3.1 Мәтіндік процессордағы кестелер

Мәтіндік процессордағы кестені қалай жасауға және форматтауға болады?

   Кесте(table)

   Ойлан

  • Ақпараттарды кесте түрінде берудің тиімділігі неде деп ойлайсыңдар
  • Кестелік ақпараттарды компьютерде қалай өңдеуге болады?

   Жаңа білім

   Мәліметтерді кесте түрінде беру тиімді. Мектепте сендер кестеге жазылған ақпараттардың әртүрлі типтерін жиі кездестіресіңдер. Мысалы, сабақ, үлгерім журналы, кезекшілік, химиялық элементтер, физикалық шамалар (тығыздық, жылу сыйымдылығы...), тарихи даталар кесте түрінде берілетінін білесіңдер.
   ​Кесте (таблица; table) — мәліметтерді жолдар мен бағандар қиылысында орналастыру арқылы ұсынудың тәсілі. Әдетте кестенің бірінші қатарына бағандардың тақырыптары жазылады (1-кесте). Бағандардағы мәлімет типтері әртүрлі болуы мүмкін, бірақ бір бағанда орналасатын мәліметтер бірдей типте болуы қажет. Кесте мәліметтерді жүйелеуге, керекті ақпаратты оңай іздеп табуға мүмкіндік береді.
   ​Мысалы:

   1-кесте. Күн райының тәуліктегі өзгерісін сипаттайтын кесте

Күн

Температура (градус С)

Қысым
​(мм.сынап. бағаны)

Ылғалдылық (пайыз)

15.11.2017

-3,5

746

67%

16.11.2017

0

750

62%

17.11.2017

1,0

740

100%

18.11.2017

3,4

745

96%

19.11.2017

5,2

760

87%

   Компьютерде мәліметтер кестесін құрастыратын және өңдейтін программалар көп. Мәліметтер кестесін құрастыруға арналған программалардың бірі ретінде Майкрософт фирмасының офистік программасы -WORD мәтіндік редакторымен танысайық. Редактор көмегімен мәліметтер кестесінің кез келген түрін жасап, өңдеуге болады. Сонымен қатар офистік программалар тобында кестедегі санды мәліметтерді өңдеуге арналған Excel программасы бар. Мәтіндік редакторда кесте құру тәсілдерімен танысайық.

   Мәтіндік редакторда кесте құру

   Кесте –  жолдар мен бағандарда реттеліп берілетін ақпарат. Кесте жолдар мен бағаннан тұрады. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшықты құрайды. WORD мәтіндік редакторында кесте құру «Кірістіру => Кесте => Кестені кірістіру (Вставка – Таблица – Вставить таблицу...) пәрмендер (команда) тізбегін орындау арқылы іске асады (4.1-сурет). Экранда «Вставка таблицы» диалогтік терезесі пайда болады (4.2-сурет). Оған кестені құрастыруға қажетті қатар мен бағандарды енгіземіз. WORD-та үнсіз келісім бойынша 5 баған, 2 қатар ұсынады, бірақ бұл сандарды өзімізге керегіне қарай өзгертуімізге болады.

4.1-сурет. Кестені кірістіру

   Кестеге қатарлар мен бағандарды қосу

   Қатар мен бағандарды кестенің оң жағына, сол жағына, жоғарғы және төменгі жағынан қосу үшін тінтуір курсорын (меңзерін) керекті орынға қойып, бас мәзірдің «Макет» бөліміндегі «Строки и Столбцы» құралдар тақтасында орналасқан «Вставить слева» батырмасын басамыз.

4.2-сурет. Кестедегі баған және қатар саны

   Кесте ұяшықтарын бірнеше бөліктерге бөлу және біріктіру

   Кестедегі ұяшықты бөлу үшін: бірнеше жаңа ұяшықтарға бөлінетін ұяшыққа тінтуір курсорын (меңзерін) қойып, бас мәзір жолағындағы «Макет» бөліміндегі «Объединить» құралдар тақтасында орналасқан «Разбить ячейки» батырмасын басамыз (4.3-сурет). Дәл осы құралдар тақтасында «Кестені ажырату (Разбить таблицу) пәрмені (команда) арқылы кестені бөліп, екі кестеге ажыратуға болады.
   ​Ұяшықтарды біріктіру үшін: Кестедегі ұяшықтарды біріктіру үшін бірігуге тиіс ұяшықтарды ерекшелеп, «Макет => Объединить ячейки» батырмалар тізбегін басамыз.
   ​Қатар немесе бағандарды өшіру үшін: Өшіруге тиіс қатар немесе бағанға тінтуір меңзерін орналастырып, оң жағын басып «Контекстік мәзір» => «Удалить ячеек» пәрмендерін (команда) орындаймыз. Пайда болған диалогтік терезеден «Удалить строки» немесе «Удалить столбцы» пәрмендерін (команда) орындау керек (4.4-сурет).

4.3-сурет. Ұяшықты бөлу

4.4.-сурет. Ұяшықты өшіру

   WORD мәтіндік редакторында кесте жасау үшін орындалатын амалдар:

   Керекті кестені қолмен сызу;
   ​• Сызылған кестені өшіру;
   ​• Кестедегі ұяшықтарды біріктіру;
   ​• Кестені ұяшықтарға ажырату;
   ​• Кестеге қатарлар мен бағандар жалғау;
   ​• Кестедегі қатарлар мен бағандарды өшіру;
   ​• Кестені бөліп, жаңа кестеге ажырату;
   ​• Ұяшықтағы қатарлар мен бағандардың өлшемдерін теңестіру;
   ​• Ұяшықтағы мәліметтерді теңестіру;
   ​• Ұяшықтағы мәліметтердің жазылу бағытын өзгерту;
   ​• Ұяшықтағы мәліметтерді сұрыптау және т.б. с.с амалдар (4.5-сурет).

4.5-сурет. Кесте құру

   Практикалық жұмыс


   1-тапсырма

   Төмендегі үлгіні негізге ала отырып, кесте жасаңдар:

қ/с

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

1.

Физика

Информатика

Қазақ
әдебиеті

Өзін-өзі тану

Математика

2.

Қазақ тілі

Орыс тілі

Орыс тілі

Математика

Қазақ
әдебиеті

3.

Биология

Математика

Физика

Қазақ тілі

Химия


   2-тапсырма

   «Таныстырылымдар» байқауына қатысу кестесін жасаңдар.

Оқушыларды
дайындаған
мұғалімдердің
аты-жөні

Байқауға қатысатын
оқушылардың
аты-жөні

Сыныбы/жасы

Ахмедова Самал

Дүйсен Қанат

6 сынып/ 12 жас

Есенов Самат

Асан Рамазан

7 сынып /13 жас

Темірханов Қайрат

Бейсенбай Еламан

10 сынып /15 жас

«Созақ» жалпы орта мектеп-гимназиясы

1234567@mail.ru

Байқауды ұйымдастырушы : Зиятбек Айдос Маратұлы

Байқаудың өту мерзімі

17 – 25 желтоқсан аралығы, 2017 жыл.

   Сұрақтар

   1. Кесте деген не? Оны  не үшін қолданады?
   ​2. Ұяшық деген не?
   ​3. Мәтіндік редактор көмегімен кестелерді қалай құруға болады?
   ​4. Мәтіндік редакторда кесте жасау үшін қандай амалдарды қолдануға болады?
   ​5. Кестеге ұяшықтарды қалай қосамыз?
   ​6. Кестені екі кестеге қалай ажыратуға болады?
   ​7. Ұяшықты немесе қатарды қалай өшіруге болады?

   Тапсырма

   ​1. Бір күндік режіміңді көрсететін кесте құрастырыңдар.
   ​2. Кестеге сыныбыңдағы 5 оқушының дерегін (аты-жөнін, туған күнін, оқу үлгерімін, қызығатын тақырыбын, сүйіп оқитын кітабы жайлы) жазыңдар.
   ​3. Төмендегі кестені жасаңдар :

   Үй тапсырмасы

   1-тапсырма: Берілген мәліметтерді пайдаланып, кесте құраңдар. Кестені құрауда төмендегі әрекеттерді орындаңдар:
   ​1. Қатар саны – 7, баған саны – 6 болатын кесте құру.
   ​2. (1, 2), (1,3) және (1,4) ұяшықтарды біріктіру.
   ​3. (1, 6) ұяшықты екі ұяшыққа ажырату.
   ​4. (5, 1), (6, 1) және (7, 1) ұяшықтарын біріктіріу.
   ​5. (5, 3), (5, 4) және (6, 3), (6, 4) ұяшықтарын біріктіру.
   ​6. (1, 5) және (7, 5) аралығындағы ұяшықтарын 3 бөлікке бөлу.

  • тінтуірдің оң жақ түймесін бас
  • бөлектеу сызығы
  • «жолдарды жою» функциясын таңда

Кесте (таблица; ) — мәліметтерді  мен бағандар  орналастыру арқылы ұсынудың .

Өтінемін күте тұрыңыз