Менің жетістіктерім

6-тарау. Саяси география негіздерімен елтану

6.1. Дүниежүзі елдері

12-сарамандық жұмыс

№1

Экономикалық-географиялық жағдайдың төрт түрі бар:
​ 1) орталық, 2) шалғай, 3) көрші, 4) теңіз жағалауында орналасу. Орталықта орналасу, әкелетін пайдасы көп. Егер ел Жердің ірі аймақ орталығында немесе оған жақын орналасатын болса, онда ол елге немесе өзге елдерге транспорттық мүмкіндік жоғары болмақ. Бұл тасымалдау шығынын қысқартуға және көп табыс табуға ықпал етеді.
​Шалғайда (шетте) орналасу онша тиімді емес.
​Аймақтардың шетінде, әлемдік экономика орталықтарынан шалғайда орналасу көлік шығынын арттырады.
​Көрші орналасу елдердің экономикалық деңгейін, олардың қаншалықты тату екенін ескереді. Елдер арасында қалыпты саяси байланыс болған жағдайда, әдетте оң ықпалы болады.
​Теңіз жағалауында орналасу – қай кезде де әлеуметтік-экономикалық дамудың тиімді түрткіжайты. Біз атап өткендей, теңіз транспорты – ең тиімді көлік құралы.
​Карталар мен түрлі ақпарат көздерінің көмегімен әрбір топтан үш елді анықтаңдар.
​Осы топта Қазақстанның орнын анықтаңдар.
​Экономикалық-географиялық жағдайды жақсарту бойынша идеялар әзірлеңдер. Транспортты дамыту және елдермен бейбітшілік пен достықты нығайтуға басты назар аударыңдар.

№2

Ғаламтор материалдарын, энциклопедиялар пайдалана отырып, елдерге өзінің экономикалық-географиялық жағдайын жақсартуға көмектесетін жақсы шешімдер табыңдар. Қазақстан қандай тәжірибені үйрене алады?

№3

Ғаламтор материалдарын, энциклопедиялар пайдалана отырып, елдерге өзінің экономикалық-географиялық жағдайын нашарлатқан әртүрлі жағдайлар туралы мәліметтер табыңдар. Қазақстан неден сақтануы тиіс?

Барлық тапсырмаларды орындау нәтижелерін инфографика (мәтін, цифр, сурет, диаграмма мен кестелер ұштастығы) түрінде біріктіріп, балаларға таныстырыңдар. Сындарлы талқыға және сынға дайын болыңдар. Сыныптастарың қоюы мүмкін сұрақтарға жауап әзірлеңдер. Қажет болған жағдайда өз жұмыстарыңа түзету енгізіңдер.

Өтінемін күте тұрыңыз