Гидросфера.Гидросфера қалай құрылған?

Сабақтың мақсаты:

​гидросфераның құрамдас бөліктері мен оның Жер ғаламшары үшін маңызын анықтау.
Мақсатқа жету үшін мыналарды білу қажет:

​● Гидросфера қандай бөліктерден тұрады? Олардың үлесі қандай?
​● Дүниежүзілік су айналымының рөлі қандай?
​● Гидросфераның бөліктері ретінде құрлық сулары мен жерасты суларының ерекшеліктері қандай?
​● Гидросфераның Жер ғаламшары мен адам үшін маңызы қандай?

Гидросфераның құрамдас бөліктері

Ғаламшарымызда судың болуы – оның бірегей ерекшелігі. Су жер бетінде сұйық, газ тектес және қатты күйде кездеседі. Сондықтан Жердің су қабықшасын гидросфера деп атайды.

98-сурет. Гидросфераның құрамдас бөліктері

Гидросфера Дүниежүзілік мұхит пен құрлық суларынан тұрады. Құрлық суларына жерүсті (өзен, көл, мұздық, батпақ, жасанды суқоймалары) және жерасты сулары жатады. Гидросферадағы бүкіл су көлемі – шамамен 1,6 млрд км3. Гидросфераның басым бөлігін – 96,5%-ын Дүниежүзілік мұхиттың тұзды суы, ал қалған бөлігін құрлық сулары құрайды. Мұздықтардағы тұщы су үлесі – 1,7%, жерасты суларында – 1,7%, өзен, көл, батпақ пен атмосферадағы суда – 0,006%. Алайда гидросфераның осы құрамдас бөліктерін не біріктіреді? Дүниежүзілік су айналымы – байланыстырушы буын.

Математика қағидаларын сақтай отырып, «Гидросфера бөліктері» дөңгелек диаграммасын құрастырыңдар (параграф мәтінінің сандық материалын пайдаланыңдар). Қандай қорытынды жасай аласыңдар?

Дүниежүзілік су айналымы

99-сурет. Дүниежүзілік су айналымы

-1-

Күн сәулелерінің ықпалынан су Дүниежүзілік мұхиттың бетінен үздіксіз буланады да, жоғарыға көтеріліп салқындайды, суи бастайды және бұлттар пайда болады (99-сурет). Бұлттардың бір бөлігі желдің ықпалымен құрлыққа қарай қозғалады, ал екінші бөлігінен теңіздер мен мұхиттарға жауын-шашын түседі, яғни мұхит бетінен буланған су ішінара қайтып келеді. Осылайша кіші су айналымы аяқталады (99-сурет). Құрлыққа қарай қозғалған бұлттардан да сұйық немесе қатты түрде жауын-шашын түседі.

-2-

Атмосфералық жауын-шашынның бір бөлігінің сулары Дүниежүзілік мұхиттың теңіздеріне немесе Каспий мен Арал теңіздері секілді тұйық суайдын дарға таситын өзендерге құяды. Құрлыққа атмосфералық жауын-шашын түрінде түскен судың екінші бөлігі құрлық беті арқылы төмен өтеді және жерасты суларымен Дүниежүзілік мұхитқа не өзендерге қайта қосылады. Үлкен су айналымы осылай аяқталады. Құрлықтан оралған су қайта буланады да, қайтадан құрлыққа түседі.

-3-

Дүниежүзілік су айналымы осылай жүреді: мұхит – атмосфера – құрлық – мұхит. Судың атмосфера арқылы мұхиттан құрлыққа және құрлықтан мұхитқа алмасуының осы үздіксіз үдерісін табиғаттағы дүниежүзілік су айналымы деп атайды.

Суретпен жұмыс

«Дүниежүзілік су айналымы» атты 99-суретті, Қазақстанның физикалық картасын пайдаланып, Каспий теңізінің дүниежүзілік су айналымына қатысуын анықтаңдар. Жауаптарыңды негіздеңдер.

Өзен

100-сурет. Дүниежүзіндегі өзендер

Біз құрлық сулары мен жерасты суларының гидросфера құрамындағы үлесінің аз екендігін білеміз, бірақ олар табиғатта ерекше орын алады. Өзен – өздері қалыптастыратын арналар арқылы ағатын табиғи су ағындары. Өзендер ұзындығы мен суының молдығына қарай ажыратылады. Ніл өзені (6671 км) – дүниежүзіндегі ең ұзын өзен, ал Амазонка өзені – ең суы мол өзен (100-сурет). Оларды физикалық картадан табыңдар.

1. Дүниежүзінің физикалық картасын пайдаланып, қай материктер мен мемлекеттердің өзенге бай екендігін анықтаңдар. Бұл өзендерді атаңдар.

2. Қандай ірі өзендер бірнеше мемлекеттің аумағы арқылы өтеді?

3. Қазақстанның физикалық картасын пайдаланып, ел аумағы арқылы өздерің тұратын мекеннен қай өзендердің өтетінін анықтаңдар.

Көл

101-сурет. Дүниежүзіндегі ірі көлдер

Көл – суға толы табиғи арна. Көлдер тереңдігіне, алып жатқан ауданы және абсолюттік биіктікте орналасуына қарай ажыратылады. Байкал көлі (1620 м) – әлемдегі ең терең көл. Алып жатқан ауданына қарай ең үлкен көл – Каспий теңіз-көлі – 376 000 км². Ал Титикака көлі теңіз деңгейінен 3812 м биіктікте орналасқан (101-сурет). Оларды физикалық картадан табыңдар.

1. Дүниежүзінің физикалық картасын пайдаланып, Қазақстанның ірі көлдерін табыңдар. Оларды атаңдар.
2. Дүниежүзіндегі материктердің ірі өзендер мен көлдер номенклатурасын жасаңдар.

Материктер

Өзендер

Көлдер

Еуразия

Солтүстік Америка

Африка Солтүстік Америка

Оңтүстік Америка

Аустралия

Мұздықтар

102-сурет. Мұздықтар

-1-

М­ұзды қтар – мұз шоғыры болып табылатын табиғи түзілістер. Мұздықтар ғаламшарымыздың бетінде 16 млн. км2-ден астам аумақты, яғни бүкіл құрлық ауданының шамамен 11%-ын алып жатыр. Олардың жалпы көлемі 30 млн. км3-ге жетеді. Жердегі мұздықтардың бүкіл ауданының 99%-дан астамы поляр аудандарына тиесілі. Сондай-ақ мұздықтар экватор маңындағы биік таулардың шыңдарында да кездеседі. Мысалы: Африкадағы Килиманджаро тауында, биіктігі – 4500 м (102-сурет).

-2-

Жерасты сулары. Жерасты суларының Жер бетінен төменде таулы жыныстарда газ тектес, сұйық және қатты күйде орналасуы – олардың ерекшелігі. 16 шақырым тереңдікке дейінгі Жер қойнауындағы тұщы су қорларының болжамды есебі 400 млн км3 көрсеткішті құрайды. Жерасты суларының мол қоры Африка мен Азияда шоғырланған. 

Гидросфера Жер ғаламшарына және адам өміріне қалай әсер етеді? Су табиғат компоненті ретінде үлкен рөл атқарады.

-3-

Сондықтан оны Жер ғаламшарындағы тіршілік негізі мен шарты деп санайды. Гидросфера қандай қызметтер атқарады? Гидросфера күн жылуын жинақтайды және жақсы сақтайды, оны жер шарының аумағына бөліп таратады және осылайша ауа райының өзгеруіне әсер етіп (ауа райының қай элементтері деп ойлайсыңдар?), құрлық климатына айтарлықтай ықпал етеді. Мұхит – ылғалдың Жер атмосферасына жетуінің негізгі көзі. Бұл атмосфералық жауын-шашынның пайда болуы және жағалау маңындағы аумақтарына түсуінен байқалады. Гидросфера (мұхит) – шектен тыс көмірқышқыл газын сорғыш.

-4-

Ол осылайша атмосферадағы газ тепе-теңдігін сақтайды.
Гидросфера сулары құрлық жағалаулары мен жұмсақ тау жыныстарын шайып, жер бедері формаларының қалыптасуына да әсер етеді. Әдемі және айрықша формаларды түзеді.
Су көптеген тірі организмдер, оның ішінде адам денесінің де құрамына кіреді. Гидросфера суы – тірі организмдердің мекендеу ортасы. Өйткені олар суда дүниеге келеді және тіршілігін суда өткізеді (әрдайым суды мекендейтін жануарлар әлемінің өкілдерін мысалға келтіріңдер).

-5-

Өсімдіктердің барлығына су тіршілік үшін қажет. Себебі ұзақ уақыт суарылмаса, олар тіршілігін тоқтатады. Адам организміндегі судың тапшылығы оның есінен тануына немесе өліміне әкеліп соқтыруы мүмкін. Жануарлар әлемі өкілдерінің көпшілігі де осындай жағдайды бастан кешіреді. Сондықтан барлық жанды тіршілік иелері әрқашан да суды тұтынуы тиіс. Су адамның шаруашылық іс-әрекетінде, ауылшаруашылығында, кеме қатынасы мен өнеркәсіпте кеңінен пайдаланылады. Адам су күшін электр энергиясын алу үшін пайдаланады. Сонымен гидросфера суы – адам іс-әрекеті үшін қажет шарттардың бірі.

Жеке жұмыс

1. Параграф мәтінін оқып, гидросфераның Жердің басқа да сфераларымен өзара байланысын анықтаңдар. Қорытынды жасаңдар. 2. Сендердің мекендеріңнің аумағында қандай су нысандары бар?
3. Өз мекендеріңдегі халықтың өмірі мен шаруашылық іс-әрекеті үшін осы су нысандарының маңызын ашыңдар.

Ойыңды тұжырымда

1. Гидросфера деген не? 

2. Гидросфераның құрамдас бөліктерін атап, оларды үлесіне қарай бөліңдер.

3. Гидросфера бөліктерінің үлесі қандай жағдайларда өзгеруі мүмкін?

4. Осы үлестерге болжам жасаңдар. Өз болжамдарыңа үш дәйек келтіріңдер.

1. Гидросфераның жылу мен ылғал жинақтаушы және таратушы қызметін түсіндіріңдер.

2. Құрлық сулары қандай ерекшеліктерге ие?

3. Адамның суды өнеркәсіпте пайдалануына мысалдар келтіріңдер.

1. Су неліктен Жер бетіндегі тіршіліктің басты шарттарының бірі болып табылады?

2. «Маған су үшін керек» деген жеке тізім құрастырыңдар. Өз өмірлеріңдегі оның маңызын түсіндіріңдер.

3. Өз мекендеріңдегі су нысандарының карталық сызбасын жасаңдар және түсіндіріңдер.

Картамен жұмыс

1. Картадан дүниежүзінің ең ұзын және ең суы мол өзендерін көрсетіңдер. Олар қай мемлекеттердің аумақтары арқылы ағып өтеді?
2. Картадан дүниежүзіндегі ең терең, алып жатқан ауданы бойынша ең ірі және ең биік көлдерді көрсетіңдер. Олар қай мемлекеттердің аумағында орналасқан?

Өтінемін күте тұрыңыз