4.8 Таңдауды ұйымдастыру

Python программалау тіліндегі таңдауды ұйымдастыру алгоритмін қалай программалауға болады?

Жаңа білім

   Ойлан

• Заттар қандай параметрлермен сипатталады?

• Заттардың параметрлеріне қарап, таңдау үшін қойылатын шарттарға қандай мысалдар келтіре аласың?

• Таңдау алгоритмдерінің көмегімен қандай есептер программаланады?

Біз шарт тексеру операторымен танысуды алғаш бастаған кезде оның үш түрлі құрылымы бар екенін айтқанбыз. Өткен тақырыптарда біз сол құрылымдардың екеуімен таныстық. Енді үшінші құрылыммен танысамыз.

Программа құрастыру кезінде көп тапсырмаларда бірнеше балама нұсқалар арасынан біреуін таңдауға тура келетін жағдайлар жиі кездеседі. Мысалы, ондай жағдай оқу пәндері бойынша тест құрастыру кезінде орын алады. Басқа программалау тілінде мұндай жағдайларда арнайы таңдау операторы қолданылады. Рython программалау тілінде таңдауды ұйымдастыру үшін арнайы оператор қарастырылмаған. Бірақ осы оператордың баламасы ретінде шарт тексеру операторының 3-құрылымын пайдалануға болады (1-сызба).

Программалау кезінде бірнеше балама нұсқадан бірін таңдау үшін if – elif – else құрылымын қолдануға болады

1-сызба. if - elif - else құрылымы

Программалау тілдерін үйренуді таңдау операторларының жұмысын түсінуге көмектесетін стандартты мысалдардың бірін қарастырайық.

1-мысал. Берілген ай атауының нөміріне қарап, сол айдың жылдың қай мезгіліне жататынын анықтайтын программа құр. Нәтижені экранға шығар.

Мысалы

Нәтиже

5

Koktem mezgili

Мысалдың программа кодын жазу үшін if – elif – else құрылымын пайдаланамыз.

Python программалау тіліндегі таңдауды ұйымдастыру үшін сөздікті (dict) қолдануға болады. Сөздік – деректердің үлкен көлемін кілт: мәні жұбында сақтауға мүмкіндік беретін құрылымдардың бірі. Python-да сөздік құру үшін, {} жақша ішінде әрбір элемент  кілт: мәні жұбымен көрсетіледі. Сөздіктің элементтері кез келген форматта болып, қайталануы да мүмкін. Бірақ кілт қайталанбауы керек.

1-сурет. Программа коды

2-мысал. Берілген апта күнінің нөміріне қарап, оның атауын экранға шығаратын программа құрастыр.

Мысалы

Нәтиже

4

Beisenbi

Берілген мысалды орындау үшін сөздікті қолданамыз. Сөздікке апта күндерінің нөмірін кілт, ал күндердің атауын мәні ретінде сақтаймыз. Тапсырманың программа коды 2-суретте берілген.

2-сурет

   Практикалық жұмыс

Талдау

Python программалау тілінде таңдауды ұйымдастыруда if – elif – else құрылымы мен сөздікті пайдалануды салыстырыңдар. Таңдауды ұйымдастыруда осы екеуінің қайсысы тиімдірек? Себебін түсіндіріңдер.

Жинақтау

Python программалау тілінде таңдауды ұйымдастыруға арналған тапсырма мәтінін құраңдар. Құрастырған тапсырмаларыңның шешу жолын көрсетіңдер.

Бағалау

Тармақталу алгоритмі мен таңдау алгоритмдерінің қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар? Оларды программалау кезінде қолданудың маңыздылығын бағала.

Практикалық тапсырмалар

1. "Таңдауды ұйымдастыру алгоритмі" дегеніміз не?

2. Күнделікті өмірден таңдау алгоритміне жататын қандай мысалдарды келтіре аласың?

3. Сөздікті пайдаланып таңдау алгоритмін ұйымдастыру қалай жүзеге асырылады?

4. if – elif – else құрылымының шарт тексерудің басқа құрылымдарынан қандай айырмашылығы бар?

Мысалы

Нәтиже

3

Наурыз

Мысалы

Нәтиже

3

үш

Мысалы

Нәтиже

29

3

Математикада 2 n дәрежесінің соңғы цифрын табуға арналған есеп бар. Мысалы, 28 дәрежесінің соңғы цифры 6-ға тең. Бірақ есепті орындаудың қиындығы – n (0 Есептің математикалық шешімі оңай. 2 санының дәрежелерінің соңғы цифры белгілі заңдылықпен қайталанып отырады (3-сурет). Осы заңдылықты ескере отырып, таңдау алгоритмін қолданып, есептің программа кодын құр.

3-сурет

Python программалау тіліндегі таңдауды ұйымдастыру үшін сөздікті ( ) қолдануға да болады.

Өтінемін күте тұрыңыз