Өткенді бекіту

Мен алған білімімді қолдануды үйренемін.

Жақында жадырап жаз келеді

1-тапсырма.Жұпта жұмыс істеу

Әрбір есепке сұлба таңдап, оларды шығар.

а) Біздің сыныптан жазғы лагерьге 12 қыз және оларға қарағанда 8-і кем ұл барады. Лагерьге ұлдарға қарағанда қыздар неше есе артық барады?

ә) Мектеп жанындағы лагерьге 36 секіртпе, ал секіртпеге қара-ғанда 4 есе кем доп сатып алынды. Допқа қарағанда секіртпенің нешеуі артық сатып алынды?

б) Сырым 90 күндік каникулдың 25 күнін ауылдағы әжесінің үйінде өткізді. 14 күн лагерьде демалды, ал қалған уақытында үйде болды. Сырым неше күн үйде болды?

2-тапсырма.Топтық жұмыс

Теңдік және теңсіздіктер құрастыр.

3-тапсырма

Тіктөртбұрыштардың қабырғаларын өлше. Олардың біреуін дәптеріңе сызып, периметрін есепте.

 

56 + 38=

45 + 39=

45 – 37=

19 + 69=

90 – 68=

100 – 64= 

84 – 69=

91 – 57=

Өтінемін күте тұрыңыз