География ғылымы қалай дамыды?

Жаңамен танысу:

Сен география ғылымының даму жолымен таныса отырып, ​"Географиялық зерттеулер не үшін қажет? ​Географияның дамуына қандай саяхатшылар мен ғалымдар үлес қосты?" деген сұрақтарға жауап аласың.

Қажеттілік деген не?

Адамның кез келген іс-әрекеті белгілі бір қажеттіліктен туындайды.
Қажеттілік – белгілі бір тіршілік жағдайын, қызметті, материалдық нысандарды, адамдарды немесе белгілі әлеуметтік түрткіжайттарды (факторларды) қажет ету.

Адам қажеттілігі

Қажеттілік

Мысал

Физиологиялық (биологиялық) қажеттіліктер

Адамның тамақтану, су ішу, қалыпты температура режімі мен ауа ылғалдылығына, демалуға

деген қажеттілігі.

Қауіпсіздік пен тұрақтылықты қажет ету

Адамның өзіне ешқандай қауіптің келмейтініне сенімділік.

Сатып алу, жинақтау және басып алу қажеттілігі

Материалдық құндылықтар сатып алу қажеттілігі.

Адам қажеттілігі

Қажеттілік

Мысал

Басқа адамдармен қарым-қатынас жасау қажеттілігі

Басқа адамдармен араласу, қандай да бір топқа қатысты болу қажеттілігі.

Құрмет пен танылу қажеттілігі

а) мықты және өзіне сенімді
болуға талпыну
ә) жоғары беделге ие болуға, қоғамда жоғары орын иеленуге және билікке талпыну.

Тәуелсіз болу қажеттілігі

Жекебас еркіндігінің басқа адамдардан және сырт жағдайлардан тәуелсіз болуға қажеттілігі.

Адам қажеттілігі

Қажеттілік

Мысал

Жаңашылдық қажеттілігі

Жаңа ақпарат алуға талпыну. Бұған бір нәрсе білуге және істей алуға деген қажеттілік те жатады

Қиындықты жеңу қажеттілігі

Тәуекелге бел буу, оқиғаларды бастан кешу, қиындықтарды жеңу қажеттілігі.

Әдемілік пен үйлесімділікке деген қажеттілік

Тәртіпті, үйлесімділікті, әдемілікті қажет ету.

1. География қажеттілікті шешуге қалай көмектесті және көмектеседі?

2. Географиялық білімдеріңнің қандай пайдасы тигені туралы өз өміріңдегі оқиғаларға мысал келтіру арқылы жауапты толықтырыңдар. Дәйекті жауаптарыңды сыныпқа ұсыныңдар.

Мемлекет қажеттілік

Есіңде сақта!

Қажеттілік жеке адамда ғана емес, тұтас қоғамда немесе мемлекеттерде пайда болады. Әрбір мемлекет өз қызметін жүзеге асыру үшін адамдарды және түрлі заттарды қажет етеді. Кез келген мемлекетке тәуелсіздік, аумақ, билік, тұрғындар қауіпсіздігі, шаруашылық, ресурстар қажет.

Мемлекет қажеттілігі

Мемлекетке тәуелсіздік өз дамуының барлық мәселелерін өзі шешу үшін және басқа мемлекеттерге бағынышты болмау үшін қажет.

Аумақ – мемлекеттің тұрғындар қоныстанған кеңістігі. Аумақ адамдар тұратын, шаруашылығы мен мүлігін орналастыратын кеңістіктің болуы үшін қажет. Ол құрлықты, жер қойнауын, су және әуе кеңістігін, құрлықтық қайраңды және т.б. қамтиды.

Аумақсыз мемлекет жоқ және болмайды.

Халық – мемлекет аумағында өмір сүретін адамзат қоғамы. Кез келген мемлекеттің дамуындағы ең басты түрткіжайт – оның халқы. Халық еңбек етеді, шаруашылық жүргізеді, тауар шығарады, сатып алады, салық төлейді, елді қорғайды. Халықсыз мемлекет болмайды.

Мемлекетке адамдарға ықпал ету үшін және қоғам, экономика, мәдениетті дамыту үшін билік қажет.

Қауіпсіздік – мемлекеттің, оның азаматтарының өмірлік маңызды мүддесінің, шаруашылық пен табиғаттың қауіп-қатерден қорғалуы.

Шаруашылық – мемлекет ішінде, тіпті одан тыс жерлерде өз жұмысы арқылы халық сұранысын қанағаттандыратын барлық кәсіпорындар мен мекемелер. Ел шаруашылығының (экономиканың) басты міндеті – халықты азық-түлікпен, киім-кешекпен, басқа да материалдық игілікпен және қызмет түрлерімен қамтамасыз ету.

Ресурстар – шаруашылық қызметке ықпал ететіннің барлығы: табиғи ресурстар (жерүсті, қазба, суасты); адам ресурстары, олардың қабілеттері, тауар өндіруге мүмкіндік беретін игіліктер.

Мемлекет қажеттігі

Оларды қамтамасыз етудегі географияның рөлі

Тәуелсіздік

Аумақ

Билік

Тұрғындар

Қауіпсіздік

Шаруашылық

Ресурстар

Географиялық ғылым құрылымы

Географиялық білім жинақтала келе, адам мен мемлекеттің белгілі бір қажеттіліктерін мақсатты түрде қамтамасыз ететін географияның салалары пайда болды.

Географиялық ғылым құрылымы

-1-

География бөлімі: Жертану

Арнайы зерттеу нысаны: Жердің географиялық қабығының құрылымы мен дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейді.

-2-

География бөлімі: Геоморфология

Арнайы зерттеу нысаны: Жер бетінің құрылымын, шығу тегін, даму тарихын және жер бедерінің қазіргі өзгерістерін зерттейді.

-3-

География бөлімі: Климатология

Арнайы зерттеу нысаны: Жер климаттарын, олардың жіктелуін, таралу және даму заңдылықтарын зерттейді.

-4-

География бөлімі: Гидрология

Арнайы зерттеу нысаны: Су кеңістігін – табиғи суларды, онда болып жатқан құбылыстарды, олардың таралу заңдылықтарын зерттейді.

-5-

География бөлімі: Топырақтану

Арнайы зерттеу нысаны: Топырақ таралу заңдылықтарын, біртекті емес топырақтың үстіңгі қабатын зерттейді, топырақты аудандастыруды жүзеге асырады.

-6-

География бөлімі: Биогеография

Арнайы зерттеу нысаны: Өсімдік қабаты, жануарлар әлемінің таралу, биоценоздардың қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.

-7-

География бөлімі: Геоэкология

Арнайы зерттеу нысаны: Адамның тіршілік ету ортасының табиғат ерекшеліктерімен өзара байланысын, табиғи жүйелердің жағдайын, экологиялық ахуалды зерттейді.

-8-

География бөлімі: Медициналық география

Арнайы зерттеу нысаны: Табиғи және әлеуметтік-экономикалық түрткіжайттардың тұрғындар денсаулығына тигізетін әсерін, қоршаған ортамен байланысты ауру себептерін, адамның күрделі тіршілік жағдайына бейімделу мәселесін, ландшафтың адам денсаулығына оң ықпалын зерттейді.

-9-

География бөлімі: Рекреациалық география

Арнайы зерттеу нысаны: Тұрғындардың ұйымдасқан демалысының географиялық аспектілерін зерттейді. Оның міндетіне кіретіндер: табиғи нысандарын (орман, өзен-көл, теңіз жағалаулары) бағалау, демалыс үйлерінің, туристік базалардың, қоныстардың орналасуын, туристік бағыттарды жобалау.

-10-

География бөлімі: Картография

Арнайы зерттеу нысаны: Карталарды құрастыру және пайдалану әдістерін зерттейді.

-11-

География бөлімі: Экономикалық география

Арнайы зерттеу нысаны: Қоғамдық өндірістің аумақтық ұйымдастырылуын, түрлі елдер мен аудандар шаруашылығының аумақтық-экономикалық құрылымын құру ерекшеліктерін зерттейді.

-12-

География бөлімі: Саяси география

Арнайы зерттеу нысаны: Аймақтар мен елдерді, олардың аудан, қала және ауыл аймақтарын дамытудың әлеуметтік-экономикалық, тарихи, саяси, этномәдени және табиғи ерекшеліктеріне байланысты саяси күштердің аумақтық орналасуын зерттейді.

-13-

География бөлімі: Халық географиясы

Арнайы зерттеу нысаны:Халықтың құрылымы, орналасуы және аумақтық ұйымдастырылуын зерттейді.

-14-

География бөлімі: Өнеркәсіп географиясы

Арнайы зерттеу нысаны: Өнеркәсіп орындарының аумақтық құрылымын, өнеркәсіпті дамыту заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейді.

-15-

География бөлімі: Ауылшаруашылық географиясы

Арнайы зерттеу нысаны: Ауылшаруашылық өндірісінің заңдылықтары мен аумақтық әртүрлілік ерекшеліктерін, ауылшаруашылығының өндірістік түрлерін, жіктелуі мен жерлерін картаға түсіру, ауылшаруашылықты аудандастыруды зерттейді.

-16-

География бөлімі: Көлік географиясы

Арнайы зерттеу нысаны: Көліктің аумақтық құрылымын, оның орналасу заңдылықтары мен ерекшеліктерін, аумақтың көлікпен қамсыздандыру деңгейін, көліктік желілер мен жүйелердің, жүк және жолаушылар ағынының қалыптасуын зерттейді.

-17-

География бөлімі: Табиғи ресурстар географиясы

Арнайы зерттеу нысаны: Табиғи ресурстардың жеке түрлерін және олардың үйлесімін, ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын зерттейді; шаруашылықты дамыту ресурстарының орналасуын зерттейді.

-18-

География бөлімі: Дүниежүзілік шаруашылық географиясы

Арнайы зерттеу нысаны: Осы шаруашылықты құрайтын салаларға және оларға кіретін өндірістерге кеңістіктік талдау жүргізумен, әлемдік экономикалық жүйенің субъектілері (елдер, фирмалар) арасындағы кеңістіктік экономикалық қатынастарды зерттеумен айналысады.

-19-

География бөлімі: Әлеуметтік география

Арнайы зерттеу нысаны: Кеңістіктегі үдерістерді және еңбек, тұрмыс, демалыс, адам тіршілігінің жалғасу тұрғысынан адам өмірін ұйымдастыру мәселесін зерттеумен шұғылданады.

Жауаптарыңды кестеде дәлелдермен толықтырыңдар.

География бөлімі

Адамдардың қажеттілігі

Мемлекеттің қажеттілігі

Жертану

Геоморфология

Климатология

Гидрология

Топырақ географиясы

Биогеография

Геоэкология

Жауаптарыңды кестеде дәлелдермен толықтырыңдар.

География бөлімі

Адамдардың қажеттілігі

Мемлекеттің қажеттілігі

Картография

Экономикалық география

Әлеуметтік география

Саяси география

Халық географиясы

Жауаптарыңды кестеде дәлелдермен толықтырыңдар.

География бөлімі

Адамдардың қажеттілігі

Мемлекеттің қажеттілігі

Өнеркәсіп географиясы

Ауылшаруашылық географиясы

Көлік географиясы

Табиғи ресурстар географиясы

Дүниежүзілік шаруашылық географиясы

Жауаптарыңды кестеде дәлелдермен толықтырыңдар.

География бөлімі

Адамдардың қажеттілігі

Мемлекеттің қажеттілігі

Медициналық география

Рекреакциялық география

География тарихы

Ауыр жолдан өткен география тарихының дамуы үш кезеңді басып өтті:

1-ші – ерте заманнан XVIII ғасырдың ортасына дейінгі кезең. Біздің ғаламшар мен жер беті туралы мәліметтер жиналды. Кезең соңындағы Ұлы географиялық жаңалықтар ашу дәуірінде құрлықтар, мұхиттар және ірі өзендер туралы жалпы түсініктер қалыптасты.

2-ші – XVIII ғасырдың ортасынан XX ғасырдың басына дейін. Бұл уақытта жаратылыстану ғылымдары жіктеліп, Жер туралы басқа ғылымдардан бөлініп шықты. Жалпы географиядан климатология, топырақтану, геоморфология ерекшеленді. Әртүрлі ұсақ масштабты географиялық карталар пайда болды. Сол уақыттың ғалымдары экспедиция кезінде жинақталған мол деректі материалдарды өңдей отырып, география ғылымын бекітіп, географиялық құбылыстардың заңдылықтары мен себептерін анықтады.

3-ші – XX ғасырдың басынан осы күнге дейін. Осы кезеңнің басында Жер ғаламшары географиялық жағынан жеткілікті түрде зерттелген болатын. Бірақ Жердің барлық «ақтаңдақтарын» жабу үшін, жетуге жолы қиын аймақтарды (полярлы, биік таулы, тропиктік елдер) зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр. Дүниежүзілік мұхитқа басты назар аударылып жатыр. Заманауи географиялық зерттеулер мынандай жаңа әдістерге сүйенеді: аэроғарыштық түсірілімдерді енгізу, электроника және лазер сәуцлелері секілді жаңа құралдар қолдану.

Географиялық зерттеулердің негізгі жетістіктері

Географиялық зерттеулердің негізгі жетістіктері мыналар:

-1-

Жаңа жерлер мен нысандар, бұрын беймәлім болған табиғаттың даму заңдарының анықталуы.

-2-

Жаңа бағыттар мен жолдар, елдер мен халықтардың сипаттамасының анықталуы.

-3-

Пайдалы қазбалардың жаңа кеніштері мен түрлі табиғи ресурстар шоғырланған жерлердің анықталуы.

-4-

Табиғат пен қоғам туралы білім алудың жаңа тәсілдерінің анықталуы.

-5-

Жаңа құралдар, техника және технологияның анықталуы.

-6-

Алуан түрлі географиялық карталарды жасау жолдарының анықталуы.

-7-

Табиғатты игерудің жаңа әдістері мен экологиялық проблемаларды шешу жолдарының және көптеген басқа нәрселер т.б. анықталуы.

Қосымша ақпарат

Географиялық зерттеулермен кім айналысады?

-1-

География адамдар мен мемлекеттер үшін ғылым екенін анықтадық. Ал географиялық зерттеулермен кім айналысады? Олармен де географ-мамандар айналысады. Оларды географ-ғалымдар, зерттеушілер, табиғат зерттеушілері және саяхатшылар деп атайды. Адамзат өзін толғандырған көптеген сұрақтарға жауап алу үшін табиғатты, елдерді, жанды табиғат әлемін, табиғат құбылыстарын, құпия нысандарды зерттеді. Өз зерттеуінде олар нақты нәтижеге жету үшін жаңа құрал-жабдықтар, аспаптар мен техникалар жасап шығарды. 

-2-

Саяхаттары мен экспедициялары, тәжірибелері мен сынақ жұмыстарының нәтижелерін тартымды кітаптарда, ойдан құрастырған карталарда, көптеген сызбалар мен суреттерде баяндады. Техника және технологияның дамуымен географтар өз зерттеулері жайында қызықты деректі фильмдер түсіре бастады. Географ-ғалымдар мен саяхатшылардың көптеген жетістіктері ғасырлар мен сан мың жылдар өтсе де, өзектілігін жоймайды.

Ежелгі және біздің заманымыздың әйгілі географ-ғалымдары және саяхатшылары


Эратосфен (шамамен б.ғ.б. 275–194) – ежелгі ғалым, астроном, географ және математик. Ғылыми географияның негізін қалаушы. Оның үш кітаптан тұратын «Географиясында» географиялық жаңалықтар тарихы қамтылды, «Жер домалақ пішінді» деген болжам және жердің беткі қабатының сипаттамасы, географияда бірқатар физикалық әрі математикалық проблемалар қарастырылды. Эратосфен «Жер өлшемі туралы» трактат жазды. Әдіс шамамен күннің тоқырау сәтінде бір меридианда жатқан Сиена (Египеттің оңтүстігінде) мен Александриядағы Күннің биіктігін бір уақытта өлшеуге негізделді. Ол есептеп шыққан Жер диаметрі шын мәніндегі полярлық диаметрге қарағанда небәрі 80 км ғана кем болған. Бұл еңбекте сол сияқты Күн мен Айдың мөлшері, оларға дейінгі қашықтық, Күн мен Айдың тұтылуы, географиялық ендікке байланысты бір күннің ұзақтығы қарастырылып, бағаланды.

Эратосфен



Страбон (б.з.б. 64 немесе 63 – б.з. 23/24 ж.) – ежелгі грек тарихшысы және географы. Көп саяхаттаған. «География» кітабының авторы (17 кітап). Бұл кітаптарда Рим империясы мен оған шегаралас елдер сипатталады. Страбонның пайымдауынша: «Жер шар тәрізді, оның айналасында Күн мен ғаламшарлар айналып жүреді. Құрлық Еуропа, Азия және Африкадан құралып, ұзынынан созылып жатқан және шығыстан батысқа қарай тарыла түсетін, айналасын су қоршаған біртұтас материктен тұрады».

Страбон


Марко Поло (1254–1324) – италиялық көпес әрі саяхатшы. Оның «Дүниежүзінің алуантүрлілігі туралы кітабы» азиялық елдердің зерттеулеріне ерекше ықпал етті. Бұл кітап – география, этнография, Армения, Иран, Қытай, Қазақстан, Моңғолия, Үндістан, Индонезия және өзге елдердің орта ғасырдағы тарихы жөніндегі құнды дереккөз. Марко Поло кітабы төрт бөлімнен тұрады. Біріншісі Марко Полоның Қытайға сапары кезінде жолшыбай барған Таяу Шығыспен Орталық Азия аумағын сипаттайды. Екінші бөлімде Қытайға сипаттама берілген. Үшінші бөлімде Жапония, Үндістан, Шри-Ланка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Африканың шығыс жағалауы қамтылған. Төртінші бөлімде моңғолдар мен олардың солтүстік көршілері арасындағы қақтығыс сипатталады.

​Марко Поло


 Меркатор (1512–1594) – фламандық картограф және географ. Жер мен Айдың глобустарын құрастырумен, дәлдігі жоғары оптикалық құралдар дайындаумен, сондай-ақ география мен астрономияны оқытумен айналысқан. Палестинаның алты беттік картасын, дүниежүзілік картаны шығарған. Картада ол алғашқы болып ұзақ уақыт күмән тудырған оңтүстік материктің орналасқан жерін көрсеткен. Фландрия, Лотарингия, Британ аралдарының картасын құрастырды. Меркатор – 15 бет болып жарық көрген Еуропа картасында алғаш рет Жерорта теңізінің кескінін дұрыс көрсеткен ғалым. Бірінші атласты ойлап тапты. Меркатор карталар жиынтығын белгілеу үшін «атлас» терминін алғаш ұсынды. Оның атласының бірінші бөлімі Франция, Германия мен Бельгияның 51 картасын, екінші бөлімі Италия мен Грекияның 23 картасын, ал үшіншісі Британ аралдарының 36 картасын қамтыған.

Меркатор

 
​Фернан Магеллан
(шамамен 1480–1521) – португалдық теңізші, ол тұңғыш дүниежүзілік теңіз саяхатын ұйымдастырды. Оңтүстік Американың атланттық жағалау бөлігін, өзі жүріп өткен Атлантикадан Тынық мұхитқа дейінгі өткелді алғаш болып ашты. Магеллан біртұтас Дүниежүзілік теңіздің барын дәлелдеді және Жердің шар тәрізді екенін тәжірибе жүзінде айғақтады. Тынық мұхитқа атау берді.

​Фернан Магеллан


Христофор Колумб (1451–1506) – әйгілі жиһанкез, Саргассов теңізі мен Кариб теңізін, Багам аралдары мен Антиль аралдарын, Оңтүстік Американың солтүстік жағалау бөлігін және Орталық Американың карибтік жағалау сызығын алғаш ашқан адам. 1492–1493 жылдары Колумб Үндістанға шығатын қысқа теңіз жолын іздеу үшін испан экспедициясына жетекшілік етті. 3 каравеллада («Санта-Мария», «Пинта» және «Нинья») Атлант мұхитын кесіп өтті,Саргассов теңізін ашты және 1492 жылы 12 қазанда Саман аралына, кейіннен ежелгі Багам аралдары, Куба, Гаитиге жетті. Кейінгі жорықтарында (1493–1496, 1498–1500, 1502–1504) Үлкен Антиль, Кіші Антиль аралдарының бөлігі мен Оңтүстік және Орталық Америка жағалауларын, Кариб теңізін ашты.

​Христофор Колумб

 
Александр Гумбольдт (1769–1859) – неміс табиғат зерттеушісі, географ әрі саяхатшы. Еуропа, Орталық және Оңтүстік Америка, Орал, Сібір жерлерінің табиғатын зерттеген («Жаңа Дүниенің теңесу облыстарына саяхат»). Өсімдіктер географиясы мен тіршілік формалары туралы білімнің негізін қалаушылардың бірі. Тік зоналылық идеясын негіздеді, ортақ жертану, климатология негіздерін қалады. Гумбольдт туындылары эволюциялық идеялар мен жаратылыстанудағы салыстыру әдісінің дамуына үлкен ықпал етті.

Александр Гумбольдт


​Николай Николаевич Миклухо-Маклай (1846–1888) – орыстың атақты саяхатшысы. Ол – бұрын зерттелмеген Жаңа Гвинея мен Тынық мұхиттың басқа аралдарына бірнеше рет жорыққа аттанған, алғашқы тұрмыстық мәдениетті зерттеген, халықтар туралы құнды материалдар жинаған алғашқы саяхатшы. Оңтүстік Шығыс Азия, Аустралия және Мұхит аралдарының (1870–1880) жергілікті тұрғындарын, оның ішінде Жаңа Гвинеяның солтүстік-шығыс жағалауының (қазіргі Миклухо-Маклая жағалауы) папуастарын зерттеді. Өз саяхаттарында ол Индонезия мен Малайя, Филиппин, Аустралия, Меланезия, Микронезия мен батыс Полинезия халықтары туралы мол деректер жинақтады. Миклухо-Маклайдың зор жетістігі барлық нәсілдің теңдігін практикалық тұрғыдан дәлелдеуі болды.

​Николай Николаевич Миклухо-Маклай

 
 ​​Шокан Уалиханов (1835–1865) – қазақтың әйгілі шығыстанушы ұлы ғалымы, тарихшы, этнограф, географ, фольклоршы, аудармашы, саяхатшы. Шоқан Орта Азия халықтарының тарих, этнография, әдебиет және мәдениетін зерттеді. 1856–1857 жылдары Ш. Уәлиханов Іле жағалауындағы қырғыздар мен Ұлы жүз ауылдарына, Құлжаға ғылыми-зерттеу және этнографиялық жорық жасаған. Бұл сапарында ол аты әйгілі «Жоңғарияочерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапары күнделігі», «Үлкен қырғыз-қайсақ ордасының ескі аңыз әңгімелері» және қазақ халқына, оның мәдениеті мен әдебиетіне түбегейлі жаңа көзқарас қалыптасуына негіз болған басқа да еңбектер жазды. 1858–1859 жылдары Уәлиханов атақты сапарына – Қашқарияға, Қытайға аттанады. Осы сапары оған қайратты жаһангер және ірі ғалым атағын әкелді. Ол жорық қорытындысы бойынша «Алтышар немесе Қытайдың Нан Лу (Кіші Бұқар) (1858–1859) провинциясының шығыс қалаларының жағдайы туралы» есебін жазды. Бұл сапардың нәтижелері Шығыс Түркістан халықтарының тарихы, географиясы және әлеуметтік құрылымына арналған орыс, неміс, ағылшын және француз тілдеріндегі еңбектерде жарық көрді.

Шокан Уалиханов


 ​Василий Васильевич Докучаев (1846–1903) – орыс геологі және топырақтанушы, топырақтану және топырақтар географиясы мектебінің негізін қалаушы. Топырақтың ерекше табиғи дене екендігі туралы ілім құрастырды. Топырақтың түзілуі және орналасуының негізгі заңдылықтарын ашты

Василий Васильевич Докучаев


​Жак ив Кусто (1910–1997) – әйгілі француз мұхит зерттеушісі. Ол тарихқа Дүниежүзі мұхитын әйгілі зерттеуші ретінде ғана емес, талантты кинематографшы ретінде де енді. Оның еңбектері бүкіл дүниежүзі үшін су астындағы тіршілік сырын ашып берді. 1943 жылы Кусто мұхит зерттеулеріндегі жаңа кезеңнің негізін қалады: инженер Эмиль Ганьянмен бірге әлемдегі тұңғыш аквалангті ойлап тапты. Оның көмегімен су астына 90 метр тереңдікке дейін баруға болады. 1946 жылы аквалангтер өндірісі өнеркәсібі іске қосылды. Кейінірек Кусто бұрынғыдан да жетілдірілген фото және бейнекамералар мен жылдам бұрылатын шағын суасты қайықтарын жасап шығарды. Осы жаңалықтарының арқасында теңіз түбіндегі тіршілікті бақылау оңай болды.

Жак ив Кусто
Шоқан Уәлихановтың зерттеулері.

5. Олардың жетістіктері қандай проблемаларды шешу үшін пайдаланылды және пайдаланылып келеді? 

6. Қай ғалымдар мен саяхатшылардың зерттеу нәтижелері кері мақсатта пайдаланылуы мүмкін? Неге олай ойлайсыңдар? 

7. Ғалымдардың қайсысының зерттеу нәтижелері тек адамгершілік мақсатта пайдаланылады? Неге олай ойлайсыңдар? 

1. Саяхатшылар мен географтардың зерттеу нәтижелері неден көрінеді?

2. Олардың еңбектерінің нәтижесі адамдар мен мемлекеттердің қандай қажеттіліктерін қанағаттандырды? (2-кесте мен 1-сызба негізінде).

3. Жоғарыда аталған саяхатшы мен ғалымдардың еңбегін географиялық ғылымның қай саласына жатқызар едіңдер? (4-кесте негізінде).

4. Қай ғалымның немесе саяхатшының зерттеу нәтижелері бүгінгі күні өзектілігін жоймады? Неге олай ойлайсыңдар?

Картамен жұмыс

Кезеңмен, түрлі таңбалармен Страбоннан Жак Ив Кустоға дейінгі зерттеушілер мен саяхатшылар қамтыған аумақтарды кескін картада белгілеңдер. Бұл зерттеулердің аумағы туралы қандай қорытынды жасауға болады?

Кескін карта

Ойыңды тұжырымда

1. Географиялық зерттеулер адамдардан, қоғам мен мемлекеттен тыс жүргізіле ала ма?

2. Адамдарды географиялық зерттеулермен және саяхатпен шұғылдануға қандай қажеттіліктер ынталандырды? Қандай қажеттілік географтар мен саяхатшыларды әлемге әйгіледі?

3. Ежелгі кезден біздің заманымызға дейін мемлекет қажеттілігі қалай өзгерді?

4. Қазіргі кезде қоғам мен мемлекеттің қандай қажеттіліктері географиялық зерттеулер бағытын анықтау үшін барынша маңызды?

5. Географиялық зерттеулер мен саяхаттардың нәтижесі үнемі адамгершілік мақсатта пайдаланыла ма?

6. Географиялық жаңалықтардың кері салдарына мысал келтіріңдер.

7. География қашан да ізгілік жолында қызмет етуі үшін не істеуге болады?

8. Қандай географиялық жаңалықтар бір миллионнан астам адамның ​тағдырына оң ықпал етті? Жауаптарыңды дәлелмен негіздеңдер. Қосымша ақпарат көздерін пайдалануға болады.

9. Ғалымдар мен саяхатшылардың география ғылымының дамуына қосқан үлесін қандай өлшемдер бойынша бағалауға болады?

Белгілі ғалым немесе саяхатшының қосқан үлесін «өзекті-өзекті емес», «дәлелді-дәлелді емес», «ғаламдық-жергілікті», «оң-теріс», «тиімді-тиімсіз», «көп-аз» деген жүйе бойынша бағалаңдар. Келтірілген бағаның «үнемі шынайы бола бермейді», «орташа деңгей» және т. б. салыстырмалы деңгейін пайдалануға болады. Өз қалауың бойынша бағалаудың басқа әдістерін қолдануға болады.

Өтінемін күте тұрыңыз