Әлеуметтік инфрақұрылымның қажеттілігі неде?

Жаңамен танысу
Сен әлеуметтік инфрақұрылымның адам өміріндегі маңызын анықтай отырып, "Әлеуметтік инфрақұрылым дегеніміз не? Әлеуметтік инфрақұрылым неден тұрады? Ол біздің өмірімізде қандай рөл атқарады?" деген сұрақтарға жауап аласың.

Қажеттілік

2-параграфта атап өтілгендей, адамның кез келген қызметі белгілі бір қажеттіліктен туындайды. Қажеттілік – өмірдің белгілі бір жағдайларын, қызметті, материалдық нысандарды, адамдарды немесе белгілі бір әлеуметтік түрткіжайттарды қажет ету. Экономиканың барлық салалары және фирмалар, ұйымдар, дүниежүзі елдерінің үкіметтері сол қажеттіліктерді барынша қанағаттандыру жолында жұмыс істейді.

Логикалық ойлауды дамыту қажеттілігі

Әлеуметтік инфрақұрылым

Әлеуметтік инфрақұрылым нысандары қызметінің негізгі мақсаты – адамның тұрмыстық, рухани, мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, толық және жан-жақты дамыту. Әлеуметтік инфрақұрылым кәсіпорындары адамдарға өз өмірін ыңғайлы етіп ұйымдастыруға көмектесу үшін керек.
Әлеуметтік инфрақұрылым – халықтың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін салалар мен кәсіпорындар. Әлеуметтік инфрақұрылым түрлері сдайдерде берілген.

Топтық жұмыс

1. Аталған кәсіпорындардың қайсысы сендерге және айналаңдағы адамдарға таныс?

2. Жалпы тізімнен өздеріңе барынша маңызды 10 әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымды таңдап, олардың рейтингісін құрастырыңдар. Оны бағаналы диаграмма түрінде көрсетіңдер, балаларға өз таңдауларыңды және рейтинг құрастыру әдісін түсіндіріңдер.

3. Жалпы тізімдегі нысандардың қайсысы барлық халыққа, қайсысы адамдардың көпшілік бөлігіне, қайсысы аз бөлігіне қажет екенін болжаңдар. Әрбір өлшем бойынша үш мысалдан келтіріңдер.

4. Ересектерге жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша, жалпы тізім нысандарының ішінен баға бойынша қызметтер рейтингісін құрастырыңдар.

Әлеуметтік инфрақұрылым кәсіпорындарының функциялары

-1-

Атқаратын қызметі бойынша әлеуметтік инфрақұрылым кәсіпорындары өте маңызды функциялар атқарады:
​– тұлғаның қалыптасуы мен дамуына ықпал етеді;
​– денсаулықты сақтау, өмір сүру ұзақтығын арттыруды қамтамасыз етеді;
​– бос уақыт пен демалысты өткізуді қамтамасыз етеді;
​– материалдық қызметтер көрсетеді, яғни нәтижесі көрінетін жұмысты орындайды (мәселен, үйге жөндеу жүргізу, қоқыс шығару).

-2-

Мемлекет әлеуметтік инфрақұрылым кәсіпорындарының неше нысанын салу керектігін үнемі жоспарлайды. Есептеудің кейбір шамалас нормаларымен танысыңдар:
​● Бір тұрғынға 18 м2 тұрғын үйден келуі керек.
​● Балабақшалардағы орындар саны 1000 тұрғынға шаққанда 40 орынды құрауы тиіс. Әрбір орынның алаңы – 35 м2.
​● Жалпы білім беретін мектептердің сыйымдылығы 1000 тұрғынға 120 орын бойынша есептеледі. Әрбір оқушыға кемінде 1,55 м2 ауданнан келуі тиіс.

-3-

● Көліктердің орташа саны – әрбір 1000 тұрғынға 300-ден келеді. Әрбір көлікке келетін тұрақ нормасы – 25 м2. Бұл мәліметтерге сәйкес, әлеуметтік инфрақұрылым кәсіпорындарына деген қажеттілік белгілі бір адам санына ғана емес, олардың жалпы ауданы да есептеледі. Қажеттілікті нормалаумен құрылысшы, дәрігер, эколог, инженер, экономист, қоныстандырушы және географтар айналысады. Әрбір мамандық өкілі жұмыс тобының құрамына кіреді. Олар бірігіп бір ортақ құжат қабылдайды, мысалы, «Санитарлық нормалар және қалалар салу ережесі».


Жеке жұмыс

22000 тұрғыны бар қала үшін келтірілген нормалар бойынша есептеңдер:

● тұрғын үйге жалпы қажеттілік;

● балабақшада, мектепте, көлік тұрақтарындағы қажетті орындар саны;

● құрылысы үшін телімнің бөлінуін қажет ететін барлық нысандардың жалпы алаңы.

Қызығушылық болған жағдайда, өз елді мекенің және Қазақстан үшін қажеттілікті жалпы халық санының мәліметтері бойынша есептесеңдер болады.​

Әрбір функция бойынша жоғарыда келтірілген жалпы тізімдегі мекемелерге 5 мысал келтіріңдер.

Ойыңды тұжырымда

Адамдардың қажеттілігі

Қажеттілік

Әлеуметтік инфрақұрылым элементтері

Физиологиялық (биологиялық) қажеттіліктер

Қауіпсіздік пен тұрақтылық қажеттілігі

Сатып алу, жинақтау қажеттілігі

Басқа адамдармен қарым-қатынас қажеттілігі

Құрмет пен қадірлеу қажеттілігі

Тәуелсіздік қажеттілігі

Жаңашылдық қажеттілігі

Қиындықты жеңу қажеттілігі

Әдемілік пен үйлесімдік қажеттілігі

Өзін-өзі таныту қажеттілігі

1. Бір емес, бірнеше қажеттілікті қанағаттандыратын әлеуметтік инфрақұрылымның көпмақсатты кәсіпорындары бар-жоғын анықтаңдар.

2. Халыққа ғана емес, зауыт-фабрикаларға, ауылшаруашылығына бір уақытта қызмет көрсететін инфрақұрылым кәсіпорындары бар ма?

3. Әлеуметтік инфрақұрылым кәсіпорындарының өздері қандай әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымды қажет етеді?

4. Қаладағы және ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылым кәсіпорындарының санын салыстырыңдар. Айырмашылықты немен түсіндіруге болады? Оны қалайша шешуге болады?

Әлеуметтік инфрақұрылым
Өтінемін күте тұрыңыз