен түрткіжайттарын ата.
   ​4. Картографияның, қашықтықтан зондылаудың және географиялық ақпараттық жүйелердің арақатынасының қандай модельдері бар?
   ​5. "Электрондық карта" дегеніміз не? Пайдалану ерекшеліктері мен мүмкіндіктері қандай?
   ​6. "Сандық карта" дегеніміз не? Ерекшеліктері қандай?
   ​7. Электрондық карта мен сандық картаның негізгі айырмашылығы неде?
   ​8. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы туралы не білесің? Бағдарламаның мазмұны сабақтың тақырыбымен қалай байланысты болуы мүмкін?
   ​Жауаптарыңды негізде.

Картамен жұмыс

   1-тапсырма. Электрондық картамен жұмыс істеуді үйренеміз.
   ​Ресми сайтта кез келген электрондық картаны таңда. Төмендегі жаттығуларды орында және оларды бекіт. Жұмыс барысында қандай қиындықтарға тап болдың? Сыныпта талқылап, қорытынды жасаңдар.

   Жаттығу

   1. Нысан туралы қосымша ақпаратты білу үшін, оған тінтуірді апарып, тінтуірдің сол жақ батырмасымен бір рет басу керек. Таңдалған ғимараттың (нысанның) үстінде шағын терезе пайда болады, сайттың сол жағында қосымша ақпараттық блок жүктеледі.
   ​Кейбір ғимараттар (нысандар) үшін қосымша ақпарат болмауы мүмкін. Бұл жағдайда сен осы нысанды нұқыған кезде ештеңе болмайды.
   ​2. Картаның үстінде жылжу «меңзер» және «қол» екі режимінде жүзеге асырылады, ол үшін картаның кез келген аймағында тінтуірдің сол жақ батырмасын басып, картаны қажетті жақтарға жылжыту керек. Картаның үстінде жылжу үшін масштаб жолағындағы арнайы блокты да пайдалануға болады. Көрсеткі батырмалардың кез келгенін шерту картаны таңдалған бағытқа біркелкі 

жылжытады.
   ​3. Картадан масштабты бірнеше жолмен өзгертуге болады. Олардың бірі – құралдар тақтасының сол жағындағы арнайы шәкілді қолдану. Сызғыштағы тінтуірдің сол жақ батырмасын басып тұрып, оны қажетті деңгейге жылжыту керек. Жүгірткіні жоғары қарай жылжыту масштабты арттырады, егер оны төмен түсірсең, масштаб азаяды.
   ​4. Тінтуірдің дөңгелегін бұрап, картаның масштабын өзгертуге болады. Дөңгелекті жоғары бұрау масштабты ұлғайтады, төмен бұрау – азайтады.
   ​5. Картадағы қажетті аумақты ұлғайту немесе азайту үшін «Масштабтау» және «Кішірейту» арнайы құралдарын қолдануға болады. Картамен жұмыс істеудің қажетті режимін таңдап, тінтуірдің сол жақ батырмасын басып тұрып, арнайы кадр пайда болғанша картада қажетті аймақты дөңгелектеу керек.

   6. Негізгі картаның төменгі оң жақ бұрышында «+» және «–» батырмаларын қолдана отырып, карта масштабын өзгертуге болады, ал көрсеткілерді басу арқылы картаны қажетті бағытқа жылжыта аласың.
   ​7. Картадағы сызықтық қашықтықты сызғыш көмегімен өлшеуге болады. Ол үшін «сызғыш» құралын таңдап, меңзерді картадағы кез келген нүктеге қойып, тінтіуірдің сол жақ батырмасын бас. Содан кейін жүгіргіні екінші немесе соңғы өлшеу нүктесіне жылжытып, сол жақ батырманы тағы бір рет бас. Құралдар тақтасының жанында өлшеу нәтижелері бар шағын терезе пайда болады.
   ​8. Картадағы кез келген нысанның ауданын өлшеу үшін саған «Ауданды өлшеу» құралын таңдау керек, сонымен қатар сызықтық қашықтықты өлшеу керек, өзің өлшегің келетін нысанның айналасындағы нүктелерді таңда. Негізгі нүктелерді сағат тілімен таңдау керек.

   2-тапсырма

   Кез келген сандық картаны пайдалана отырып және 26-суреттегі «Сандық географиялық карталардың мүмкіндіктері» картасын зерделеп, Жер шарының кез келген бұрышын тауып, сипатта. Оның көмегімен  географиялық нысандар мен аумақтардың сандық және сапалық көрсеткіштерін сипатта. Тапсырманы 26-сурет тармақтары бойынша орындауға болады. Жұмыстың қорытындысын  сыныпта талқылаңдар.

Менің көзқарасым

   Н.Н. Баранский картографиялық әдістің маңыздылығы туралы: «Басқа пәндердің ешқайсысы география сияқты көрнекілік пен көңіл көтеруді қажет етпейді, сонымен бірге бірде-бір пән география сияқты көрнекі және ойын-сауық әдістерін қолдануға қолайлы жағдайды қамтамасыз етпейді», – деген екен. Ғалымның тұжырымымен келісесің бе?

Өтінемін күте тұрыңыз