Географиялық карталар. Географияда картасызбалардың маңызы қандай?

Жаңамен танысу:
Сен карта мен картасызбаның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын; картасызбаның қажеттілігін білесің; картасызбалардың құрастырылуы мен дайындалуын үйренесің.

Картасызбаның картадан айырмашылығы неде?

Есіңде сақта!

Карта – жердің беткі қабатының жазықтықтағы кішірейтілген бейнесі. Сызба – географиялық нысан, құбылыс немесе үдерістің құрамдас бөліктерінің және олардың арасындағы байланыстардың шартты белгілер түрінде көрсетілген жалпылама бейнесі. Картасызба – картадағы белгілі аумақтың географиялық нысандарына тән қасиет, құбылыс және үдерістердің жеңілдетілген сызбалық бейнесі.

-1-

§ 3 параграфта белгілі болғандай, карта – маңызды географиялық ақпарат көзі. Ал картографиялық әдіс географияда маңызды орын алады. 6-сыныпта карталардың міндеті мен жіктелуі, картада жердің беткі қабатын бейнелеу тәсілдері оқытылады. Сендер шартты белгілер жүйесінің көмегімен географиялық карталарды оқуды үйрендіңдер. Картаның көмегімен кез келген жердің және кез келген нысанның географиялық координаттарын анықтай аласыңдар. Бұл дағдылар басқа адамдар құрастырған карталарды дұрыс пайдалануына байланысты. Географиялық зерттеулерде картаны пайдаланып қана қоймай, оларды құрастыра білген де маңызды. Математикалық дәлдігі жоғары кәсіби карталарды кәсіпқой картографтар құрастырады.

-2-

Карта жер бетінің жазықтықтағы бейнесі ғана емес, ол бойынша қашықтықты дәл есептеуге, кеңістікті бағдарлауға, ыңғайлы жолдар салуға болады. Мұндай карталар көптеген жаңа тәсілдерді, негізгі бөлігі ГАЖ-технологиялар (геоақпараттық жүйе – технологиялар) деп аталатын озық технология мен техниканы пайдаланумен арнайы кәсіпорындарда құрастырылады. Соншалықты дәлдікті талап етпейтін және кеңістікте географиялық нысандарды, құбылыстар мен үдерістерді шамамен көрсетуге арналған карталарды көпшілік құрастыра алады. Тек оларды картасызбалар деп атайды. Күнделікті тәжірибеде көптеген маман иесі картасызба құрастыра алады. Олар: жерге орналастырушы, құрылысшы, геолог, тергеуші, жол полициясының қызметкері, метеоролог, эколог, сәулетші, туризм жөніндегі мамандар және басқалар.

-3-

Картасызба қолмен орындалуы мүмкін, мәселен, далалық зерттеулер кезінде қойындәптеріне жасалады. Оны құрастыруда көбінесе кескін карталар қолданылады. Әдетте картасызбаның картографиялық торы болмайды, онда масштаб үнемі сақтала бермейді. Сондықтан картасызбаның көмегімен есептеу жүргізе алмайсың. Бірақ ол ненің қайда орналасатынын немесе орналасқанын, географиялық нысанда не болғанын ұзақ ауызша және жазбаша түсіндірусіз көрсету үшін маңызды. Картасызбаның басты міндеті – белгілі бір жердегі элемент, құбылыстар мен үдерістер арасындағы өзара байланысты көрсету. Жай картасызба нысандардың географиялық орналасуын көрсетеді.

-4-

Картасызбада құбылыстар мен үдерістерді көрсетіп үйренген маңызды. § 7 параграфта анықталғандай, құ­былыстар – географиялық нысандармен болатын өзгерістер; үдеріс – құбылыстардың біртіндеп ауысуы, географиялық нысанның дамуындағы жағдай. Бұл параграфта сендерге географиялық нысандарға тән қасиет, құбылыс және үдерістерге қатысты мәлімет ұсынудың түрлі тәсілдері түсіндіріледі. Ал осы параграфта географиядағы «Қайда?» деген басты сұраққа жауап беруді үйренеміз. Сондықтан бір географиялық материалда қасиетті, құбылыс пен үдерісті емес, оған қоса олар қайда және қалай байқалатынын да көрсетуді білмекпіз. Мұның ең оңтайлы жолы – картасызба жасау.

1. Аталған мамандық өкілдеріне картасызба құрастыру не үшін қажет? Өз жауаптарыңды дәлелдеңдер. 
2. 30 және 31-суреттердегі сызба мен картасызба арасындағы айырмашылықтарды қарастырыңдар.
3. Сызба мен картасызба арасындағы 2 ұқсастық пен 2 айырмашылықты анықтаңдар? 
4. Сызба мен картасызбаны бір сурет түрінде беруге бола ма? Мұны қандай жолмен жасауға болады? 
5. Аралас жұмыстардың артықшылықтары көп пе, әлде олқылықтары көп пе? 

Картасызбада не көрсетіледі?

32-сурет. Ауылшаруашылығының салалық құрылымы
33-сурет. Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық саласының аумақтық құрылымы
Карталарда аумақтық құрылым, көбінесе сапалық және сандық жағдайлар, аймақтар тәсілімен көрсетіледі​

-1-

Картасызбада қарастырылатын тақырыпқа тікелей қатысы бар нысан, құбылыс пен үдерістер ғана көрсетіледі. Назарды бөлмеу үшін артық элементтердің болмағаны дұрыс. Картада көрсетілім нысандарын іріктеу жалпылану деп аталады. Картасызбаны құрастыру кезінде төмендегідей ретті сақтау керек:
​– оның мазмұнын анықтау (ол нені білдіруі тиіс);
​– материалды жүйеге келтіру, нысанның (құбылыстың) тізбесін жасау;
​– бейнелеу тәсілін таңдау.
​Аумақтың жеңілдетілген картасында құрылым, жүйе, кешен, қозғалыс және тізбекті бір нысан қасиетінің басқасынан тәуелділігін сызба түрінде көрсетуге болады.
Құрылым – нысан элементтерінің өзара орналасуы мен олардың арасындағы байланысты көрсететін сызба (32-сурет). Көп жағдайда мәтіндерде қолданылады. Картасызбаларда нысан, құбылыс және үдерістердің аумақтық құрылымы, яғни олардың элементтері аумақта қалай таралғаны көрсетіледі (33-сурет).​

-2-

Құрылым – графикалық үлгі түрлерінің бірі. Оны құрылымдық сызба ретінде көрсетеді. Мұндай сызбааралық байланысы сызықтар немесе меңзерлер түрінде көрсетілген бірнеше блоктан тұрады. Сызба бірыңғай, тұтас нәрсенің құрылымын көрсетеді. Бір-бірімен байланысты элементтерден тұратын, біртұтас нәрсе құрайтын мұндай нысандар кешен, жүйе деп аталады.
Қозғалыс – бір нәрсенің кеңістікте және уақытта орнын өзгертуі. Картасызбада қозғалыс бағыты мен сипаттамасы меңзермен көрсетіледі (34-сурет).​

Цикл – оқиға, үдеріс немесе құбылыстардың кезеңдік қайталанып​ отыратын уақыт тізбегі. Кезең графикалық түрде картаға түскен тізбекті диаграммамен, фигуралы меңзерлермен бейнеленеді (35-сурет).

Тәуелділік – бір немесе әртүрлі нысанның бірінің қасиетінің өзгеруі екіншісінің өзгеруіне әкеп соқтыратын өзара байланыс түрі.

-3-

​§ 4 параграфта тәжірибе әдісі сипатталған. Оның мәнісі – нысандардың қасиеттері арасындағы түрлі тәуелділіктерді анықтау. Картада тәуелділікті қалай көрсетуге болады? Белгілі бір аумақтың қасиеті екінші бір қасиетке бар болуынан пайда болады. Оны көбінесе таралу аймағы тәсілі арқылы көрсетуге болады. Содан кейін аумақтың қасиетінің екі немесе бірнеше сапалық және сандық жағдайы көрсетіледі. Мәселен, 36-суретте Африканың табиғи аймақтары климаттың белгілі типтерінің басымдық құруы салдарынан пайда болғаны көрсетілген.

Ауылшаруашылығы
34-сурет. Қазақстан астанасын ауыстыру картасызбасы
35-сурет. Картасызбадағы қозғалыс бағыты. Муссон циркуляциясының облысы
36-сурет. Африканың табиғат зоналары картасы


Картамен жұмыс

Картасызба құрастыр.

1.Өздерің тұратын жердегі қандай да бір нысан, құбылыс немесе үдеріс құрылымын көрсететін картасызба құрастырып, өз жұмыстарыңды ұсыныңдар.​


Картамен жұмыс

Картасызба құрастыр.

1.Өзің тұратын жердің қандай да бір нысандарының қасиетінің өзгеріс немесе қозғалыс картасызбасын құрастыр.​


Картамен жұмыс

​Картасызба құрастыр.

1.Өздерің тұратын жердің қандай да бір кезеңдегі үдерісінің картасызбасын құрастырыңдар.​


Картамен жұмыс

​​Картасызба құрастыр.

1.Өздерің тұратын жердегі бір географиялық нысан қасиеттерінің басқа нысан немесе үдерістердің қасиеттеріне қатысты бір тәуелділігінің картасызбасын құрастырыңдар және жұмыстарыңды ұсыныңдар.​​

Картасызбалар қалай ресімделеді?

-1-

Картасызбаларды ресімдеудің тұрақты ережелері жоқ. Бұл параграфта тек ұсыныстар беріледі. Картасызбаларды мұқият ресімдеу қажет. Осының арқасында картасызбаны оның авторы ғана емес, мұғалім де, оқушылар да, ата-аналар да оқи алатын болады. Мәтіндер мен географиялық нысан атаулары міндетті түрде оқылатын болуы тиіс. Сондықтан картасызбадағы барлық жазулар қара түсті баспа әріптерімен, қатесіз және қысқартусыз беріледі. Картасызбаны құрастыру үшін қара және түрлі түсті қарындаштар, қара және түсті сия пайдалану қажет. Қағазды бүлдірмеу үшін және жазуды немесе таңбаны өзгерту мүмкіндігін сақтау үшін қарындашты қатты батырмау керек. Фломастер, маркер, акварель бояуы пайдаланылмайды. Бояу тым ашық болмауы тиіс. Өйткені қала, өзен-көлдер, сауда жолдары және т.б. атаулары көрінбей қалады. Әрбір картасызбада сол бөліктің жоғарғы жағына немесе ортаға жазылатын атауы болуы тиіс. Атау қысқа және қаралатын тақырыпқа сәйкес болуы керек.

-2-

 Картасызбаның төменгі оң бұрышына орындаушының аты-жөні мен сыныбын жазуға болады. Картографиялық нысандар картаға географиялық орналасуына сәйкес жазылуы тиіс. Картасызбаларда кескін жеңілдетіледі, контурлар біріктіріледі немесе мүлде жүргізілмейді. Маңызды, бірақ кіші нысандар кейде ірілеу етіп көрсетіледі. Барлық географиялық атаулар бас әріппен жазылады. Географиялық атауларды бұрмалаудан аулақ болу керек. Бұл үшін орындалған картасызбаны географиялық картамен салыстырған жөн. Географиялық нысан атауы бүкіл нысан бойымен бірдей орналасады. Нысанның атауы нысан шеңберінен шықпауы тиіс. Олардың ішінде бұл картасызбаның масштабына жазу үшін көлемі жеткілікті емес нысандарға бұл ереже жүрмейді.
Олардың ішінде бұл картасызбаның масштабына жазу үшін көлемі жеткілікті емес нысандарға бұл ереже жүрмейді. Мұндай жағдайда жазуды аталмыш нысанның қасына орналастыруға болады.​

-3-

Картасызбаға атауы сыймайтын географиялық нысандар масштабтан тыс белгілермен (сандар, әріптер) таңбаланады және олардың атауы түсінік сөздерге (легенда) жазылады. Нысанға қатаң таңылмаған географиялық атаулар кескін картаның жоғарғы және төменгі шегіне қатар жазылуы тиіс. Кейбір жағдайда атаулардың жалпыға бірдей қысқартулары берілуі де мүмкін. Географиялық нысандардың белгілері мен атаулары бір-бірін жауып тастамауы керек. Географиялық нысандардың кеңістіктегі орналасу ерекшеліктеріне сәйкес картада атауы көлденеңінен де, тігінен де орналасуы мүмкін. Көлемі үлкен географиялық нысандар (жазық жерлер, қыраттар және мемлекет өлшемі бойынша айтарлықтай ауқымды т.б. жерлер) көлденеңінен жазылады. Қандай да бір бағытқа созылып жатқан географиялық нысандар (сызықтық нысандар: өзендер, таулар) картаны төңкермей оқи алатындай етіп, олардың ұзындық бойына жазылады.

-4-

Ендікке созылып жатқан нысандар көлденеңінен, ал меридианалды созылып жатқандар тігінен жазылады. Бағытты көрсететін арнайы фигуралар немесе таңбаларды астына жазу нысанның қозғалысына сәйкес түсіріледі. Өзен атаулары өзеннің ағысы бойымен екі рет жазылады: өзен басына және өзеннің сағасына, егер өзен ұзын болса, үш рет жазылады. Өзен атауы оның ағысын жаппауы және оны қиып өтпеуі керек. Өнеркәсіп, электрстансы, елді мекендер орналасқан орталық атаулары тиісті пункт (нысан) нүктесінің сол немесе оң жақ түбіне қойылады. Атаудың жазуы қай пунктіге (нысанға) тиесілі екенін көрсететіндей орналасуы тиіс.
Егер пайдалы қазба алабы контурмен немесе шартты белгінің жанында​ бөлек және пайдалы қазба кен орны белгісімен көрсетілсе, онда пайдалы қазба алабының атауы таралу аймағының ішіне қойылады. Картасызбаға қызметтік жазбалар көлденеңінен орналастырылады.

-5-

Картасызбаларда табиғат және әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды түрлі шартты белгілермен және белгі, нүкте, таралу аймағы, сапалы фон (картограмманың), карта диаграммасы және т.б. тәсілдермен бейнелеу қалыптасқан. Картасызбалар үшін жалпыға бірдей шартты белгілерді пайдаланған жөн.
​Шартты белгілерге қойылатын басты талаптар:
​– оқуға ыңғайлы және кескіндер қарапайым болуы тиіс;
​– картада шамадан тыс көп болмауы тиіс (шартты белгілер нысанның мөлшерінен жүз есе үлкен/кіші);
​– тез танып айыратындай және бір-бірінен нақты ажырататындай болуы тиіс;
​– оңай оқылып, тез есте қалатындай болуы тиіс;
​– алып жатқан ауданы бойынша үнемді болуы;
​– нысанның орналасқан жерін дәл беруі тиіс.

-6-

Картасызбада бейнеленгеннің бәрі түсінік сөздерде (шартты белгілерде) қамтылуы тиіс, оның ішінде түс беру, штрих түсіру, белгілер, сілтемелер және т.б. Сілтемелер мүмкіндігінше аз болғаны жөн. Түсінік сөздер – картасызбаның міндетті элементі. Онда географиялық әдебиетте қабылданған шартты белгілер, сондай-ақ басқа түсіндірут материалы бар, бағандар мен реңк біркелкілігі, картасызбада сандық белгілердің мағынасын ашу және т.б. қамтылады. Түсінік сөздер жалпы кескінді жаппайтындай етіп картасызбаның төменірек жағында беріледі. Картасызба құрастыруға қойылатын талаптар тізбегі көп. Бірақ белгілі бір тақырып бойынша құрастырған кезде, олардың тек бір бөлігі ғана орындалады. Өйткені оны артық элементтермен тым толтырудың қажеті жоқ. Картасызбаның шынайы қолданылған элементтері жалпыға ортақ ережелермен ресімделуі тиіс. Картасызба құрастыру шығармашылық жұмыс екенін үнемі есте ұстау қажет. Ал шығармашылыққа шек қоя алмайсың.

-7-

Компьютерлік технологияның дамып, жаңа бағдарламалардың пайда болуына байланысты картасызба құру жұмысы бұрынғыдан әлдеқайда қызығырақ бола түсті. Дайын электронды карталарға үдерісті белгілейтін графикалық элементтер, өзара байланыстар мен өзара тәуелділікті қоюға болады. Нысандарды үш өлшемді кескіндеме түрінде көрсетуге, жаңа элементтер қосуға т.б. болады.

 Ойыңды тұжырымда

Жеке жұмыс

Сұрақтарға ауызша жауап беріп, тапсырмаларды орында.

  1. Картасызбаны не үшін құрастырады?
  2. Картасызбада нысандар, құбылыстар мен үдерістер қалай бейнеленеді?
  3. Картасызбаны компьютерде жасауға бола ма?
  4. Картасызба жасау шығармашылық жұмыс болғанына қарамастан, неліктен бәріне ортақ шартты белгілерді пайдалану керек?
  5. Жеке мақсатта картасызба құрастыру тәжірибелерің туралы әңгімелеңдер.
  6. § 6 параграфты оқу барысында «Аумақтың қай бөліктері тазартуды және ландшафтылық дизайнды қажет етеді?» тақырыбында жүргізген далалық зерттеудің нәтижесі бойынша бір картасызба құрастырыңдар.
  7. Картасызба құрастыру кезінде туындаған қиындық туралы айтып беріңдер. Қиындықтар не себепті туындады және оларды қалай жоюға болады?
  8. Зерттеу нәтижелерін ұсынуда картасызбаның қандай артықшылықтары бар?
Өтінемін күте тұрыңыз