Электрондық кестелер

   Электрондық кесте элеметтерін қалай пішімдеуге (форматтауға) болады?

   MS Excel программасы

   Ойлан

  • Есептеуде компьютерді қолдану пайдаланушыға қай жағынан тиімді деп ойлайсыңдар? 
  • Компьютерде есептеудің калькулятордан басқа қандай программаларын білесіңдер?

   Жаңа білім

   MS Excel – Microsoft Office дестесі қосымшаларының құрамына енетін  электрондық кестелермен жұмыс істеу программасы. Excel-ді кестелік процессор деп те атайды. Себебі оның көмегімен кез келген кесте түрін жасауға, қуатты математикалық, статистикалық, финанстық есептеулерді жүргізуге мүмкіндік бар. Программаның жұмысы калькуляторға ұқсас, бірақ одан жұмыс істеу мүмкіндігі жоғары. Күрделі есептерді шешуге және санды деректер негізінде диаграмма жасауға болады.

   Excel-ді қолдану аумағы

  • Excel парақтары дайын кестелерден тұрады. Сондықтан бұл программа есеп құжаттарын жасау үшін жиі қолданылады (мысалы, сабақ кестелері, магазиндерде прайспарақтар);
  • Excel-де ұяшыққа енгізілген санды мәліметтерден диаграмма және графиктер жасауға (халықтың өсу, магазиндерде тауарлардың сатылу динамикасын анықтауға) болады.
  • Excel-де қарапайым үй бюджетін (жаратылған қаржы немесе кіріс) есептеу немесе жеке есептерді шешуге болады.
  • Excel программасы арқылы деректер базасын құруға болады.

   Ехсеl программасының Windows-қа арналған нұсқалары (версиясы) көп. Оның тарихы 1985 жылдан Excel 1.0 нұсқасынан басталады. Excel программасы елімізге 1997 жылы білім саласын компьютерлендірумен байланысты енді. Ол Windows-тың алғашқы нұсқасымен бірге тарады. Елімізде алғаш танымал болған Windows 95 жүйесінде Excel 7 программасы қолданылды. Бұдан кейін Excel 97, 2000, 2002, 2003, 2007, 2010, 2013, 2016 нұсқалары пайда болды. Программаның Ехсеl 2007 нұсқасынан бастап, көлемді деректермен жұмыс істеу үшін парақтарының саны мен оның өлшемдері көбейді. Айталық, Excel 2003 нұсқасында бір парақтың беті – 255 баған 65535 қатардан тұрды. Excel 2007 нұсқасында 16 384 баған, 1 048 576 қатардан тұрды (4.6-сурет). Ехсеl программасы жасайтын файлдың аты «Книга-Кітап» деп аталады. Файлдың кеңеймесі Excel-2007 нұсқасына дейін *.xls түріндегі үш әріп болса, 2007 нұсқасынан бастап *.xlsx түріндегі төрт әріптен құралды.

4.6-сурет. Excel программасының терезесі

   MS Excel программасын iске қосу

Пуск

Программы

Microsoft Office

Microsoft Excel.

   2) Жұмыс үстелінде программаға сілтеуіш орналасқан болса, тінтуірдің сол жақ батырмасымен сілтеуішті екі рет шертіп ашуға болады;
   ​3) Тапсырмалар тақтасында MS Excel программасының батырмасы болса, тінтуірдің сол жақ батырмасын бір рет шертеміз. Программа іске қосылғанда экранда Excel терезесі пайда болады.

   Excel терезесі мына бөліктерден тұрады.

   Жоғарғы қатар: басқару қатары, терезе тақырыбы жазылған қатар

   Екінші қатар: Excel программасының мәзір қатары.

   Үшінші қатарда ең жиі қолданылатын құралдар және стандарттық әрі пішімдеу тақтасы орналасқан.

   Төртінші қатарда түзету немесе формулалар қатарлары орналасқан.

   Бесінші қатарда белгілі бір тәртіппен орналасқан электрондық кестенің жұмыс парағы орналасқан.

   Алтыншы қатар — қалып-күй қатары. Осы қатардың төменгі сол жақ шетінде Excel программасының жұмыс режімдерінің индикаторы орналасады.

   Excel программасы жазылған файл компьютердің жедел жады көлеміне қарай 256 параққа (лист) дейін баратын кiтап болып саналады. Терезе іске қосылған мезетте 1-парақ (лист 1) екпiндi болады. Үнсіздік келісім бойынша ашылған кез келген кітап 3 парақтан тұрады. Бір парақтан келесi параққа өту қажет болса, сәйкес парақтың шартты белгісін тінтуірмен шертемiз. Ал қажеттi беттiң белгісі экранда көрiнбей тұрса, белгілердің сол жағындағы бағыттауышты (◄,►) тінтуір арқылы жылжытамыз.
   ​Excel программасы есептеулер жүргізуге болатын ұяшықтардан тұрады. Бұл оның негізгі ерекшелігі болып табылады. Баған мен қатардың қиылысқан жерiнде ұяшық деп аталатын тiктөртбұрыш болады. Баған мен қатардың қиылысқан тұсы ұяшыққа сәйкес адрестi көрсетеді. Мысалы, A1 бiрiншi ұяшықтың, ал В2 – В бағанының 2 қатарындағы ұяшықтың адресiн көрсетеді (4.7-сурет). Ұяшықтарға мәлiметтердi (мәтiн, сан және формулалар) енгiзуге болады. Электрондық кестеде ағымдағы немесе екпiндi ұяшықты көрсететiн ерекше тiктөртбұрыш кестелiк меңзер деп аталады. Бiр мезгiлде бiр ұяшықпен немесе қатар орналасқан бiрнеше ұяшықтар тобымен жұмыс жасауға болады.

4.2-кесте. Excel программасында жиі қолданатын командалар

   Ұяшықты толтыру ережесі

4.7- сурет. Ұяшықты толтыру ережесі

   Сан. Санның мәндері бүтін, ондық бөлшек, бөлшек болуы мүмкін. Оларға арнайы символ-дар қосылуы мүмкін: $, %, +, -, / және т.с.с. Ұяшыққа сыймайтын көптаңбалы сан енгізсек, онда ұяшықта ########### символдары пайда болады. Санды толығымен көру үшін бағанды кеңейтуге болады.

   Формулалар. Ұяшық ішіне «=» белгісімен басталатын өрнек енгізсек, онда Excel оларды формула деп қабылдайды. Мысалы: А1=10 және В1=20 болса, B2 ұяшығына жазылған =А1*В1 өрнегін формула ретінде қарайды. B2 ұяшықтың мәні А1 және В1 ұяшығындағы мәндердің көбейтіндісіне тең. Есептің мәні B2=200 нәтижесін аламыз.

   Мәтін. Ұяшыққа мәтіндік (әліпбилік-санды) ақпараттарды енгізуге болады. Егер сан немесе формула емес символдар тізбегін енгізсек, онда Excel оны мәтін деп қабылдайды. Мысалы: « – 985,69» немесе «27-л» – мәтін, «=А1*В1» – формула, «=А*В1+қосу» – мәтін.

   Ұяшықтардың адрестері

   Excel программасында ұяшықтың үш түрлі адресі болады. Олар: абсолютті, салыстырмалы және аралас адрестер. Егер түрлі амалдар-ды (операция) орындау барысында амалдарды орындауға қатысатын ұяшықтардың адрестері автоматты түрде өзгеріп отыратын болса, мұндай ұяшықтар салыстырмалы адресті болып есептеледі. Әдетте Excel программасы іске қосылған кезде ұяшықтардың адрестері салыстырмалы адрестер болып тұрады. Ұяшықтармен жұмыс істеу барысында ұяшық адресі тәуелсіз, өзгермейтін болса, мұндай ұяшықтарды абсолютті деп атайды. Ұяшықтың абсолютті адресін көрсету үшін сәйкесінше жол және баған атауының алдына доллар ($) белгісін қойып жазады (мысалы, $A$2). Бірден жазу үшін ұяшықты белгілеп , <F4>пернесін басу тәсілі де қолданылады. Excel программасымен жұмыс істеуде жиі қолданылатын командалар 4.2-кестеде берілген.

Команданың шартты белгісі

Қызметі

Команданың шартты белгісі

Қызметі

Жасалған кітапты ашу

Ұяшықтардағы сандарды автоматты түрде қосады

Жасалған кітапты сақтау

Ұяшықта санды, мәтіндік деректер өсу, кему ретімен сұрыптайды.

Кітаптағы парақтарды қағазға басып шығару

Ұяшыққа формулалар қою

Сандық мәліметтерден диаграмма жасау

Ұяшықтарды шартты түрде форматтайды

   Практикалық жұмыс


   №1 тапсырма

   Ұяшықтардың енін кеңейту немесе кішірейту
   ​1. Еxcel программасын іске қосамыз. Терезе іске қосылған кезде бірден 1-парақ (лист1) белсендi болады. Төмендегі көрсетілген 4.8 және 4.9-суреттер бойынша әрекеттерді орындаймыз.

   В2 ұяшығына есіміңді және туған жылыңды жаз. Мысалы,

4.8-сурет

   Жазылған мәтін бағанға сыймаса, бағанның шегарасына меңзерді апаратын болсақ, 3.9-суреттегідей өзгереді. Тінтуірдің сол жағымен баған шегарасын басып тартқанда, ол кеңейеді.

4.9-сурет


   №2 тапсырма

   Ұяшықтарға қарапайым формулалар жаза отырып,калькулятор ретінде пайдалануды үйренеміз.
   ​1. Еxcel терезесіндегі 2-парақты белсенді етеміз (4.10-сурет).
   ​2. 2-беттің А1 ұяшығына 150, В1 ұяшығына 250, ал С1 ұяшығына 5 санын жазамыз. (150+250) * 5 = 2000 өрнегінің мәнін, программа көмегімен есептейміз.
   ​3. А2 ұяшығына «=» белгісін қойып, (А1+В1) * С1 өрнегін теру немесе тінтуірдің көмегімен белгілей отырып, формула құрап жазамыз (4.11-сурет).

4.10-сурет

4.11-сурет

   Сұрақтар

   1. Еxcel программасының қызметі қандай?
   ​2. Еxcel программасының алғашқы нұсқасы қашан жасалды?
   ​3. Excel программасын iске қосу алгоритмін айтып беріңдер.
   ​4. Еxcel программасы терезесінің құрылымы қанша бөлімнен тұрады?
   ​5. Кестенің негізгі элементі қалай аталады?
   ​6. Excel-де жасалған файлдың кеңеймесі қалай аталады?
   ​7. $ белгісінің қызметі қандай?
   ​8. Ұяшықтың қанша түрлі адресі бар?
   ​9. Еxcel программасының қолдану аумағын түсіндіріңдер.
   ​10. Ұяшықтарға қандай мәліметтер енгізуге болады? Оларды сипаттап беріңдер.
   ​11. Еxcel программасының мәтіндік процессордан ерекшеліктерін түсіндіріңдер.

   Үй тапсырмасы

   1. Ехсеl терезеснің А1 ұяшығына аты-жөніңді жаз. Ұяшыққа сыймаса, оны кеңейтіңдер. В1 ұяшығына туған жылыңды, С1 ұяшығына бойыңның ұзындығын жаз. Одан кейінгі қатарларға сыныптағы 5 оқушы туралы дәл осындай деректерді жазыңдар. Файлды өз есімдеріңмен сақтаңдар.
   ​2. 4.12-суретте берілген ұяшықтардағы сандарды пайдаланып, 4.3-кестедегі тапсырмалардың формулаларын құрастырыңдар. Формулаларды берілген ұяшыққа жазыңдар. Есепті Еxcel бағанында тексеріңдер.

4.12-сурет

4.3-кесте. Формула құрастыру тапсырмалары

Тапсырма мазмұны

Керекті мәліметтер

формуласы

Формула орналасатын ұяшық

Егістік ауданын есептеу. Үлгі.

Ені: А1 ұяшықтағы сан;

Ұзындық: А2 ұяшықтағы сан;

=A1*A2

B1

Егістік периметрін есептеу.

Ені: А1 ұяшығындағы сан;

Ұзындық: А2 ұяшықтағы сан;

B2

Шеңбердің ұзындығын есептеу.

Шеңбер радиусы: А3 ұяшығындағы сан

Пи санының мәні: А5 ұяшықтағы сан;

B3

Берілген төрт санның орташасы арифметикалық тап.

Берілген сандар:

А1, А2, А3, А4 ұяшығындағы сандар

B4

Өтінемін күте тұрыңыз