2.3 Пайдаланушы интерфейсі

Пайдаланушы интерфейсінің қандай түрлері бар? Олар пайдаланушыға несімен ыңғайлы?

Жаңа білім

                    Ойлан

• Компьютердегі өзің пайдаланатын программалардың командаларын басқару ыңғайлы ма?
​• «Интерфейс» деген не?
​• «Компьютерлік эргономика» дегеніміз не?

   Интерфейс (ағылш. inter – өзара, face – бет жағы) – программалаушылардың кәсіби тілінде өзара әрекеттесу «ортасы», пайдаланушы мен компьютердің қарым-қаты-насы, яғни екі жүйенің немесе адам мен компьютердің өзара деректер алмасуын қамтамасыз ететін аппараттық-программалық құралдардың жиынтығы.
   ​Мұндай программалық құралдар тобымен экранда ашылған терезедегі мәзір арқылы компьютердегі программаларды басқаруға болады. Пайдаланушы компьютерді төмендегі тәсілдермен басқарады:
   • жүйелік объектілерді (файл, құрылғы терезе), мәзір мен командаларды бейнелеу үшін пиктограммаларды (белгішелерді) пайдаланады;​
   • объектілерді таңдау, белгілі бір іс-әрекетті бастау, терезені ашумен объектілерді жылжыту үшін көрсеткіш құрылғыларды, мысалы, тышқанды пайдаланады;
   • ​​экранды жұмыс үстелі немесе басқару тақтасы ретінде пайдаланады.
​   Мысалы, 1-суретте Windows 10 операциялық жүйесі жұмыс үстелінің интерфейсі берілген.
   ​Суреттен көріп тұрғандай, компьютердегі барлық негізгі программа жұмыс үстелінен-ақ сілтемелер мен пиктограммалар арқылы қолжетімді болып тұр.

Пайдаланушы интерфейсі (пользовательский интерфейс; user interface) – пайдаланушының компьютермен әрекеттестігін жасақтайтын программалық құралдар тобы.

1-сурет.

   Қазіргі кезде пайдаланушы интерфейсін ұйымдастыру-дың екі түрлі тәсілі қалыптасқан. Біріншісі ерте кезде қалыптасқан, пайдаланушыға жеке командалар түрінде жүктелетін, командалық тілді беретін тәсілден тұрады. Бұл тәсіл командалық жолдар интерфейсі (ағылш. Command Line Interface – командалық жолдар интерфейсі, CLI) деген атпен белгілі. Мысал ретіне MS DOS жүйесінің командалық интерфейсін алуға болады. Компьютердің С дискісіне ауысып, C:\dir командалар жолын орындағанда, С дискісінде орналасқан барлық бума мен файлдардың тізімі шығарылады (2-сурет).

   Бүгінгі таңда Command Line Interface командалық жол-дар интерфейсі өте аз қолданылады. Бұл интерфейске балама ретінде GUI-пайдаланушының графикалық интерфейсі көп тараған. GUI компьютерде пайдалану-шыға тінтуірдің немесе басқа да енгізу құрылғысының көмегімен экрандағы икон (icons) түріндегі кескіндермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. GUI пайдаланушыға дисплейде графикалық сурет түрінде көрсетілген элементтердің (мәзір, пиктограммалар, тізімдер т.б.) алуан түрлілігін қамтамасыз етеді.

2-сурет. MS DOS жүйесінің командалық интерфейсі

   Өткен ғасырдың 60-жылдарында Даг Энгельбартом Стэнфорд зертханасында GUI (пайдаланушының графи-калық интерфейсі) интерфейсін ойлап тапты. 70-жыл-дары ғалымдардың шешімімен XEROX PARK зертхана-сында да ПГИ концепциясы қабылданды. 1973 жылы XEROX PARK зертханасында бірқатар жас ғалымдар зерттеу жұмыстарына жұмылдырылды. Бұл жұмыстың нәтижесінде WIMP (Windows, Icons, Menus, Point-Click) графикалық интерфейс концепциясы жарық көрді.
   Интерфейстің нақ осындай түрі 1984 жылы Macintosh фирмасының компьютерлерімен бірге қолданылды. Кейіннен бұл әдіс дербес компьютерлерге арналған Windows-қа көшірілді, содан бері Windows үздіксіз сұранысқа ие.
   Заманауи ОЖ-ларды дайындаушылар әдетте екі тәсілді де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді. Олардың артықшылықтарын салыстырайық.​

   Командалық жолдың интерфейсіне қарағанда пайдала-нушының графикалық интерфейсі (GUI) экрандағы барлық объектіге кіруге мүмкіндік береді. GUI-де коман-далар метафора негізінде қолданылған  пиктограммалық объектілер түрінде орналасады. Бұл объектілер осы команданы қолданудың ерекшеліктерін көрсетіп тұрады. Мысалы, мәтіндік редактордағы ең танымал үш команда-лық объектінің бірінің қызметін алайық (2-сурет). Осы-лардың арасында ерекшеленген мәтінді кесіп алу үшін Кесу (Вырезать) командалық объектісі қолданылады.
   ​Бұл жерде объектінің пиктограммасы ретінде қайшы-ның суреті метафоралық тұрғыдан қойылған.
​ 2-суреттегі басқа кірістіру мен көшіру объектілеріне назар аударсақ, олар да өз суреттері арқылы команданың қызметін дәл көрсетіп тұрғанын байқаймыз. Мұндай интерфейс компьютерді үйрене бастаған пайдаланушы үшін өте қолайлы.

   25–30 жыл бұрын программалық қамтамасыз етуді таңдауда пайдаланушы интерфейсі шешуші фактор болмайтын, функционалдық қызмет көбірек бағалана-тын. Ол кезде программалар функционалды емес, ал программалаушылардың құралдары әлі де жетілмеген еді. Қарапайым бір функцияның программасын жасау үлкен жұмыс болатын. Сол кездерде сенің программалық қамтамасыз етуің бәсекелесіңе қарағанда 2-3 функцияға артық болса, онда бұл үлкен басымдылық саналатын. Ал бүгінде кез келген бәсекелесің мұндайды оңай әрі жылдам қайталай алады. Сәтті де қолайлы интерфейс – ауқымды істің нәтижелі болатынының кепілі. Эргономикалық жағынан компьютер программаларын басқаруға тиімді интерфейс жасау – болашақтағы басым бағыттың бірі. Тұтынушылар арасында танымал интерфейстерге мысал ретінде iPhone, Android, Ribbon-дарды айтуға болады.

2-сурет. Кесу, қою және көшіру

Практикалық тапсырмалар

                    Талдау

  Компьютер бөлмесінде орналасқан компьютердің бірі-нен Word пен WordPad-тың қолданбалы программала-рын салыстырыңдар. Қайсысында ПГИ дұрыс? Екі программа интерфейсінің 3 айырмашылығы мен 3 ұқсастығын атаңдар.

Бағалау

Компьютерде пайдаланушы интерфейсін қолдануды эргономикалық тұрғыдан бағала. Командалық жолдар интерфейсі мен (CLI) пайдаланушының графикалық интерфейстерінің (GUI) артықшылықтарын ата.

Үй тапсырмасы

Төменде берілген тақырып бойынша жоба жұмысын дайында.

Файлдардың аты

Қандай программа өнімі

Пайдаланушы интерфейсіне қойылатын
 негізгі талаптар қандай?

• Интерфейстің пайда болу тарихы

• Интерфейстің маңызы, негізгі талаптар

• CLI мен GUI интерфейстерінің арасындағы айырмашылықтар

• Пайдаланушы интерфейсінің даму бағыты

Интерактивті тапсырмалар

Пайдаланушы (пользовательский интерфейс; user inter-face) –  компьютермен  жасақтайтын  құралдар .

  программалаушылардың кәсіби тілінде өзара әрекеттесу «ортасы».

Интерфейс – - шылардың  тілінде өзара әрекеттесу  , пайдаланушы мен  қарым-қатынасы, яғни екі жүйенің немесе адам мен компьютердің өзара  алмасуын  аппараттық-  құралдардың жиынтығы.

Өтінемін күте тұрыңыз