Редакторға кіріктірілген нысандар

   Нысандардың 3D моделін құру үшін құралдарды қалай тиімді қолдануға болады?

   Жаңа білім

   Ойлан

  • Нысандардың 3D модельдерін қай сала мамандары жиі қолданады деп ойлайсыңдар?

   Әртүрлі программалардың өнімін тартымды, көрнекі етіп жасалуын қамтамасыз ететін нысандар болады. Мысалы, мәтіндік редакторға мәтінмен бірге дыбыс, анимация, сурет, диаграмма, автофигуралардың нысандарын енгізуге болады. Міне, осындай нысандарды программаға енгізетін ішкі, стандартты программа модульдерін кіріктірілген нысандар деп атайды. Мұндай ішкі программалар SketchUp-та да бар. SketchUp программасында 3D моделін құру үшін құралдар көмегімен құрастырылған модельді мүмкіндігінше шынайы нысанға ұқсату үшін кірістіру, бояу, шаблонға салуды кіріктіре отырып қолданады.
   ​SketchUp программасының мәзіріндегі «Окно» бөліміндегі «Материалы», «Компоненты» және «Стили» диалогтік терезелердің қызметімен танысып шығайық (6.12-сурет).

6.12-сурет

   «Материалы» модулі

   Аталған модуль арқылы құрастырылған модельді бояуға, нысанның сыртқы бейнесін табиғи көрінісіне сәйкестендіруге болады. Мысалы, үйдің моделін құрастыру үшін үй қабырғаларының материалын (үй қабырғасы кірпіш болатын болса, «Кирпичи облицовка», ағаштан болатын болса, «Древесина» таңдау керек. Ал, үйдің төбесін жасау үшін «Кровля» бөлімінен «Металлическая» немесе «Шиферді») таңдауымызға болады ( 6.13-сурет).

6.13-сурет

  • Материалы
  • Макет
  • Вид
  • Компоненты
  • Рассылки
  • Стили
  • Вставка

   «Компоненты» және «Стили» модульдері

   «Компоненты» модулінің көмегімен дайын нысандарды программаға кірістіруге болады. Іздеу жолағының көмегімен 2D немесе 3D модельдердің дайын сұлбасын ғаламтордан тауып, көшіріп алуға болады. Көшіріп алынған компоненттерді қайта өңдеуге және толықтырып қайта құрастыруға болады.
   ​«Стили» модулі көмегімен құрастырылып жатқан нысанның бейнелену стилін өзгертуге және түсін өзгертуге болады. Суреттен көріп тұрған түстерден бөлек, өзіміз қалаған түстерді де қоюға болады.

   Міне, өздеріңмен SketchUp программасының ішкі программаларының (модуль) терезе қызметімен таныстық. Басқа осы типтегі программаларға қарағанда SketchUp-та кіріктірілген нысандар аз. Бірақ осы берілген ішкі программалардың өзіменақ SketchUp-та табиғи нысандардың шынайы моделін құрастыруға толық мүмкіндік бар. Қане, балалар! Енді, алған білімдеріңді тәжірибеде пайдаланып көрелік.

   Практикалық жұмыс

№1 тапсырма

   SketchUp программасының құралдарын пайдаланып, параллелепипед құрастырыңдар.

  1. Программаны іске қосыңдар.
  2. Тиісті шаблонды таңдаңдар. Шаблондар ішінен «Простой шаблон-метры» таңдалады.
  3. Программа терезесі ашылғаннан кейін «Прямоугольник» батырмасын басамыз. Жұмыс алаңындағы «Сүйеніп тұрған адам» координаталық сызықтардың басына меңзердің ұшын қойып, тіктөртбұрыш сызамыз.
  4. Тяни /Толкай батырмасын басып, тіктөртбұрышты созу арқылы, 6.14- суреттегі көлемді фигураны саламыз.
  5. «Окно-Материалы (Терезе-Материалдар)» командасының көмегімен модульді іске қосамыз. Пайда болған диалогтік терезе арқылы параллелепипед қабырғаларын кірпішпен қаптаймыз.
  6. Параллелепипед төбесін «Кровля» бөліміндегі «Черепицамен» қаптаймыз (6.15-сурет).

№2-тапсырма

   Төрт-түлік малға арналған қоршауы бар «Жайылым» моделін құрастырыңдар.

  1. Программаны іске қосамыз.
  2. Тиісті шаблонды таңдаймыз. Шаблондар ішінен «Простой шаблон-метры» жолағын таңдаймыз.
  3. Программа терезесі ашылғаннан кейін «Прямоугольник» батырмасын шертеміз. Жұмыс алаңындағы «Сүйеніп тұрған адам» координаталық сызықтардың басына меңзердің ұшын қойып, тіктөртбұрыш сызамыз.
  4. 4. «Тяни /Толкай» батырмасын баса отырып, тіктөртбұрышты созу арқылы, 6.16- суреттегі көлемді фигураны құраймыз. Тапсырманы орындау үшін: «Материалы» терезесіндегі «Растительность (Өсім-дік)» және «Ограждение (Қоршау)» батырмаларын таңдаймыз. Тапсырма толық орындалғанда 6.17-суреттегі нысан пайда болады.

№3-тапсырма

Параллелепипед сызу

  1. Программаны іске қосыңдар.
  2. Тиісті шаблонды таңдаймыз. Шаблондар ішінен әзірге «Простой шаблон-метры» жолағын таңдаймыз.
  3. Программа терезесі ашылғаннан кейін «Прямоугольник» батырмасын шертеміз. Жұмыс алаңындағы «Сүйеніп тұрған адам» координаталық сызықтардың басына меңзердің ұшын қойып, тіктөртбұрыш сызамыз.
  4. Тяни /Толкай батырмасын баса отырып, тіктөртбұрышты созу арқылы, 6.18- суреттегі көлемді фигураны құрамыз. Тапсырманы орындау үшін: «Стили» модулін ашып, «Рассортирован-ные» батырмасын таңдаймыз. Тапсырма толық орындалып біткенде 6.19-суреттегі нысан пайда болады.

6.14-сурет

6.15-сурет

6.16-сурет

6.17-сурет

6.18-сурет

6.19-сурет

   Талдау

   Құралдар мен кіріктірілген нысандардың ұқсастық пен айырмашылықтарын талдаңдар.

   Сұрақтар

1. Кіріктірілген программалар деген не?

2. Оларды не үшін қолданады?

3. SketchUp-та программаға нысандарды кіріктіретін қандай модульдер бар?

4. «Материалы» модулінің қызметін сипаттаңдар.

5. «Компоненты» модулінің қызметін әңгімелеп беріңдер.

6. «Стили» модулінің қызметін сипаттаңдар.

7. Басқа да программалардағы кіріктірілген нысандарға мысал келтіріңдер.

8. Программаға нысандарды кіріктірудің қандай артықшылықтары бар?Анықтаңдар.

   Тапсырма

   «Компоненты» модулінің қызметін зерттеу

  1. «Окно – Компоненты» командасының көмегімен модульді іске қосамыз. Керекті компонентті таңдаймыз. Мысалы, жұмыс алаңына автокөлікті (6.20-сурет) орналастырғаннан кейін, оны басқа түске бояйық. Ол үшін:
  2. Тінтуірдің оң жағымен автокөлікті шертеміз. Пайда болған диалогтік терезеден «Редактировать компонент» батырмасын басамыз.
  3. «Окно – Материалы» командасының көмегімен модульді іске қосып, нысанды бояуға көшеміз (6.21-сурет).
  4. 3. Сонымен бірге автокөлікті бөлшектеп, бөліктерге ажыратуларыңа болады. Ол үшін:
    ​• «Разъеденить» батырмасын басамыз.
    ​• Переместить батырмасын пайдалана отырып, автокөлікті құрамдас бөліктерге ажыратамыз (6.22-сурет).

6.20-сурет

6.21-сурет

6.22-сурет

Өтінемін күте тұрыңыз