Географиялық зерттеулердің қорытындысын қалай көрсетуге болады?

Жаңамен танысу 

​Сен географиялық нысандардың қасиеттері туралы мәлімет аласың; құбылыстар мен үдерістерді графикалық түрде (сызба, диаграмма, профиль, графика) кескіндеуді үйренесің.

Географиялық нысандар, құбылыстар мен үрдістердің қорытындысын қалай көрсетуге болады?

Мәселен, көктемде өзен арнасына су толады, жаздың ортасынан күзге қарай су деңгейі төмен түседі, қыста өзен бетіне мұз қатады және көктем басталғанда қар еріп, сең жүреді. Жекелеген құбылыстардың мұндай тізбегі үдеріс деп аталады. Көптеген қалалар қолайлы табиғи жағдайлары бар жерлерде пайда болады. Тұрғындар санының артуына қарай қала аумағы үлкейеді, ал ауылдық жерлердегі тұрғындар саны кемиді. Бірақ қалада экономикалық дағдарыс болғанда жұмыс азайып, тұрғындар басқа жерлерге көшеді және қалалар ескіреді. Кейде мұндай қалалар біртіндеп құриды. Бұл да – жекелеген құбылыстардың әсерінен халық санының, қала аумағының кемуі немесе артуынан тұратын экономикалық-географиялық үдеріс.

Есіңде сақта!

Географиялық нысан – жердің беткі қабатының белгілі бір ұдайы қалыптағы тұтас және айтарлықтай тұрақты элементі.
Құбылыстар – географиялық нысандарға қатысты өзгерістер.
​Үдеріс – географиялық нысанның дамуындағы жағдайлар, құбылыстардың біртіндеп ауысуы. Көптеген географиялық нысандар пішінін, өлшемін, орналасқан жерін, агрегаттық күйін, кейде өз құрамын өзгертеді. Бұл құбылыстар көбінесе белгілі бір уақыт ішінде (немесе уақыттан кейін) болады. Мұндай жағдайда біз үдерісті бақылаймыз.

Географиялық құбылыстар мен үрдістер

Есіңде сақта!

Көптеген географиялық нысандарда алуан түрлі құбылыстар мен үдерістер жүреді. Олар физикалық және химиялық деп екі түрге бөлінеді.

Физикалық құбылыстар – жаңа заттар қалыптаспайтын, бірақ өлшемі, пішіні, орналасуы, денелердің агрегаттық күйі өзгеретін құбылыстар.

Механикалық құбылыстар – бір-біріне қатысты қозғалыстар кезінде (Жердің Күнді айнала қозғалуы, ауа массаларының қозғалысы, литосфералық тақталардың соқтығысуы) физикалық денелермен болатын құбылыстар.

Электр құбылыстары – электр зарядтарының пайда болуы, әрекет етуі, қозғалыстары мен өзара байланыстары (найзағай, Эльма оттары) кезінде туындайтын құбылыстар.

Магниттік құбылыстар – физикалық денелерде магниттік қасиеттердің пайда болуымен байланысты құбылыстар (тұсбағдар тілінің солтүстікке бұрылуы).

Оптикалық құбылыстар – жарықтың таралуы, сынуы және шағылысуы кезінде пайда болатын құбылыстар (кемпірқосақ, сағым, көлеңкенің пайда болуы).

Жылу құбылыстары – физикалық денелердің қызуы және сууына байланысты құбылыстар (тұманның пайда болуы, судың мұзға айналуы).

Биологиялық құбылыстар – жанды табиғат денелерімен, яғни организмдермен болатын барлық құбылыстар. Оларға дәннің өнуі, гүлдеуі, жемістердің түйіндеуі, жапырақтың түсуі, жануарлардың қысқы ұйқыға кетуі, құстардың жылы жаққа ұшуы жатады.

Химиялық құбылыстар – бір заттан екінші зат қалыптасатын құбылыстар. Мысалы, ағаш көмірі белгілі бір жағдайларда таскөмірге айналады. 

Географиялық нысандарды, құбылыстар мен үдерістерді зерттеу кезінде белгілі бір уақыттағы олардың қасиеттерін өлшеп, сипаттап қана қоймай, олардың уақыт өте келе өзгеретінін көрсету маңызды.
​Қажетті дағды – географиялық нысан, құбылыс пен үдерістердің қасиеттерін тіпті ауызша немесе жазбаша түсіндірусіз бірден көрсететін графикалық материалдар құру шеберлігі (машығы). Ақпарат берудің графикалық түрі өте ыңғайлы. Қабылдауға жеңіл болғандықтан, ақпарат берудің графикалық тәсілдерінің бәрі субъектіге, үдеріске және т.б. көзге көрінетін кез келген ойға қонымды нысанға пішін беру үшін қолданылады. Олар үнемі мәтінге қосымша беріледі. Сапалы жасалған графикалық материал, әсіресе сызба, ақпараттық графика күрделі ақпаратты айтарлықтай жеңілдетеді және қабылдауды жеделдетеді. Ақпарат берудің графикалық тәсілі таныстырылым өткізу үшін пайдаланылады.

Есіңде сақта!

Таныстырылым тәсілі кейбір аудиторияға мәліметтер таныстыруға арналады (мәселен, баяндама шеңберінде). Ақпарат берудің зерттеу әдістері мәліметтер жинағын талдау және өңдеу үшін, мәселен, олардағы заңдылықтарды табу мақсатында пайдаланылады.

Графика түрлері

-1-

Нысан, жекелеген құбылыстардың қасиеттерін және үдерістердің сипатын көрсетудің графикалық түрлері: сызба, профиль, диаграмма, графика. Географиялық нысан қасиеттерін барынша толық көрсету үшін кейде зерттеушілер бір емес, графикалық ақпарат берудің бірнеше тәсілдерін пайдаланады. Бұл не үшін қажет? Тәсілдердің әрқайсысында қандай да бір кемшілік болуы мүмкін.
​Мұны мынадай мысалмен түсіндірейік. Географ бір газетке мәтін түрінде мақала берді. Онда күзгі ауа райына сипаттама жасалған.

23-сурет.Мақала

-2-

Бұл мәтін бойынша жергілікті жердің қандай компоненттерден тұратынын, өсімдігі қандай, бедердің қандай пішіні басым екенін елестету мүмкін емес. Ол жердің сипаттамасын көрсету үшін күзгі көрініс фотосуретін қоса берді.

24-сурет. Күзгі көрініс

-3-

Бірақ бұл фотосуреттен ауа райының қалай өзгергенін, желдің қалай және қай бағытта соққанын, тұманның қалай түскенін, атмосфералық қысым бірнеше тәулік және бірнеше күн бойы қандай болғанын көре алмайсың. Сондықтан географ бұл мәліметті мәтін, сурет, сандар, шартты белгілермен бірге қосындысымен ұсынады.

25-сурет. Сайт скриншоты www.gismeteo.ru

Графикалық ақпараттың бұл түрі ақпараттық графика деп аталады.

1. Күзгі ауа райында қайсысы құбылыс, ал қайсысы үдеріс болып табылады?

2. Күзгі ауа райы қандай қасиеттерге ие? Олардың қайсысын сапалық, ал қайсысын сандық тұрғыдан сипаттауға болады? Қандай қасиеттерді өлшеуге, қандай қасиеттерді тек бағалауға болады?

3. Әрбір ақпарат беру тәсілінің – мәтін, фотосурет, ақпараттық графиканың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтаңдар.

4. Бір есепте графикалық ақпарат берудің бірнеше тәсілін бірден пайдалануға бола ма?

Сызба, профиль, диаграмма, графика

Сызба – географиялық нысан, құбылыс пен үдерістердің құрамы мен құрылысын (құрылымын), олардың құрамдас бөліктері арасындағы байланысты шартты белгілер түрінде көрсететін қарапайым сурет (26-сурет). Көбінесе масштабты сақтамай орындалады.

26-сурет. Тау биіктігінің белдеулігі

Профиль – географиялық нысандардың құрылымын белгіленген бағыт бойынша тік тілікте көрсететін сурет (27-сурет). Оның екі білігі мен екі масштабы болады. Көлденең масштабтың көмегімен жазық білігі бойынша қашықтық өлшенеді. Ал тік масштабтың көмегімен көлденеңнің (горизонталь) үстінен немесе астынан тік сызық бойынша қашықтық өлшенеді. Профильдердің дерлік бәрі тік масштабпен салыстырғанда, ұсағырақ көлденең масштабқа ие. Профильдер мен сызбаларда табиғат элементтерінің әртүрлі саны көрсетіледі. Кешенді физикалық-географиялық профильдер табиғаттың негізгі компоненттерін және олардың өзара байланысы мен өзара шарттылығын көрсетеді (бедер, геологиялық құрылым, пайдалы қазбалар, климат, топырақ, өсімдіктер мен жануарлар әлемі).

27-сурет. Өзен аңғарының профилі

Диаграмма – нақты үдерістер мен құбылыстардың өзара байланыстарын сипаттайтын сандық көрсеткіштер сызба түрінде кескінделген нұсқалар (28-сурет). Ол ақпаратты геометриялық символдық түрде бейнелейді.

28-сурет. Жылдық жауын-шашын мөлшері

Графика – қисық сызықтардың көмегімен географиялық нысан, құбылыс пен үдерістердің сандық көрсеткіштерінің өзгеруін бейнелейтін диаграмма (29-сурет). Ол қандай да бір шаманың (мәселен, температураның) басқасына (мәселен, уақытқа) тәуелділігін көрнекі түрде бейнелеу үшін пайдаланылады.

29-сурет. Бір ай ішіндегі қысымның өзгеру графигі

1. 27-суретте көрсетілген нысандардың қайсысы үшін профиль құрастыруға болады? 

2.Қай жыл мезгілінде жауын-шашын көп болады? 

3. 29-сурет мәліметтері бойынша қысымның температураға тәуелділігі қалай білінетінін анықтаңдар. 

Өздік жұмыс

25-сурет бойынша төменде берілген мәліметтерді көрсететін сызба құрастыр: 1. Жел тармақтары.
​2. Бұлттанудың айналма диаграммасы.
​3. Қысымның температураға тәуелділік графигі.
​4. Ауа райының элементтері мен құбылыстары.

Ойыңды тұжырымда

өзің тұратын жердің географиялық нысандары;

тұратын жеріңе тән географиялық құбылыстар:

а) механикалық құбылыстар;

ә) электр құбылыстары;

б) магниттік құбылыстар;

в) оптикалық құбылыстар;

г) жылу құбылыстары;

ғ) биологиялық құбылыстар;

д) химиялық құбылыстар;

е) әлеуметтік-экономикалық құбылыстар.

тұратын жеріңе тән географиялық үдерістер.

1. Графикалық деректер ұсыну тәсілінің әрқайсысының артықшылықтары мен кемшілігін атаңдар. 

2. Жүргізілген зерттеу туралы есептерде әрбір графикалық тәсілдің​ кемшілігін қалай толтыруға болады? 

​3. Ақпаратты графикалық ұсыну тәсілдерінің қайсысы дала жағдайында, ал қайсысы деректерді ғылыми өңдеу кезеңінде жүзеге асырылады? 

4. Далалық зерттеулері кезінде жинақталған мәліметтерді кабинет жағдайында өңдеген және олардың бір бөлігін графикалық тұрғыдан ұсынған неліктен өте маңызды? 

5. § 2 параграфта айтылған ғалымдар мен саяхатшылардың географиялық нысан, құбылыс пен үдерістер туралы мәліметтерді ғылыми өңдеу және графикалық жолмен ұсынумен айналысқанын қандай дәйектер дәлелдейді? 

6. Ақпаратты графикалық түрде беру үшін қандай құрал-жабдық, материалдар қажет екенін анықтаңдар. Қандай білім, білікті дамыту қажет? Қай пәндер бойынша білім осы географиялық қызмет үшін өте қажетті болады? Сендердің қандай білім, біліктіліктерің бар? 

Фотосуретпен, сызбамен жұмыс

1. Таңдаған нысандардың фотосуретін көрсетіңдер. ​

2. Сызба немесе профиль түрінде олардың құрамы мен құрылымын көрсетіңдер. ​

3. Олармен байланысты құбылыстарды ақпараттық графика, диаграмма және графиктер түрінде көрсетіңдер. ​

4. Үдерістердің бірін сызба түрінде көрсетіңдер.​

Өтінемін күте тұрыңыз