5.4 Практикалық жұмыс

Python-да есептердің алгоритмдік блок-схемаларын құру мен программа кодын жазуды қалай орындауға болады?

Практикалық қолдану

Сызықтық алгоритмдерге арналған есептердің блок-схемасы мен программасын құрастыру

   Ойлан

  • Сызықтық пен тармақталу алгоритмдерінің құрылымында қандай айырмашылық бар?

1-тапсырма. Дөңгелектердің ауданы*

Радиусы R1 және радиусы R2 дөңгелектері аудандарының қосындысын тап. Дөңгелектердің ауданын есептеу формуласы: S1 = π*R12, S2 = π*R22

Мысалы

Нәтиже

3    5

106.76

2-тапсырма. Өлшем бірліктері**

Халқымыздың ежелден келе жатқан өлшем бірліктері бар. Солардың арасынан қарыс сүйем (1 қарыс сүйем = 22 см) мен тұтам (1 тұтам = 10 см) өлшемдерін қарастырайық. Берілген S см ұзындықты қарыс сүйем және тұтам өлшемдерімен өрнекте.

Мысалы

Нәтиже

3    5

106.76

3-тапсырма. Цифрларды көбейту**

Бестаңбалы сан берілген. Осы санның мыңдығы мен жүздігінің көбейтіндісін тап. 

Мысалы

Нәтиже

49795

63

Тармақталу алгоритмдеріне арналған есептердің блок-схемасын және программасын құрастыру

Мысалы

Нәтиже

21 27 30

40

Мысалы

Нәтиже

3

11:15

Мысалы

Нәтиже

1

9

9

2

20

31

7-тапсырма. Санның таңбасын анықтау*

Х саны берілген. Х санының мәні – 1 мен 9999 арасындағы сандар. Х саны неше таңбалы екенін тап.

Мысалы

Нәтиже

8596

4

8-тапсырма. Санның таңбасын анықтау*

N саны берілген (N ≤1 000). Осы санның бүтін немесе бүтін еместігін анықта. Егер сан бүтін сан болса, онда жауапқа – 1, бөлшек сан болса, онда жауапқа 0-ді шығар.

Мысалы

Нәтиже

4.5

0

Өтінемін күте тұрыңыз