Өрнектердегі амалдардың орындалу реті
Мен өрнектердегі амалдардың орындалу реті туралы ережені білетін боламын.
Су – біздің басты байлығымыз

Тапсырма №1
Барлық суреттерге не ортақ? Олардың әрқайсысына берілген мысалдарды шығар және жауаптарын салыстыр. Қайсысын артық деп айтуға болады?

16 : 8 =

12 : 6 =

18 : 9 =

14 : 7=

15 : 5=
Тапсырма № 2
Өрнектерді оқы. Жаднаманы пайдалана отырып, амалдардың орындалу ретін анықта және өрнектердің мәнін тап.

Өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықта. Оларды оқып, мәнін тап.
9 + 12 : 2=
50 – 9 · 2=
(6 + 6) : 2=
(78 – 75) · 2=
2 · (38 – 32)=
25 + 7 · 2=
8 · 5 + 27 : 3=
(7 – 4) · 8 + 50=
100 – (18 – 9) · 4=
Суретте Әлияның үйі, Сырымның үйі және мұзайдын арасындағы қашықтық көрсетілген.

Амалдарды орындай отырып, нені білесің?
40 – 15 =
15 + 30=
15 + 15=
15 + 30 + 40=
30 – 15=