Менің жетістіктерім

3-тарау
​ Физикалық география литосфера тарауы бойынша қорытынды тапсырмалар

3-сарамандық жұмыс

Картамен жұмыс

1. Литосфералық тақталар теориясына сәйкес, келешекте материктердің кескіндемесі өзгереді. Алған білімдерің мен «Жер қыртысының құрылымы» картасы негізінде «XXII ғасыр материктерінің кескіндемесі» атты өз сызба суреттеріңді/карталарыңды ұсыныңдар.

​а) тектоникалық қозғалыс түрлерін анықтаңдар;

​ә) литосфералық тақталардың қозғалысы кезінде пайда болатын бедер пішінін анықтаңдар;

​б) бұл қозғалыстар жер шарының қай бөлігінде болатынын анықтаңдар;

​в) «Жер қыртысының құрылымы» картасын пайдалана отырып, өз жауаптарыңды негіздеңдер;

​г) сызбалар мен жауаптар тізбегін аяқтаңдар.

Сызбалар

Тектоникалық қозғалыс

Бедер пішіндер

Орналасу географиясы


Жұптық жұмыс​

1-тапсырма

а) Берілген сызбаларды пайдалана отырып, 2011 жылы Жапонияның Хонсю аралының шығыс жағалауында болған жер сілкінісінің себептерін түсіндіріңдер. ә) Литосфералық тақталардың қозғалысында әрі қарай қандай өзгерістер болуы мүмкін? Өз жауаптарыңды негіздеңдер.


Жұптық жұмыс​

2-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, ұсынылған тапсырмаларды орындаңдар.

​а) Мәтінге тақырып қой.

​ә) Мәтінді азатжолдарға бөліңдер және мәтін жоспарын құрастырыңдар.

​б) Бұл мәтінге сұрақтар құрастырыңдар.

​в) Жанартау атқылау кезінде адамдардың әрекет ету ережесін ұсыныңдар.

Жанартаулардың атқылау тарихы баяғыда сөнген жанартаулар жүздеген жылдардан кейін қайта оянуы мүмкін екенін көрсетеді. Мәселен, Ключев шоқысынан оңтүстікке қарай орналасқан Безымянный жанартауы сөнген болып саналған. Бірақ 1955 жылы 22 қыркүйекте ол кенеттен атқылай бастаған. Жанартау атқылаған кезде, газ бен күл бұлттары 5–8 км биіктікке жеткен. 1956 жылы 30 наурызда күшті жарылыс жанартаудың төбесін ұшырып әкету салдарынан диаметрі 2 км болатын кратер пайда болды. Жарылыстың жойқын болғаны соншалық – жанартаудан 25–30 км жердегі бүкіл ағашты жоқ қылған. Газ бен түтіннің алып бұлты 40 км жоғарыға көтерілді. Бұлттың жайылу жылдамдығы 500 км/сағатты құрады. Жанартаудан 10–15 км жерде күл қабатының қалыңдығы 50 см-ге жетті. Жарылыстан кейін кратерден жыныстардың балқыған сынықтары лап етіп, әп-сәтте қарды еріткен. Ені 6 км-ге дейін жететін жойқын лай ағын Камчатка өзеніне дейін 100 км-ге жуық жолындағының бәрін жайпай ағызып әкеткен. Мұндай жойқын атқылау жүздеген, тіпті мыңдаған жылдар бойы «үнсіз» жатқан жанартауларға тән.

Өтінемін күте тұрыңыз