100 көлемінде ауызша қосу және азайту

Мен ондықтан аттап өту арқылы екі таңбалы сандарды ауызша қосуды және азайтуды үйренемін.

Мен топта жұмыс жасаймын

1-тапсырма.Топтық жұмыс

Қай топ тапсырманы бірінші болып орындағанын анықта. Ол үшін әр топ есептеген мысалдардың нәтижесін қос. Жауабы артық шыққан топ жеңімпаз болады.

2-тапсырма. Тәжірибелік жұмыс

Сен бір таңбалы сандарды ондықтан аттап өту арқылы қосуды және азайтуды білесің. Тәсілдердің біреуін таңдап, қалай тиімді есептеуге болатынын түсіндір.

3-тапсырма. Жұптық жұмыс 

Есептеп жаттығыңдар.

78 + 10=

88 + 6=

94 – 10=

84 – 6=

45 + 20=

65 + 7=

62 – 20=

42 – 7=

5-тапсырма 

Есепті шығар.

а) Балалар саяхатқа екі автобуспен барды. Бірінші автобуста 25 бала, ал екіншісінде біріншіге қарағанда 15 бала артық. Екінші автобуспен қанша бала саяхатқа барды?

ә) Кері есеп құрастырып, оны шығар.

 Қорытындыла

6-тапсырма 

Есептер бойынша өрнектер құрастырып, оларды шығар.

а) Хайуанаттар бағына бірінші сыныптан 20 оқушы, ал оларға қарағанда екінші сыныптан 44 оқушы артық келді. Хайуанаттар бағына екінші сыныптан қанша оқушы келді?

ә) Хайуанаттар бағына бірінші сыныптан 35 оқушы, ал оларға қарағанда екінші сыныптан 15 оқушы кем келді. Хайуанаттар бағына екінші сыныптан қанша оқушы келді?

Өтінемін күте тұрыңыз