3.3 Электрондық кестенің элементтерін форматтау

Электрондық кестеде ұяшықтарды форматтаудың қандай әдістері бар?

   Электрондық кесте элементтерін пішімдеу

   Ойлан

  • Пішімдеу деген не? 
  • Пішімдеуді қандай кезде қолданамыз?

   Excel терезесінің жұмыс алаңы ұяшықтардан тұрады. Ұяшықтарды дұрыс пішімдей (форматтап) алсаңдар, онда электрондық кестелерді де оңай пішімдей алатын боласыңдар. Ұяшықтарды дұрыс пішімдеп үйрену Excel программасымен жұмыс істеудің маңызды бөлігі болып саналады. Алдыңғы тақырыпта сендермен ұяшыққа енгізуге болатын деректердің түрлері және қарапайым формулалар-ды жазумен таныстық. Бұл тақырыпта осы ұяшықтарды пішімдеу жолдарын үйренеміз. Пішімдеуді үйрену үшін «Ұяшықты пішімдеу» (Формат ячейки) терезесімен танысудан бастаймыз. Ол үшін пішімделуге тиіс ұяшықты таңдаймыз (мысалы, В1), оны тінтуірдің оң жақ батырмасымен шерткенімізде экранда «Контекстік мәзір» пайда болады (13-сурет). Сол мәзірден «Формат ячеек...» пәрменін (команда) таңдасақ, ұяшықты пішімдеу терезесі пайда болады (14-сурет).

13-сурет. Форматтау терезесін іске қосу

4.14-сурет. Ұяшықты форматтау терезесі

   Ұяшықтарды форматтау терезесі 6 бөлімнен тұрады.

   Ұяшықтарды форматтау терезесінің құрылысы

-1-


   Число (Сан) бөлімінде ұяшықты алдын ала сан, ақша, қаржы, мерзім, уақыт, пайыз, бөлшек және мәтіндік деректерге арнап қоюға болады. Деректер типін көрсете отырып, суретте көрсетілгендей әртүрлі пішімдегі сандарды жазамыз. Ұяшыққа қандай сан жазсақ та, ол өзінің бастапқы пішімін (форматын) сақтайды. Мысалы, ұяшыққа мерзім бастапқы формат ретінде қойылып, оған басқа дерек жазсақ та, ол бізге мерзім түрінде көрінеді.

-2-


   Выравнивание (туралау, теңестіру) бөлімі ұяшықтағы деректерді оңға, ортаға, сол жаққа, еніне, жоғары, төмен қарай туралайды. Сонымен қатар мәтінді тасымалдауға, ұяшықтарды біріктіруге, ұяшықтың бағытын өзгертуге, теңестіруге мүмкіндік береді.

-3-

   Шрифт (Қаріп) бөлімінде ұяшықтағы деректердің түсін өзгертуге, сандарды дәреже және индекс түрінде жазуға, сызуға, өлшемін өзгертуге болады.

-4-

   Граница (шегара, жиек) бөлімінде ұяшықты шегаралау арқылы кесте жасауға болады. Егер шегаралар қойылмаса, принтерден шығарғанда ұяшықтардың шегаралары көрінбей қалады. Ұяшықтарға қойылған шегара түсін өзгертуге, шегараны алып тастауға да болады.

-5-

   Заливка (Құйып бояу) арқылы бір ұяшықтың немесе толық кестенің түсін өзгертуге болады.

-6-

   Защита (Қорғау) – ұяшыққа жазылған мәліметтің өшіп қалуынан немесе мәнінің ауысып кетуінен қорғайды.

   Ұяшықтарды өшіру, тазалау, көшіру, қою

-1-

   Егер ұяшықтағы немесе ұяшықтар тобындағы мәліметтерді өшіру керек болса, оларды ерекшелеп, пернетақтадағы Del пернесін басамыз немесе «Редактирование» редакциялау бөліміндегі «Очистить» тазалау командасын таңдау керек.

-2-

   Парақты, бағанды, қатарды өшіру үшін алдымен оларды ерекшелеп, содан кейін «Ячейки-Удалить» ұяшықтарды өшіру командасын орындау қажет. Өшірілген нысандардың орны бос қалмайды, төменгі қатардағы немесе оң жақтағы бағандағы деректер жоғары не солға жылжып, өшкен орындарды толтырады.

-3-

   Ұяшықтың ішіндегі мәліметті басқа ұяшыққа көшіру үшін Қиып алу (Вырезать) батырмасын басамыз не СTRL+X пернесін бассақ та болады. Ұяшықты көшіріп алу үшін Көшіру (Копировать) немесе CTRL+C пернесін басамыз. Көшіріп алған мәліметті қою үшін Қою (Вставить) батырмасын басамыз немесе CTRL+V пернесін басамыз.

   Практикалық жұмыс

   1. Еxcel бағдараламасын іске қосамыз.
   ​2. А1 ұяшығына «Сан», В1 ұяшығына «Бөлшек», С1 ұяшығына «Пайыз», D1 ұяшығына «Мерзім» деп тақырыпшалар қоямыз (4-кесте).
   ​3. Жұмыс алаңындағы А1 ұяшықты тінтуірдің сол жақ батырмасымен шертеміз. Сол жақ батырманы ұстап оң жаққа жылжыту арқылы В1, С1 және D1 ұяшықтарды қоса ерекшелейміз.
   ​4. Сол жақ батырманы жібермей баса отырып, төмен қарай 10 қатарға дейін төмен түсу арқылы 4-ші бағанмен 10-ыншы қатарда орналасқан 40 ұяшықты ерекшелеп аламыз (4-кесте).
   ​5. Ерекшеленген ұяшықтарды тінтуірдің оң жағымен шертіп, «Формат – Ячейки» терезесін ашып, кестедегі мәліметтерді пайдаланып, 4-кестенің пішімін жасаймыз. Ол үшін:
   ​5.1 «Формат-ячейки» терезесінде «Число» бөлімін таңдап, А2:А10 ұяшықтарының арасын 0,00 форматындағы санды форматқа ауыстырамыз.
   ​5.2 В2:А10 ұяшықтарының арасын 3/4 түріндегі «бөлшек» форматына қоямыз.
   ​5.3. С2:С10 ұяшықтарының арасын пайыздық форматқа өткіземіз.
   ​5.4 D2:D10 ұяшықтарын мерзім (дата) форматына қоямыз. 
   ​6. Ұяшықтарды сандармен толтырамыз.
   ​7. «Формат-ячейки» терезесінде орналасқан «Шегара (Граница)» бөлімін таңдап, кестеге жиек (шегара) қоямыз.
   ​8. «Шрифт» бөлімін ашып, ұяшықтағы әріп пен сандарды «12» кегельге ауыстырамыз, мәтін мен сандардың түсін өзгертеміз.
   ​9. «Заливка» бөлімі арқылы әрбір бағанның түстерін өзгертуге болады.
   ​10. Жаңа кестені «Kесте.xlsx» атауымен сақтаймыз.

4-кесте

   Сұрақтар

   1. Еxcel бағдаламасының “Ұяшықтардың пішімі" («Формат ячейки») терезесі қанша бөлімнен тұрады?
   ​2. Ұяшықтарды форматтау терезесінің құрылымын сипаттаңдар.
   ​3. Ұяшықтарды көшіріп алу, тазалау, өшіру әрекеттері қандай команда арқылы орындалады?
   ​4. Ұяшықтарды дұрыс пішімдеу не үшін керек?

   Тапсырма

   1. А5 ұяшығына «Күз» сөзін жаз. Жазылған сөзді ұяшықтан өшіріңдер.
   ​2. В5 ұяшығына «585855» санын жаз. Жазылған деректі Е8 ұяшығына көшіріңдер.
   ​3. А7 ұяшығына «2017 жылдың қараша айы» деп жаз. Бұл мәліметті түгелдей қиып, В7 ұяшығына орналастырыңдар.
   ​4. В7 ұяшығындағы «2017 жылдың қараша айы» сөзін көшіріп, «Лист2» беттің Е10 ұяшығына орналастырыңдар.

   Үй тапсырмасы

   1. 15, а-суреттегі кестеге өзгерістер енгізу арқылы 15, б-суреттегі кестені алыңдар.
   А) деректер жазылған ұяшықтардың шегарасын белгілеңдер.​
​   Ә) А1:С1 ұяшықтар аралығын 45 градусқа бұрыңдар.

15, а-сурет

15, б-сурет

 (туралау, теңестіру)  ұяшықтағы  оңға, ортаға,  жаққа, еніне,  , төмен қарай .

Өтінемін күте тұрыңыз