Сумен барлығы бірдей қамтамасыз етілген бе?

Сабақтың мақсаты:

​​су ресурстарының маңызын ашу.
Мақсатқа жету үшін мыналарды білу қажет:
● Су ресурстары дегеніміз не?
● Дүниежүзінің су ресурстары қалай орналастырылған?
● Адамзат дүниежүзінің су ресурстарын қалай пайдаланады?

Су

-1-

Судың барлығы су ресурстары болып табыла ма? Жер суға ерекше бай. Жердің басым бөлігін Дүниежүзілік мұхит алып жатыр, бірақ судың барлығы адамзат үшін жарамды әрі қолжетімді ме?

Барлық су қорының 97%-дан астамы Дүниежүзілік мұхитта шоғырланған, шамамен 3%-ы тұщы сулардың үлесіне тиесілі. 103-суреттен (3% тұщы суды 100% ретінде алатын болсақ) тұщы судың 70%ының мұздықтарда сақталғанын көреміз, ал өзендер мен көлдердің үлесі –1%-дан кем. Сонда «Су ресурстарына не жатады?» деген сұрақ туындайды. 

-2-

Су ресурстары – тұрмыста және шаруашылықта пайдалануға жарамды және қолжетімді жерүсті және жерасты сулары. 103-суреттен байқалатындай, адамның қажеттіліктерін өзендер мен көлдердің суы қанағаттандырады. Сондықтан су ресурстарын бөлуде су ресурстарымен қамтамасыз етілуді қарастырады. Бұл жылына жан басына келетін өзен ағынының көлемімен өлшенеді. Адамзат үшін қолжетімді және жарамды тұщы су ресурстарының қалай орналасқанын қарастырайық.

1. Дүниежүзілік мұхиттың үлесі қандай?

2. Тұщы су үлесі қандай?


3. Тұщы судың құрлық суындағы ара салмағы қалай таралған?


4. Судың адамзат үшін қаншалықты жарамдылығын бағалаңдар.


5. Судың адамзат үшін қолжетімділігін бағалаңдар.

103-сурет. Гидросфера бөліктерінің үлесі

Дүниежүзі су ресурстарының орналасуы және қамтамасыз етілуі

104-сурет. Тұщы су ресурстарымен қамтамасыз ету

-1-

1. Дүниежүзінің саяси картасы мен өзен ағыны картасын (104-сурет) пайдаланып, дүниежүзінің қай мемлекеттерінің өзендерге бай, ал қай елдердің кедей екендігін анықтаңдар. Қорытынды жасаңдар.
2. Дүниежүзі елдері туралы деректерде неліктен Антарктида туралы мәліметтердің жоқ екендігін болжаңдар.

-2-

Су ресурстарының Жер аумағында таралуы тым әркелкі. Экваторлық белдеуде және қоңыржай белдеудің солтүстік бөлігінде су жеткілікті, тіпті шектен тыс мол. Мұнда суы ең мол елдер орналасқан, жан басына шаққанда жылына 25 мың м3-ден астам су келеді. Құрлық аумағының шамамен 1/3-ін қамтитын Жердің құрғақ белдеуінде су тапшылығы ерекше сезіледі. 

-3-

Мұнда суы ең аз елдер орналасқан, жан басына шаққанда жылына 5 мың м3-ден келеді. Дүниежүзіндегі су ресурстарына ең бай аймақ – Азия, су ресурстарының ең аз саны Аустралия мен Мұхит аралдарында шоғырланған (11-кесте).

-4-

11-кесте

-5-

Дүниежүзі елдері су ресурстарымен әркелкі қамтамасыз етілген. Су ресурстарымен ең көп қамтамасыз етілген дүниежүзі елдері (алғашқы алты мемлекет) – Бразилия (8233 км3), Ресей (4508 км3), АҚШ (3051 км3), Канада (2902 км3), Индонезия (2838 км3), Қытай (2830 км3). Ал ең аз қамтамасыз етілген дүниежүзі елдері – Қазақстан (539 км3), Сауд Арабиясы (250 м3), Кувейт (100 м3).

Отбасыларыңда суды тиімді пайдалану жөнінде екі шешім қабылдаңдар.

Адамзат су ресурстарын қалай пайдаланады?

105-сурет. Тұщы су ресурстарымен қамтамасыз етілу

Жер бетіндегі орасан зор су қорына қарамастан, тұщы судың қолжетімділігі мен қоры шектеулі. Су ресурстарының таралуы мен қамтамасыз етілуі жер шарының аумағы бойынша әркелкі екендігін білдіңдер. БҰҰ деректері бойынша жыл сайын суды тұтыну артып келеді, ал себептері неде? Себептердің бірі – дүниежүзі халқының санының артуы. Жер бетіндегі халық саны жылдам қарқынмен өсіп келеді: 2016 жылдың басында шамамен 7,3 миллиард адамды құрады. Ерекше жылдам өсім Қытай, Үндістан және Африка елдерінде байқалды. Сондықтан халық санының артуымен қатар суды тұтыну да өсіп келеді. Су жөніндегі дүниежүзілік комиссияның деректері бойынша қазіргі таңда ішу, ас дайындау және жеке гигиена үшін әрбір адамға күніне 40 литр су қажет. 

Ал ғаламшардың барлық тұрғындары суды бірдей тұтына ма? Мысалы: американдық орта есеппен күніне 400–600 литр, еуропалық қала тұрғыны тәулігіне 300–400 литр, ал африкалық отбасы күніне 18,9 литр су пайдаланады.

a) Дүниежүзінің қай мемлекеттері жылына 1 адамға шаққанда тұщы су ресурстарымен қамтамасыз етілген? Қорытынды жасаңдар.

ә) Кестеде Антарктида туралы мәліметтердің жоқтығына жаңа себеп келтіріңдер. 

б) Қазақстанның жылына 1 адамға шаққанда су ресурстарымен қамтамасыз етілуі. Қорытынды жасаңдар.

Топтық жұмыс

Суды тұтынудағы айырмашылықтың кем дегенде бес себебін болжаңдар.

Шаруашылықта суды пайдалану

-1-

Халық санының артуымен қатар оның тауарлар мен қызметтерге деген қажеттілігі артады. Тиісінше өнім өндіру үшін суды тұтыну да көбейеді. Өйткені суарылатын жер ауданы көбейеді, өндіріс кеңейеді, қалалардың аумағы артады және қала тұрғындарының саны өседі.

Кестеден көрініп тұрғандай, ауылшаруашылығы – тұщы судың басты тұтынушысы. Мұнда қайтарымсыз су шығыны, әсіресе суару мақсатында өте жоғары. Суды осылайша тым тиімсіз пайдалану дүниежүзінің барлық елдеріне дерлік тән. Суды өнеркәсіпте тұтыну да тым жоғары, мысалы: 1 тонна қағаз өндіру үшін, су шығыны 900 м3-ды құрайды. 1 көйлекке қажетті матаны өндіру үшін, 15 литр су қажет, 1 кг қант өндіру үшін, 100 литр су керек.

-2-

Жер бетіндегі халық санының артуы, олардың суға деген қажеттілігінің өсуі және шаруашылықтың дамуы су қорының азаюына, тұщы судың ластануына, су сапасының нашарлауына әкеліп соқтырады. Тұщы су жетіспеушілігінің салдары әртүрлі болуы мүмкін: өмір сүру шарттарының нашарлауынан бастап қауіпті аурулардың дамуы мен таралуы, организмнің сусыздануы, гигиена проблемаларына дейін. Адамдар тиісті түрде жуына алмайды, өз киімдерін жуа алмайды және өз үйін таза ұстай алмайды. Тұщы су тапшылығы мәселесі шаруашылықтың дамуына да әсер етеді. Тұщы су жетіспеушілігі кәсіпорын жұмыстарын тоқтатуы мүмкін. Өйткені су – өндіріс үдерісінің басты ресурстары мен шарттарының бірі. Бұл әлеуметтік проблемаларға – өмір деңгейінің төмендеуіне, жұмыссыздыққа әкеліп соқтырады.

БҰҰ деректері бойынша, тұщы суға деген қажеттілік көлемінің жыл сайынғы өсімі 64 млн м3-ді құрайды және болжамдарға сәйкес 2030 жылы дүниежүзі халқының 47%-ы су тапшылығы қатерімен өмір сүретін болады.

-3-

Бұл ретте қазірдің өзінде су жетпейтін дамушы елдердің халқы 2050 жылға дейін айтарлықтай артады.

Сонымен қатар осы мәселені шешу үшін сумен жабдықтау жүйесін жақсарту тәсілдерін, өнеркәсіп пен ауылшаруашылығында ағын суларды қайта пайдалану мақсатында тазалау, теңіз суын тұщыландыру, аз су пайдаланатын жаңа өндірістік технологияларды жасақтау, аз су пайдаланатын өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының қалдықтарын тиімді кәдеге жарату. Мысалы: Сауд Арабиясында теңіз суын тұщыландыратын зауыт салынған. Бұл зауыт тәулігіне 1 млн м3 суды тұщыландырады. Сондай-ақ елде ластанған суды кәдеге жарату және қайта пайдалануға арналған дамыған тазалау жүйелері салынған. Ластанған суды қайта пайдалану тәжірибесін Бахрейн, Оман, БАӘ қолданады.

-4-

Жалпы алғанда, су тапшылығы проблемасын суды қарапайым үнемдеу жолдары арқылы шешуге болады. Мысалы: санитарлық техниканы қалпына келтіру, ваннада емес, душта жуыну, тіс тазалау кезінде шүмекті жабу, орташа су ағынын (қарындаштың қалыңдығындай) жиі пайдалануға тырысу.

Су шығыны

Су тұтыну, литр

1

Ас дайындау үшін

2

Ыдыс жуу үшін:

– күніне неше рет ыдыс жуасыңдар?

– ыдыс жуатын мәшине қанша литр су жұмсайды?

3

Отбасының бір мүшесінің жеке гигиенасы үшін

4

Кір жуу үшін (кір жуатын мәшине қанша литр су жұмсайды?)

5

Үй жинау үшін

6

Унитазды шаю үшін (бөшкеде қанша литр, күніне неше рет шайылады?)

7

Отбасыларыңдағы басқа да ықтимал шығындар

8

Барлығы тәулігіне

9

Барлығы жылына

Сен зерттеушісің

1. Өз отбасыларың тәулігіне қанша литр су жұмсайтынын есептеңдер. Қорытынды жасаңдар.
​2. Отбасыларыңда суды тұтыну американдық, еуропалық не африкалық адамның су тұтыну көрсеткішіне жақын ба?



Ойыңды тұжырымда

Өз ойыңмен бөліс!

-1-

1. Неліктен Азияның аймақ ретінде су ресурстарына бай екендігін, бірақ жан басына шаққандағы қамтамасыз етілуі жөнінен дүниежүзінде соңғы орында екендігін, ал Аустралияда керісінше екендігін түсіндіріңдер.

-2-

2. Мына хабарламаны оқыңдар: «Соңғы 80 жыл ішінде суды ауылшаруашылығында пайдалану 6 есеге, коммуналдық пайдалану 7 есеге, өнеркәсіптік пайдалану 20 есеге, ал жалпы пайдалану 10 есеге артты».
​​a) Суды пайдаланудың арту себептерін түсіндіріңдер.
​​ә) Келешекте қандай жағдайларға әкелетінін түсіндіріңдер.
​​​б) Қандай шешім жолдарын ұсынасыңдар?

-3-

3. Мына тұжырымның мағынасын түсіндіріңдер: «Су тапшылығы алдында кедей елдер де, бай елдер де белгілі бір дәрежеде тең».

Иә, мен бұл жолды дұрыс деп санаймын, өйткені

Жоқ, бұл жолды дұрыс деп санамаймын, өйткені

1. Су ресурстарына анықтама беріңдер.


2. Су ресурстарының су қорынан айырмашылығы неде?

Американдық зерттеушілер суды тұрмыстық қажеттіліктерге пайдалану жөнінде мәліметтер ұсынды.

Өздік жұмыс

Есептеңдер: су ағатын шүмектен күніне 75 литр ағады, ақаулы унитаздан күніне 750 литр ағып кетеді. Көпқабатты алты кіреберісі бар үйде 12 пәтердің шүмегінен су ағып кетеді, ал ақаулы унитаздан ағып кету 5 пәтерде байқалады. Осы үйде күніне қанша литр су жұмсалады? Қолданылатын осы су мөлшері, жалпы алғанда, шағын өзен не көлдің су көлемін құрауы мүмкін бе? Көлемін есептеңдер.

Өтінемін күте тұрыңыз