3.6 Кестелік деректерді графикалық түрде ұсыну

Электрондық кестедегі мәліметтерді пайдаланып, қалай диаграмма жасауға болады?

   Диаграммалар

   Ойлан

  • Санды ақпараттарды визуалды бағалауға ыңғайлы ететін қандай әдістерді білесіңдер? Мысалдар келтіріңдер.
  • Ақпаратты визуалды бағалаудың қажеттілігі неде?

   Жаңа білім

   Диаграмма – санды деректердің айырмашылықтары мен ерекшеліктерін визуалды қабылдауға ыңғайлы, түсінуге жеңіл етіп график түрінде ұсыну әдісі. Excel программасында көптеген диаграммалардың түрлері бар. Диаграмманы жасағанда немесе өзгерткенде әртүрлі диаграмма түрлерін (мысалы, гистограмма немесе дөңгелек диаграмма) таңдауға болады. Сонымен қатар диаграммалардың қосымша түрлерінде (мысалы, жинақтау гистограммасы немесе үш өлшемдік секторлық диаграмма) пайдалануға болады. «Диаграммалар» бөлімінде бірнеше диаграмма түрлерін пайдаланып, аралас диаграмма жасауға да болады.

   Диаграммалар жасау үшін мәзірдегі «Кірістіру (Вставка)» бөлімін шерту арқылы «Диаграммалар» бөлімінде құралдар тақтасын ашамыз (4.31-сурет).

4.31- сурет. «Диаграммалар» бөлімінің құралдар тақтасы

   «Диаграммалар» бөлімінде Гистограмма, График, Дөңгелек (Круговая), Сызықтық (Линейная), Аймақтармен (С областями), Нүктелік (Точечная), Басқада диаграммалар (Другие диаграммы) сияқты шаблондары бар. Диаграммамен жұмыс істеу үшін қарапайым мысал қарастырайық:

   7, 11, 14, 20, 15, 14, 15 сандары берілген. Осы сандардың ішінде ең үлкен және ең кіші мәндерді визуалды түрде бірден ажырататындай диаграмма құраймыз.

   Төмендегі тапсырманы орындау үшін:
   ​1. Ұяшықтар қатарына сандарды жазамыз (4.32-сурет).
   ​2. Осы қатарда тұрған сандарды тінтуір арқылы ерекшелейміз.
   ​3. «Вставка-Диаграмманы» ашып, «Гистограмма» түрін таңдасақ, жұмыс алаңында жаңа диаграмма пайда болады (4.33-сурет). Диаграммадан көрініп тұрғандай, ең үлкен мән 4-ші бағандағы 20 саны, ең кіші мән 6-шы бағандағы 4 саны болады.

4.32-сурет. Сандарды енгізу

4.33-сурет. Гистограмма

-1-

   Диаграмманы жасағаннан кейін оның элементтерінің кез  келгенін өзгертуге болады. Бұл үшін мәзірдегі орналасқан «Макет» батырмасын басып, «Подпись» құралдар тақтасын таңдаймыз (4.34-сурет). «Подпись» құралдар тақтасы диаграмманың атын өзгертуге, көлденең және тік осьтерге ат қоюға, бағаналарға атау (тақырып), бағаналар мәнін қоюға, бағаналар мәні бойынша диаграмманың төменгі жағына кесте жасауға болады.

4.34-сурет. «Подписи» тақтасы

-2-

   Төмендегі сурет 4.33-суреттегі диаграмманың өңделген түрі (4.35-сурет).

4.35-сурет. Өңделген диаграмма

-3-

   Диаграмма жасауда тағы мынадай әдіс қолданылады: бос тұр-ған орынға тінтуір меңзерін қойып, «Вставка-Диаграмма»-ны орындап, шаблондар ішінен диаграмманың «Гистограмма» – Пирамидальная» түрін таңдаймыз. Экранда пайда болған бос алаңды тінтуірмен екі рет шерту арқылы «Выбрать данные» терезесінің (4.36-сурет) көмегімен:
​   1-жағдайда жұмыс алаңындағы мәндер аймағын тінтуірмен көр-сету арқылы диаграмма жасауға болады.
​   2-жағдайда «Добавить» батырмасын басып мәндерді қолмен ен-гізу арқылы диаграмма жасауға болады.

4.36-сурет. «Деректер көзін таңдау» диалогтік терезе

  • 1-жағдайда
  • 2-жағдайда
  • 1-жағдайда және 2-жағдайда
  • 3-жағдайда

   Практикалық жұмыс

   5-11 сынып оқушыларының бір күндік сабаққа қатысуы жайлы ақпарат берілген. Осы сыныптардың сабаққа қатысу пайызы бойынша диаграмма жасаңдар.

   Тапсырманы орындауға берілген әрекеттерді орындаймыз:

   1. 4.12-кестеде көрсетілгендей, сыныптар аты мен сол сыныптағы оқушылар санын және сабаққа қатысып отырған оқушылар санын енгіземіз.
   ​2. Қатысу пайызын есептеу үшін «Қатысу пайызы» бағанына орналасқан Е3:Е9 ұяшықтар аралығын пайыздық пішімге өткіземіз.
   ​3. Е3 ұяшығына мына формуланы енгіземіз: «= (D3/C3)*100»
   ​4. Автотолтыру әдісін қолдану ақылы формуланы Е3:Е9 ұяшықтар аралығына орналастырамыз.
   ​5. Диаграмма сызамыз (4.37-сурет).


​4.12-кесте. Оқушылар жайлы деректер

4.37-сурет. Қатысу пайызы диаграммасы

   Сұрақтар

   1. Диаграмма дегеніміз не және не үшін қолданылады?
   ​2. Оның қандай түрлері бар?
   ​3. Электронды кесте арқылы қалай диаграммаларды сызамыз?
   ​4. Жасалған диаграмманы қалай түзетуге және толықтыруға болады?
   ​5. Диаграммаларды қай салада жиі қолданады? Себебін түсіндіріңдер.
   ​6. Диаграммалармен шартты форматтаудың өзара байланысын түсіндіріңдер.
   ​7. Диаграммалардың шартты форматтаудан екі өзгешелігін көрсетіңдер.

   Тапсырма

   «Бақылау жұмысы» жобасы

   Excel программасында 7-сынып оқушыларынан информатика, математика және физика пәндері бойынша ІІ тоқсанда алынған бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша кесте жасаңдар. Бақылау жұмысының қорытындысы бойынша үздік, екпінді, қанағаттанарлық және қанағаттанарлықсыз баға алғандардың пайыздық үлесін диаграмма арқылы көрсетіңдер. Төмендегі іс-әрекеттерді орындаңдар:
   ​1. Сынып оқушыларының тізімін кестеге енгізу. Жоғарыдағы үш пән бойынша ІІ тоқсандағы бақылау жұмысының нәтижелерін енгізу (4.13-кесте).
   ​2. Кестенің төменгі бөлігіне «5», «4», «3», «2» бағаларының жиынтық санын жазыңдар.
   ​3. Кестенің төменгі бөлігіне «5», «4», «3», «2» бағаларының жиынтықтарын есептеңдер.
   ​4. Жиынтық сандар бойынша «Дөңгелек (Круговая)» шаблонын пайдаланып, «Информатика пәні бойынша үлгерім» атымен жаңа диаграмма жасаңдар (4.38-сурет).
   ​5. Математика және физика пәндерінің бақылау қорытындысын жасау үшін осындай диаграмма түрін қолданыңдар.

4.13-кесте. Сынып оқушыларының тізімі

Аты-жөні

информатика

математика

физика

1

Ахмед А.

5

5

5

2

Әсет К.

2

3

4

3

Бердібай Б.

3

4

2

4

Бейсенбай Т.

4

4

4

5

Қали С.

4

4

5

6

Қанат Р.

5

3

3

7

Сейілбек А.

4

2

5

8

Сейсенбай О.

3

2

3

9

Тохтар Т.

4

5

3

10

Темір С.

3

4

2

"5"

2

1

3

"4"

4

4

2

"3"

3

2

3

"2"

1

2

2

4.38-сурет. Үлгерім диаграммасы

   «Ең көп сатылған автокөлік» жобасы

   2016 жылы Қазақстанның «Бипэк Авто», «Азия Авто» компаниялары ең көп сатылған женіл автокөліктер тізімін жасады. Сендерге жеңіл автокөліктердің жыл ішінде сатылым саны туралы деректер берілген (4.39-сурет). Осы деректер бойынша кесте құрып, диаграмма салыңдар. Диаграмма түрін өздерің тандаңдар.

4.39-сурет. Бір жыл ішінде жеңіл автокөліктердің сатылу саны

  • 1-жағдайда
  • 2-жағдайда
  • 3-жағдайда
  • 1-жағдайда және 2-жағдайда

Диаграмма – санды  айырмашылықтары мен  визуалды  ыңғайлы, түсінуге жеңіл етіп  түрінде ұсыну .

Өтінемін күте тұрыңыз