Бұрыш түрлері. Көпбұрыштар

Мен бұрыш түрлерін ажыратуды және атауды үйренемін.

Спорт және туризм денсаулықты нығайтады

1-тапсырма.Топтық жұмыс

Суреттен сен қандай сызықтарды көріп тұрсың? Оларды қандай топтарға бөлуге болады?

Есіңізде болсын

Бұрыш – бұл бір нүктеден шыққан әртүрлі екі сәуледен құралған фигура

Бұлар – көпбұрыштар. Олар неге бұлай аталады?

Бұл фигуралардың барлығына не ортақ? Үшбұрышты сызғыш-тың көмегімен дәлелде.

Жұпта жұмыс істеу

Тік бұрыштарды, бұрыштардың төбесін және көпбұрыштарды ата.

Тәжірибелік жұмыс

а) Шаршы пішінді қағазды ортасынан бүкте. Содан кейін тағы бір рет бүкте. Парақтың бүктеуін жаз. Сен қандай бұрыштарды көріп тұрсың?

ә) Шаршы пішінді қағазды суретте көрсетілгендей бүкте. Содан кейін бүктеуін жаз. Сен қандай бұрыштарды көріп тұрсың?

б) Шаршы пішінді қағаз ал. Оны әртүрлі бүкте. Қара, қандай бұрыштар шықты?

Спорт үйірмесінде Айдос 14 жаттығу, Нұрлан 9 жаттығу жасады. Ал Айдос пен Нұрлан бірге қанша жаттығу жасаса, Еркін сонша жаттығу жасады. Еркін қанша жаттығу жасады?

8 + 17=

6 + 28=

4 + 39=

63 – 8=

30 – (6 + 6)=

50 – (8 + 8)=

62 + 30 – 2=

40 – (7 + 7)=

83 – 60 + 7=

20 + 75 + 5=

Өтінемін күте тұрыңыз