Менің жетістіктерім

5-тарау. Экономикалық география

5.1.Табиғи ресурстар

Табиғи ресурстар тақырыбы бойынша қорытынды тапсырмалар

1-тапсырма

1. Туған өлкемнің табиғи ресурстары. Туған өлкеңнің табиғи жағдайлары табиғи ресурстарды игеруге қалай ықпал етеді? Оң және теріс әсер етуге қатысты үш мысалдан келтіріңдер.

2. Сенің өлкеңде адамдар табиғи ресурстарды қандай технологиялар мен техникалардың көмегімен игереді?

3. Сенің өлкеңде § 55–57-де сипатталған табиғи ресурстарды игеруге байланысты қандай проблемалар бар?Олар қалай шешімін табады?

4. Туған өлкеңдегі табиғи ресурстарды игерумен байланысты проблемаларды шешудің жаңа тәсілін ұсыныңдар (мысал ретінде бір ресурсты таңдаңдар). Барлық тапсырмалардың жауаптарын бір жиынтық кестеде көрсетіңдер.

2-тапсырма

1. Елді мекендер және ондағы халық туралы екі әңгімені оқыңдар.


​1. 55, 57-параграфта табиғи ресурстарды игерудің экологиялық салдары сипатталған. Бірақ әлеуметтік және экономикалық салдар да бар. Әрбір мақала бойынша («Қаламыз қайтадан қалпына келе ме?», «Қарт Арал – мәңгілік») әлеуметтік және экономикалық проблемаларды анықтаңдар.

2. Әлеуметтік проблемалардың адам өміріне, ал экономикалық проблемалардың жұмысқа, табысқа қатысы бар. Сендер оны қалай шешер едіңдер?


3. ​Бірінші мақалада «Ұзақ жылдар бойы үйіліп қалған руда қалдықтары қаланың табиғатын улайды. Оның құрамында фосфор бар деп айтылғанымен, ескі технология салдарынан оны толық айырып алу мүмкін болмады» делінген. Алайда 55–57 параграфтарда: «Жыл сайын ғылым мен техниканың, технологияның дамуы пайдалы қазбалар өндірудің жаңа тәсілдерінің пайда болуына ықпал етеді. Мәселен, жылу электр- стансыларының қызметі салдарынан шоғырланған күлден бағалы шикізат – германий алуға болады», – деп айтылған.Екінші мақалада «Теңіз қалпына келмейтіні мәлім болды. Балық аулаудан басқа қолымыздан еш нәрсе келмейді. Біз – балықшылардың үшінші ұрпағымыз! Не істеу керек?», – деп айтылады. Бірақ 55–57 параграфтарда «Үлкен және Кіші Арал арасындағы бөгет» деген сурет берілген. Бұл жағдайлар «Қаламыз қайтадан қалпына келе ме?», «Қарт Арал – мәңгілік» деген мақалаларда сипатталған екі елді мекеннің келешегіне қалай әсер етуі мүмкін?

Өтінемін күте тұрыңыз