Информатика әлеміне саяхат

Сен информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтауды үйренесің.

1-сабақ

Информатика сабағы бұл – жаңа әлем! Бұл ғажайып әлемге саяхат жасар алдында оның ережелерімен танысуларың керек. Ережелерді орындау арқылы болуы мүмкін көптеген сәтсіздіктердің алдын аласың.

Жаңа сөздер

Информатика  
Компьютер
Қауіпсіздік 

Сабақтар арнайы жабдықталған кабинетте өтеді. Сондықтан бұл ережелерді естен шығармау керек!

Есіңде сақта!

  • Информатика кабинетінде шулауға, жүгіруге, секіруге болмайды.
  • Информатика кабинетіне тамақ алып кірме!
  • Пернетақта батырмаларын және тінтуірді күшпен баспа!
  • Монитордың экранын қолыңмен ұстама!
  • Қолың таза әрі құрғақ болуы тиіс!

Бұл ережелерді сақтау не үшін қажет!

  • Р
  • А
  • Т
  • А
  • П
  • Қ
  • А

Нәтижесін шығарамыз.
​Информатика кабинетінде өзін-өзі қалай ұстау керектігін білдің.

Өтінемін күте тұрыңыз