3.4 Деректер типтері

Электрондық кестеде деректер типін жіктеу мен кестелерді автоматты түрде толтыру қалай орындалады?

   Жаңа білім

Ойлан

  • Математикадағы сандардың қандай жиындарымен таныссыңдар?
  • Олар қалай жіктеледі?
  • Ұяшықтарға біртекті мәліметтерді енгізуді автоматтандыруға бола ма?
  • Енгізуді автоматтандырудың тиімділігі неде?

   Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз:
​   ♦ Сан;
​   ♦ Формула;
​   ♦ Мәтін.

   ​Егер енгізілетін символдар тек цифрлардан құралса, онда оны санды типке жатқызамыз. Кез келген формула «=» символынан басталады. Егер бірінші символымыз әріп немесе апостроф (’) болса, оның типі мәтін болып қабылданады. MS Excel электрондық кестесінде қарапайым мәтін ұяшықтың сол жақ шеті бойынша, ал сан оң жақ шеті бойынша тураланады. Мәліметтерді енгізу «Enter» пернесін басумен жүзеге асырылады. Енгізілген мәліметтерді ұяшықтан алып тастау үшін немесе ұяшықтың бастапқы мәндерін қалпына келтіру үшін «Еsc» пернесін басамыз немесе формулалар жолындағы «Болдырмау (отмена)» батырмасын шертеміз. Excel-де енгізілген санды мәліметтер автоматты түрде ұяшықта оң жақ шетте орналасады.

-1-

   Санды пішім. Математикалық және финанстық есептерде санның үш түрлі пішімде жазылуы қолданылады: кәдімгі санды пішім, қаржылық және мерзімдік. Кәдімгі сандық пішім әртүрлі санды шамаларды жазуға арналған. Мысалы: қайсыбір тауардың санын, пайызын, жас мөлшерін және т.б. Ақша сомасын енгізу қаржылық пішімде жүзеге асырылады. Уақыт мезгілін жазу үшін мерзімдік пішім пайдалынылады.

-2-

   Мәтіндік пішім. Мәтіндік пішім мәтіндік жолдар мен цифрлармен көрсетілген санды емес мәліметтерді жазу үшін қолданады. Бұларға жататындар: тіркеу нөмірлері, поштаның индексі, телефонның нөмірі.
   ​Әдетте кестелер қайталанатын, біртектес мәліметтен тұратындықтан, Excel программасының енгізуді автоматтандыратын құралдары беріледі. Оларға жататындар автотолтыру, формулалармен автотолтыру.

   Кестені біртекті мәліметтермен автоматты толтыру

   Excel-дегі «Автотолтыру» қызметі кестені сандармен толтыруға және формулаларды автоматты қолдануға, есеп жүргізуге өте ыңғайлы функция.

   «Автотолтыру» қызметінің көмегімен Excel-де сан, күн, тоқсан тізімін дайындауға болады.

   Автоматты толтыру 3 жағдайда қолданылады:
   ​1. Баған немесе қатарлардың ұяшықтарын бірдей мәліметтермен толтыру үшін. Мысалы, 500, 500, 500, 500, ...
   ​2. Баған мен ұяшықтарды белгілі бір интервалдағы санмен толтыру үшін. Мысалы, тақ сандармен ұяшықтарды толтыру: 1,3,5,7,9...
   ​3. Қатар тұрған ұяшықтарда бір формула көмегімен автоматты түрде есептеулер жүргізу үшін. Мысалы, белгілі бір есептеуді орындау үшін бір ғана ұяшыққа формула жазу жеткілікті. Қалған ұяшықтарға формуланы «автотолтыруды» қолдану арқылы жылдам есептеуге болады.

   Айлар, апта, күн тізімін енгізу үшін:

16, а-сурет

16, б-сурет

   1. Ұяшыққа бірінші элементті енгізіңдер де, «Enter»-ді басыңдар немесе формула жолындағы енгізу батырмасын басыңдар.
   ​2. Тінтуірдің көрсеткішін басқарушы элементке қойып, оны сол жақ төменгі бұрышынан төменге қарай жылжытыңдар.
   ​3. Тізімге кіретін барлық ұяшықтар сұрғылт түспен ерекшеленеді, соңғы ұяшықта қалып қойған мән, сары тіктөртбұрышта көрсетіледі (16, а-сурет).
   ​4. Тінтуірдің батырмасын босатып, тізімді дайындауды аяқтаңдар (16, б-сурет).

   Excel программасында біртекті деректі, натурал сандар тізбегін (кейінгі мүшесі алдыңғы мүшесін бірдей санға арттыру не кеміту арқылы алынатын тізбек) және тізімді «+» автотолтыру маркері арқылы жүзеге асырады. Мысалы, ай аттарын автоматты түрде толтыру үшін айлардың алғашқы екеуі жазылады. Жазылған ай аттарын ерекшелеп, тінтуірдің сол жақ батырмасымен оңға қарай тартамыз (17-сурет).

17-сурет. Автотолтыруды орындау

   Ұяшықтарды автоматты қосу

   Excel-де ұяшықтардағы мәліметтерді автоматты толтырудан басқа да ерекше қызметтері бар. Олардың бірі – ұяшыққа жазылған сандарды автоматты қосу. Бұл әрекетті жүзеге асыру үшін:
​   1. А1 ұяшығына 10, А2 ұяшығына 20 санын жазамыз, «Автотолтыру» арқылы тінтуірдің көрсеткішін басқарушы элементке қойып, оны сол жақ төменгі бұрышынан А10 ұяшығына дейін төмен тартамыз (18-сурет).
​   2. А1 және А10 ұяшығындағы сандарды автоматты қосу үшін ұяшықтарды ерекшелеп алып, «Қосынды (Сумма)» белгісін басамыз (4.19-сурет).

   Ұяшықтарға формуланы автоматты орналастыру

   Excel-де ұяшыққа жазылған формуланы басқа ұяшықтарға да орналастыру арқылы автоматты түрде жылдам есептеуге болады. Ол үшін төмендегі жағдайды қарастырайық.
​Тапсырма: Бізге теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы өзгерген 10 күн аралығы берілген. Айырбастау пункттерінде 10 күн бойы әртүрлі мөлшердегі АҚШ долларын айырбастау арқылы қолымызға тиетін теңгенің мөлшерін есептейік. Долларды теңгеге ауыстырудың қарапайым 

формуласын бірінші ұяшыққа жазамыз, формуланы автоматты өткізу арқылы қалған ұяшықтарға да формуланы автоматты орналастырып шығамыз. Бұл үшін:
​1. «=C3*D3» формуласын Е3 ұяшығына жазып белгісін басамыз (20-сурет).
​2. Е3 ұяшығын тінтуірдің курсорын автоматты толтыру маркеріне өткізіп, тінтуірдің сол жақ батырмасын жібермей баса отырып, төмен қарай тартамыз (21-сурет).

   Практикалық жұмыс


    1-​​тапсырма​

   1. Еxcel программасын іске қосамыз.
​   А1 ұяшыққа 1 санын жазамыз. Тінтуірдің көрсеткішін А1 ұяшықтың оң жақ төменгі бұрышына алып барып, сол жақ батырмасымен баса отырып, төмен қарай А10 ұяшығына дейін жылжытамыз (22-сурет).

22-сурет. Ұяшықтарды бірдей сандармен автоматты толтыру


   2-тапсырма​​

   В1 ұяшыққа 1 санын жазамыз. В1:В10 ұяшықтар аралығын автоматты толтыру маркерін пайдалана отырып, 1-ден 10-ға дейінгі сандармен толтырамыз. Ол үшін В1 ұяшығына 1 санын, В2 ұяшығына 2 санын жазамыз. В1 және В2 ұяшықтарын бірге ерекшелеп, тінтуірдің көрсеткішін В2 ұяшығының оң жақ төменгі бұрышына апарып, тінтуірмен төмен қарай В10 ұяшығына дейін жылжытамыз.

23-сурет. Ұяшықтарды белгілі бір аралықтағы санмен автотолтыру


   3-тапсырма​​​

   С1:С10 ұяшықтар аралығын автоматты толтыру маркерін пайдалана отырып, 1 мен 10-шы желтоқсан аралығын автоматты түрде толтырамыз. С1 ұяшыққа 01.12.2017 деп жазамыз. С1 ұяшығын ерекшелеп тұрып, тінтуір көрсеткішін ұяшықтың оң жақ төменгі бұрышына апарып, тінтуірмен төмен қарай С10 ұяшығына дейін жылжытамыз .

24-сурет. Ұяшықтарды мерзім бойынша автотолтыру

   Сұрақтар

   1. Деректер типі дегеніміз не?
   ​2. Excel-де деректер типін не үшін қолданады?
   ​3. Кесте ұяшықтарына деректердің қандай түрлерін енгізуге болады?
   ​4. Ұяшықтарды біртекті мәліметтермен автоматты толтыру деген не?
   ​5. Ұяшықтарды қандай мәлімет түрлерімен автоматты толтыруға болады?
   ​6. Ұяшықтағы сандарды автоматты қосу жұмысы қалай орындалады?
   ​7. Ұяшықтарға формуланы автоматты қою деген не?
   ​8. Ұяшықтарды автоматты толтыру пайдаланушы жұмысын қаншалықты жеңілдетеді?
   ​9. Ұяшықтарды есептеп шығару жолын түсіндіріп бер.

   Үй тапсырмасы

   Жыл қайыру кестесін жасау

   Қазақ халқында «Жаңа жыл» наурыз айынан басталады. Он екі жыл бір мүшел деп есептеледі. Жыл басы «тышқан» жылынан басталады. Өткен тақырыптарда және жаңа тақырыпта алынған білімдеріңді пайдаланып, төмендегі кестені Excel программасы бойынша жасап, оны сақтаңдар. Кестені жасауда төмендегі білім-дерді пайдаланыңдар (5-кесте).
​   1. Жаңа файл ашу;
​   2. Ұяшыққа жазылған мәліметтерді пішімдеу. Пішімдеу кезінде:
   ​• кестеге санды мәліметтерді жазуда сан жазылатын ұяшықтарда оның типін таңдау;
​   • ұяшықтарды шегаралау;
​   • мәліметтердің сыйымдылығына қарай биіктігі мен енін өзгерту;
​   • ұяшықтар тобын бояу; ұяшықтарды біріктіру керек.
​   3. Кестедегі ұяшықтарға автоматты толтыру командаларын қолданыңдар.
​   • сан қатарын жазғанда;
​   • жылдарды енгізгенде автоматты толтыру командасын қолдану керек. Мысалы, ұяшыққа 1900 санын енгізгеннен кейін, автоматты толтыруды қолдану.
​   4. Кестені сақтау.
​   «Сохранить как...» (Қалай сақтау) командасы арқылы “Жыл қайыру кестесі.xlsx” атауымен сақтаңдар.

5-кесте. Қазақша жыл қайыру кестесі

  • Сан
  • Күні
  • Формула
  • Мәтін
  • сандық
  • мәтін
  • пайызы
  • ақшалай
  • уақыт
  • 275
  • информатика
  • 1000,0%
  • 1295р.
  • 22:45
Өтінемін күте тұрыңыз