Менің жетістіктерім

4-тарау. Әлеуметтік география

4.1. Халық географиясы

8-сарамандық жұмыс

1. Газет мақалаларының бірінде берілген бір аймақ туралы мәтінді оқып шығыңдар. Мақала мазмұнына сәйкес, бірақ қызықты атау беріңдер. Неге олай атағандарыңды балаларға түсіндіріңдер.

2. 45-46 параграфтағы 2-кестенің көмегімен мәтінде аталған халықтар мен тілдер қандай тілдік отбасына және топтарға жататынын анықтаңдар?

3. Аймақ халықтарының сүйікті мерекесінің жазылуына қарай әр елде қалыптасқан жазу үлгісін анықтаңдар.

4. Бұл аймақ елдерінің ересек адамдары бір-бірінің тілін білмесе де, өз тіліне туыс емес бір тілде сөйлесе алатынын мәтіндегі сөйлемнің қайсысы растайды? Неліктен тек ересектер туралы айтып отырмыз?

9. Сендер туристерге аймақ елдерін аралаған кезде саяхат ойдағыдай және қауіпсіз болуы үшін, ел тұрғындарының мәдениеті мен салт-дәстүріне қалай құрмет көрсетуге кеңес берер едіңдер? Аймақ халықтары арасындағы достықты нығайту үшін не істеуге болады?

10. Түрлі ақпарат көздерін пайдалана отырып, осы елдер арқылы Ұлы Жібек жолымен саяхаттаудың картасызбасын құрастырыңдар. Әрбір елдің ең көрнекі жерлерінің кемінде екеуін шартты белгілердің көмегімен картасызбаға түсіріңдер. Оның жанына олар туралы қысқа, әрі мазмұнды мәтін орналастырыңдар. Өзіңнің саяхат бағытың туралы сыныптастарыңа әңгімелеп бер.

5. 47–48-параграфтағы 45-сурет бойынша аймақтағы басымырақ дінді анықтаңдар.

6. 49–50-параграфтағы 48-сурет бойынша аймақ елдерінің қандай өркениетке жататынын анықтаңдар.

7. 49–50-параграф бойынша «Орталық Азия» аймағы қандай аймаққа жататынын анықтаңдар?

8. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Тәжікстан бір аймаққа жататынын білдіретін кемінде төрт себепті атаңдар. Оларды ұсынылған кестеге жазыңдар. «Белгі» деген бірінші бағанда 49–50-параграфтағы тарихи-географиялық аймақтардың белгілері келтірілген. «Мәтіндегі дәлел-сөйлем» деген екінші бағанға талдау мәтіндегі елдердің осы белгілерге ие екенін дәлелдейтін сөйлемді немесе оның жарты бөлігін жазуларың керек. «Елдер арасындағы айырмашылықтар» деген үшінші бағанда мәтінмен жұмыс кезінде анықталған немесе өз тәжірибелеріңнен таныс елдер арасындағы айырмашылықтарды жазыңдар. «Ескерту» деген төртінші бағанда сендер өздеріңнің қосымша түсіндірмелеріңді немесе анықталған өзгешеліктерді жазыңдар. Егер жаңа себептер мен белгілерді анықтаған болсаңдар, тағы жол қосуларыңа болады.

Белгі

Елдердің ұқсастығы туралы «Мәтіндегі дәлел-сөйлем»

Елдер арасындағы айырмашылық

Ескерту

Географиялық орналасу ортақтығы

Табиғи жағдай ортақтығы

Тілдерінің ұқсастығы

Діндерінің ұқсастығы

Мәдениеттерінің ұқсастығы

Өтінемін күте тұрыңыз