Құрама есептер

Мен есептерге талдау жасап, оны шығаруды үйренемін

Астанаға саяхат

Астананы көру үшін әрқайсысында 8 баладан 3 топ және 6 мұғалім келді. Астанаға балаларға қарағанда мұғалімдер неше есе кем келді?

()=

а) Қаланы аралауға бірінші күні 3 сағат уақыт кетті. Ал екінші күні бірінші күнге қарғанда 2 есе артық уақыт кетті. Қонақтар 2 күнде барлығы неше сағат қала аралады?

ә) Балалар туыстарына сыйлау үшін 18 кәдесый сатып алды және оларды әр қапшыққа 6-дан салды. Неше қапшық қажет болды?

б) Кәдесыйлар дүкенінде 18 ашықхат және әрқайсысында 8-ден 5 магниттер жиынтығы сатылды. Барлығы неше сыйлық сатылды?

а) Астанадағы саябаққа әрқайсысында 8-ден 3 қатар қайың және әрқайсысында 4-тен 2 қатар шырша көшеттері отырғызылды. Қандай көшеттер артық және неше есе артық отырғызылды?

ә) Топсеруенге 24 қыз, ал олардан 3 есе кем ұлдар барды. Топсеруенге барлығы неше бала барды?

б) Көрме залында әрқайсысында 8-ден 4 қатар сурет ілініп тұрды. Оның 11 суреті алынды. Неше сурет қалды?

1 + 2 + 3 + 4 + 5 + 6 + 7 + 8 + 9=

10 + 20 + 30 + 40 + 60 + 70 + 80 + 90=

  

1-туристер тобы

2-туристер тобы

Барлығы

қанша?

а)

20 адам, бұл екіншісіне қарағанда 9-ға кем

адам

адам

ә)

20 адам

9 адам, бұл екіншісіне қарағанда 2 есе кем

адам

б)

9 адам

біріншісіне қарағанда 3 есе артық

адам

в)

9 адам, бұл екіншісіне қарағанда 2 есе кем

адам

адам

Өтінемін күте тұрыңыз