4.5. Кірістірілген шарттарды программалау

Python программалау тілінде кірістірілген шарттарды қалай құрастыруға болады?

Жаңа білім

Шарттармен жұмыс істеу барысында екі ғана тармақтан тұратын қарапайым шарттардан басқа, яғни екіден көп тармақтардан тұратын шарттармен жұмыс істеуге тура келеді. Мұндай шарттарды орындау үшін бірнеше шарт тексеру операторы қажет.

Кірістірілген шарттарды қолданудың төмендегідей 3 нұсқасы бар. Бұл нұсқалардың жазылу құрылымымен және сол құрылымды практикалық тұрғыдан түсінуге көмектесетін мысалдармен танысайық.

   Ойлан

  • Күнделікті өмірден қарапайым және құрамды шарттарға қандай мысал келтіре аласың?

Шарт тексеру операторының құрамында екінші шарт тексеру операторы қолданылса, онда мұндай шарт тексеруді кірістірілген шарт тексеру деп атайды.

Кірістірілген шарттарды қолданудың 1-нұсқасы

1-мысал: а саны берілген. а санының оң немесе теріс сан екенін анықта. Егер а саны оң сан болса «1», теріс сан болса «–1», ал сан нөлге тең болса «0» деген жауап экранға шығатын болсын.

1-сурет. Программа коды

1-мысалдың алгоритміне түсініктеме: мысалдың шартынан а > 0, а < 0 шарттары туындайды. Бірақ мысалда 0-ге тең болатын жағдайды да қарастырсақ, онда қолданылатын шарттар саны екеу емес, үшеу болады. Екі шарттан артық туындаған жағдайда кірістірілген шарттарды қолданамыз. Мысалдың программа коды 1-суретте берілген.

Кірістірілген шарттарды қолданудың 2-нұсқасы

2-мысал: a мен b сандары берілген. Егер а саны 0-ден артық болып, екі санның айырмасы да 0-ден артық болса, онда екі санның айырмасын, әйтпесе қосындысын экранға шығар. Егер а 0-ден кем болса, онда экранға оның квадратын шығар. Мысалдың программа коды 2-суретте берілген.

2-сурет. Программа коды

Кірістірілген шарттарды қолданудың 3-нұсқасы

3-мысал. a мен b сандары берілген. Егер а жұп сан болып, b тақ сан болса, а және b сандарының көбейтіндісін, болмаса a мен b сандарының қосындысын экранға шығар. Мысалдың программа коды 3-суретте берілген.

3-сурет. Программа коды

3-мысалдың алгоритміне түсініктеме: Мысалдың орындалуы а санының жұп не тақ болуына байланысты. Егер а саны жұп болса ғана, одан кейін b-ның мәні тексеріледі. Ал а саны тақ болса, нәтиже ретінде экранға ештеңе шықпайды.

Ескерту:

• Операторларды бір-біріне кірістіріп пайдалану кезінде әрбір ELSE өзінің алдындағы IF-ке тиесілі болады.

• Бір мезгілде 2-3-тен артық IF операторын кіріcтіріп қолданбаған жөн. себебі бұлай қолдану программаны күрделі құрылымға алып келеді. Ал мұндай программаны талдау, нәтижесін анықтау қиынға соғады.

   Практикалық жұмыс

Талдау

Кірістірілген шарттарды қолданудың 3 нұсқасының құрылымына талдау жасаңдар. 

1. Кірістірілген шартты тексеру нұсқаларының бір-бірінен айырмашылықтарын салыстырыңдар.

2. 4-суретте берілген программа кодына кірістірілген шарттар қай нұсқаға сәйкес келеді?

3. Программа кодын талдай отырып, егер а = 8; b = 5; c = 3 болса, программа экранға қандай нәтиже шығаратынын анықтаңдар.

4-сурет. Программа коды



Жинақтау

Кірістірілген шарттарды қолданудың 3-нұсқасының бірін таңдап алыңдар. Шешу жолы сол нұсқаға сәйкес келетін тапсырма мәтінін құрастырып, оны ұсыныңдар.

Бағалау

Программалау барысында кірістірілген шарттарды қолданудың маңызына баға бер.

1-тапсырма

Функцияның мәнін есептейтін программа құрастыр. Құрастырған программа кірістірілген шарттарды қолданудың қай нұсқасына жатады?

2-тапсырма

Кірістірілген шарттарды қолданудың блок-сызбасын құрастыр.

а) Кірістірілген шарттарды қолданудың 1-нұсқасының блок-схемасын құрастыр.

ә) Кірістірілген шарттарды қолданудың 2-нұсқасының блок-схемасын құрастыр.

б) Кірістірілген шарттарды қолданудың 3-нұсқасының блок-схемасын құрастыр.

3-тапсырма

Р саны берілген. Р саны 0-ден артық болса, онда санның кубын тап, 0-ден кем болса, онда оған К санын қос, 0-ге тең болса, онда саннан Z-ті азайт. Деректерді енгізу реті: P, K, Z.

Мысалы

Нәтиже

- 8 15 - 6

-14

4-тапсырма

Input.txt мәтіндік файлында аралары бос орынмен ажыратылған a, b және с бүтін сандары берілген. Кірістірілген шарттарды қолданып, үш санның кішісін табатын программа құр. Нәтижені оutput.txt файлына жаз.

Input.txt

Output.txt

45 17 29

17

Практикалық тапсырмалар

Шарт  операторының құрамында екінші тексеру операторы қолданылса, онда мұндай шарт кірістірілген шарт деп атайды.

Үй тапсырмасы

Мақала жазамын. Шарт тексеру операторы мен кірістірілген шарттарды программалауды қолдану жайлы «Информатика негіздері» журналына мақала дайында. Мақалаңа тақырып таңда. Мақалада шарт тексеру операторының программалау барысында қолданылуы жайлы әңгімеле, өзің таңдаған бір-екі есептің программасын құру жолдарына тоқталып, шешу жолдарына түсініктеме жаз.

Өтінемін күте тұрыңыз