Табиғи-аумақтық кешендер бойынша қорытынды тапсырмалар

1-тапсырма

«Табиғи-аумақтық кешендер қалыптастыру кезінде табиғат компоненттерінің өзара байланысы» тақырыбында зерттеу жүргізіңдер.
● Көл, орман, батпақтың қалыптасуы үшін қандай жағдайлар қажет?
● Жер бедері қандай болуы тиіс?
● Табиғат жағдайлары (қаңтар, шілдедегі орташа температура, жылдық орташа температура, жауын-шашынның орташа мөлшері, түсу режімі) қандай болуы тиіс?
● Судың қандай табиғи көздері бар болуы тиіс?
● Топырақ қалай қалыптасады?
● Өсімдік қалай қалыптасады?
● Жануарлар әлемі қалай қалыптасады?

2-тапсырма. 

Кешендердің әрқайсысының қалыптасуында қандай жағдайлар маңызды?

3-тапсырма. 

Әрбір табиғи-аумақтық кешен компоненттердің ұзақ уақыт бойы өзара әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасады. Мұны қосымша ақпарат көздерінен анықтаңдар:
Таулар мен жазықтықтар неше жыл бұрын пайда болды?Жер бетіндегі алғашқы мұхиттар, теңіздер мен ірі өзендер неше жыл бұрын пайда болды?
Атмосфера қашан пайда болды?
Топырақтың түзілуіне неше жыл қажет
Жердегі ең ежелгі өсімдіктерге неше жыл болды?
Алғашқы жануарлар неше жыл бұрын пайда болды?
Уақыт тізбегіне компоненттерді жас мөлшеріне қарай орналастырыңдар. Қандай кешендер тез қалыптасады?

7-сарамандық жұмыс

1. 41-суретте табиғи-аумақтық кешеннің тек бір бөлігі ғана көрсетілген. Оны өзге компоненттермен толықтыру қажет. Не жетпейтінін анықтаңдар? Табиғи жағдайда олар қандай ретте пайда болуы тиіс?

2. Табиғи-аумақтық кешен қандай болатынын, оның сыртқы келбетін анықтаңдар, егер ол мынадай жағдайда болса:

а) жауын-шашын көп түсетін, үнемі жылы ауа райы болатын жағдайда;
​ә) жауын-шашын көп болатын, жылдың төрт мезгілі ауысып отыратын жағдайда;
​б) жауын-шашын көп түсетін, үнемі төмен температура болатын жағдайда;
​в) жауын-шашын сирек, үнемі төмен температура болатын жағдайда;
​г) жауын-шашын аз және үнемі жоғары температура жағдайында.

41-сурет. Табиғи-аумақтық кешеннің бөлігі

1. Зоналдық қалай пайда болады? Неліктен? 

2. Секторлық қалай пайда болады? Неліктен?  

3. Азоналдық қалай және қайда пайда болады? Неліктен?  

4. Бұл тапсырмаға жауап дайындау кезінде сендер табиғи-аумақтық кешеннің сипаттама жоспарына сүйенулерің керек. Қандай өсімдік түрлері өсіп-өнеді? 


5. Қандай жануарларды кездестіруге болады?

6. Әрбір жағдайда жер беті келбетінің ерекшеліктері қандай болады?

7. Сен тұратын жердің жағдайына қандай жағдайлар барынша ұқсас?


Тапсырма 

Табиғи-аумақтық кешеннің алуантүрлілігін көрсететін сызба құрастырыңдар. Сызбаны түсіндіріңдер. 

Табиғи-аумақтық кешеннің алты компоненті берілген. Олар: бедер, климат, су, топырақ, өсімдіктер және жануарлар әлемі. Бірақ компоненттер ортақ атаулармен аталғанымен олардың көп екені белгілі.

«Саванна» табиғи-аумақтық кешеніне талдау жасаңдар және осыған байланысты компоненттерді көбірек белгілеп жазыңдар.

Жұмыс дәптеріне кестені толтырыңдар. «Айқын компоненттер» бағанына ешқандай құралсыз көзге түсетіндерді (мысалы, шөп), ал «жасырын компоненттер» бағанына көзге көрінбейтіндерді (мысалы, атмосфералық ылғал) жазыңдар.

«Саванна» табиғи-аумақтық кешені

Компонент топтарының аттары

Айқын компоненттер

Жасырын компоненттер

Бедер

Су

Топырақ

Өсімдіктер әлемі

Жануарлар әлемі

Өтінемін күте тұрыңыз