Менің жетістіктерім.

2-тарау. Картография және географиялық деректер қоры. Тараулар бойынша қорытынды тапсырмалар
​2.1. Географиялық карталар
​2.2. Географиялық деректер қоры

2-сарамандық жұмыс

​-1-

1. Мәтінді мұқият оқыңдар.​

Қазақстандағы ең үлкен өзен – Ертіс. Оның жалпы ұзындығы – 4248 км (Қазақстан аумағында – 1700 км). Ол Алтай тауларынан басталады. Өзен бастауы Қытайда орналасқан. Қара Ертіс деп аталатын өзен Қазақстан аумағына ағып келіп, Зайсан көліне құяды. Көлден Ақ Ертіс немесе Ертіс деген атпен ағып шығып, Обь өзеніне құйылады. Өскеменге жақын маңда Ертіс тармақталып кетеді, оның ең ірі және суы мол саласы – Бұқтырма. Өскемен мен Семей арасында Ертіске ірілеу өзендер құйылады: оң жағында – Үлбі, Үбі және Күршім өзендері, сол жағында – Шар және Қызылсу өзендері. Сол жақ салалары Есіл мен Тобыл Қазақстанның солтүстік облыстары арқылы ағып өтіп, республикадан тыс жерлердегі Ертіске құяды. Су жағалауы мен су астының құмды болып, табиғи сүзгі рөлін атқаруы нәтижесінде оң сағаларының суы таза әрі мөлдір.

-2-

Ертістің қоректенуі аралас: жоғарыда қар, мұздық және аз мөлшерде жаңбыр суымен; төменгі ағысында қар, жаңбыр және грунт суымен қоректенеді. Су режімінің сипаты да айтарлықтай өзгереді. Жоғарғы ағында сәуір айында, әрі кетсе сәуір-маусым айларында су тасиды, судың қайтуы қазан айына дейін созылады; өзен ағысы реттелген. Төменгі ағында мамырдың соңынан қыркүйекке дейін, әрі кетсе маусымға дейін су тасиды. Жыл сайын судың арнасынан асуының 50%-ы көктемде, ал жоғарғы ағында 20%-ы жаз бен күзде, 10%-ы қыста болады. Тобылда сәйкесінше – 27%, 19% және 7%. Өскеменде орташа шығын – 628 м³/с, Cемейде – 960 м³/с, Омбыда – 917 м³/с, Тобылда – 2150 м³/с, cағасында – 3000 м³/с, жылдық ағыс – 95 км³-ге жуық. Деңгейдің ауытқу пәрмені Зайсан өзенінен жоғарыда – 4,4 м, Омбы маңында – 7 м, Есіл сағасында – 12,7 м, сағаға қарай кішірейеді.

-3-

Су жинайтын жалпы алаң – 1 643 000 км2. Еңіс, шамамен бір км-ге шаққанда – 0,03 м. Ертісте мұз қатар алдында су ағысының жоғарғы жағында 20, ал төменде 6–10 күнге жуық сең жүреді. Су ағынының жоғарғы жағында қарашаның соңында, ал төмен жағында қарашаның басында су қатады, сәуірде мұз жарылады. Ертістің бүкіл бойымен кеме жүруге қолайлы. Жолаушылар тасымалдайтын теплоходтар мен катерлер жоғары қарай Қытаймен шегараға дейін жүзіп барады. Ертісте Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі гидроэлектрстансылары бар. Ертісте салпыауыз, сібір бекіресі, шоқыр балық, ақбалық, муксун, сібірлік көкшұбар балық, тұқы, табан, торта, қызылқанат, тарғақ, күміс және алтын мөңке балық, шортан, алабұға, көксерке, таутан, нәлім және т.б. балықтар тіршілік етеді.


Картасызба құрастыру​

1. Мәтінде берілген географиялық нысандарды картасызбаға түсіріңдер.

2. ​Картасызбада негізгі өзен – Ертіcтің құрылымын, оның сол және оң салаларын, негізгі өзеннің басқа өзенге құятын жерін көрсетіңдер.

3. ​Ертіс өзені өзіне су жинайтын аумақтың (өзен бассейні) контурын жүргізіңдер.

4. ​Негізгі өзеннің және оның салаларының ағу бағытын меңзер арқылы көрсетіңдер.

5. ​Өзен еңістігін белгілеңдер. Қосымша шартты белгілердің көмегімен Ертіс өзенінің жекелеген сипаттамаларын көрсетіңдер (қоректенуі, су шығыны, су деңгейінің ауытқу көлемі). Көрсеткіштердің бірінің басқа жағдайларға тәуелділігін көрсетіңдер (қоректену/су шығыны/су деңгейінің ауытқу көлемі/режім).


​Картасызба құрастыру​

Өзеннің белгілі бір сипаттамасының қандай да бір жағдайға тәуелділігін анықтау бойынша ықтимал сұрақтар:
1. ​Өзендегі су шығыны Өскеменнен Ертіс өзенінің сағасына дейін неліктен артады?
2. ​Су кемелері қай айларда жүзе алады және ол немен байланысты?
3. ​Картасызбаны жалпы ресімдеу ережесіне сәйкес құрастырыңдар.

«Өзендер»  

«Көлдер»

«Елді мекендер»

Географиялық деректер қорын құрастыру

Мәтінде берілген көрсеткіштердің барлығы тән болып келетін Ертіс өзені туралы кесте құрастырыңдар. Кестені ресімдеу ережесіне сәйкес жасаңдар.

5. Қорытынды тапсырма.

Шығармашылық жұмыс

Ертіс өзені туралы ортақ әңгіме құрастырыңдар. Оны бүкіл сыныпқа таныстырыңдар. Таныстыру кезінде нысандарды, өзенді сипаттайтын құбылыстар мен үдерістерді көрсету үшін құрастырылған картасызбаны міндетті түрде пайдаланыңдар. Әңгімелеу барысында өздерің құрастырған географиялық номенклатураның барлық нысандарын дұрыс көрсетіңдер.

Өтінемін күте тұрыңыз