1.3 Файлдардың форматтары

Бірдей ақпарат сақтайтын әртүрлі форматтағы файлдардың өлшемін қалай салыстыруға болады?

   ФАЙЛ

   Ойлан

   Қалай ойлайсыңдар, компьютерге жазылған деректер неге бір-бірімен араласып кетпейді?

   Жаңа білім

   Файл (ағыл. «file») дегеніміз – компьютердің сыртқы жадында сақталған ақпараттар жиынтығы. Компьютердің сыртқы жадына жазылған ақпараттардың бір-бірімен араласып кетпеуі үшін файлдың қызметі ерекше. Файл компьютерде сақталған ақпараттарды қайта пайдалану кезінде оны сыртқы жадтан тауып береді. 
   Файл атауы және типі арқылы сипатталады. Windows амалдық жүйесінде файлдың атауы 255 символдан аспайды. Файлға атау қоюда /, * , ? ,\, <, >, !, : символдарын қолдануға болмайды. Файл атауының кеңеймесі (расширения) файл атауындағы нүктеден кейін жазылады. Файлдың кеңеймесі файлда сақтаулы деректердің типін білдіреді (1-сұлба). Windows амалдық жүйесінде файл атауларының 3 немесе 4 әріптен тұратын кеңеймелері қолданылады. Файлды сақтау кезінде кеңеймені көрсету міндетті емес. Программа кеңеймені файл атауына өзі жалғайды.
   ​Файл типі (ағыл. «File type») – файл сипаттамасын білдіреді. Файл типі файлды ашу үшін қолданылатын компьютерлік программаны көрсетеді. Файл типі – файл пішіміне сәйкес келеді. Мысалы, .txt немесе .doc деген пішімі бар файлдар типі «мәтіндік құжат» болады (1-сурет). Бұл типтегі файлдарды кез келген мәтін өңдейтін программалар көмегімен ашуға болады (2-сурет).
   ​• Файлды қалай сақтауға болады?
   • ​Кеңеймесі бірдей немесе нақты тақырыпқа арналып жасалған файлдар тобын қалай топтастыруға болады?
   • ​Файлдармен жұмыс кезінде ерекше назар аударатын қандай мәселелер бар?
   • ​Файлдармен орындауға болатын немесе болмайтын қандай әрекет түрлері бар?
   ​Файлды сақтау үшін жұмыс істеп тұрған программа мәзіріндегі Файл – Қалай сақтау... (Сохранить как...) командалар тізбегін орындаймыз. Пайда болған сұхбат (диалогтік) терезесінде орналасқан Сақтау (Сохранить) батырмасын тінтуір көмегімен шертеміз. Сақтау орнын арнайы көрсетпесек, файл Менің құжаттарым (Мои документы) қапшығында сақталады (4-сурет). Компьютерге сақталған файлды қайта ашу үшін Мои документы қапшығына тінтуірдің сол жағымен шертіп ашамыз.

   1-сурет

Мектеп.doc

   Файлдың аты. Мектеп Файл атауын пайдаланушы береді

   doc файл кеңеймесін файл жасалған программа тағайындайды

   1-сұлба. Файл атауының құрылымы

   3-сурет. Файл форматтары.

   4-сурет. Құжат сақтау терезесі

Амалдық жүйенің негізгі объектілері – файлдар мен қапшықтар. Компьютерге енгізілген кез келген ақпарат файл ретінде сақталады. Файлмен жұмыс істегенде 1-схемадағы ережелерді есте сақтау керек.

1-кесте. Файлмен жұмыс істеу

Файлмен жұмыс істеу ережелері
​Файлмен жұмыс істегенде мынаған абай бол!

   Файлдағы ақпараттың мазмұнын анықтамай тұрып өшіруге болмайды;
   ​Файлдың атауы ақпараттың мазмұнына сәйкес келуі керек;

   Файлдарды іздегенде оңай табылатындай етіп жинақтап, ортақ қапшықтарға сақтау керек;

   Амалдық жүйеге қатысты немесе қолданбалы программаларға қатысты файлдарды өшіру немесе өзгертуге болмайды.


2-кесте. Файлмен жұмыс істеу

Файлмен орындауға болатын іс-әрекет

   Орын ауыстыру – файлды көшіру кезінде сол файлдың көшірме нұсқасы пайда болады.

   Орын ауыстыру – файл дискідегі орнын сақтайды, файл жүйесіндегі мекенжайы өзгереді.

   Өшіру – файл Қоржынға (Корзина) өткізілгенмен дискіде қалады, файл жүйесінде ол туралы ақпарат өшеді.

   Атын өзгерту – файл өз орнында тұрады, файлдың файл жүйесін-дегі аты өзгереді.

   Жасау – жұмыс жасап жатқан программаның көмегімен жаңаша сақтау.

   2-кестедегі әрекеттер ережеге сай негізгі файлдармен орындалады.

   Файлдық жүйе амалдық жүйенің негізгі бөлігіне жатады. Оның көмегімен сыртқы жадқа немесе тасымалдағыштарға файлды сақтау, файлдар алмасу жұмыстарын ұйымдастырады. Файл жүйесі бірдеңгейлік және көпдеңгейлік болып екіге бөлінеді (5-сурет). Бір типті немесе белгілі бір тақырыпқа біріккен файлдар тобын бір жерге жинақтап, Қапшық жасауға болады. Қапшық дегеніміз – файлдарды өзіне жинақтайтын объект. Жұмыс үстеліне жаңа Қапшық жасау үшін: тінтуір көмегімен Контекстік мәзірдегіЖасау (Создать) – Қапшық (Папку) командаларын орындаймыз.

   5-сурет. Файл жүйесінің құрылымы

   Практикалық жұмыс

   1-тапсырма

   1. Жұмыс үстеліндегі Компьютер жүйелік қапшығының Контекстік мәзірін аш.
   2. ​Контекстік мәзірден Жасау (Создать) => Қапшық (Папку) командалар тізбегін орында.
   3. ​Жұмыс үстелінде пайда болған жаңа қапшыққа Менің бумам деп атау бер.
   4. ​Менің бумам қапшығын ашып, бос жеріне тінтуірдің оң жақ батырмасымен шертіп, Контекстік мәзірді аш.
   5. ​Жасау (Создать) => Мәтіндік құжат (Текстовый документ) командасын орында.
   6. ​Пайда болған файлға өз есіміңді бер. Файл кеңеймесін программа автоматты түрде өзі тағайындайды.
   7. ​Тінтуірдің оң жақ батырмасы көмегімен Қасиет (Свойства) командасын орындап, файл туралы толық ақпарат ал. Ол ақпараттарды дәптеріңе жаз.

   Талдау

   1. Файл мен қапшықтың үш ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырып, көрсетіңдер.
   ​2. Бірдей ақпарат жазылған файлдарды әртүрлі форматта сақтаңдар.Файлдар форматының өзгеруі оның көлеміне қаншалықты әсер ететінін зерттеңдер.

   Жинақтау

   Компьютерде файл және қапшықпен жұмыс жасаудың ортақ ережесін ұсыныңдар.

   Бағалау

   Компьютер жұмысын ұйымдастыруда файлдық жүйенің рөлін бағала.

   Сұрақтар

1. Компьютерде жасаған немесе өңдеген құжаттарыңды қалай сақтап, ашасың?

2. «Файл» ұғымы қандай мағына береді?

3. «Файл» атауы қандай бөліктерден тұрады?

4. Файлды дискіге сақтау жолдарын түсіндір.

5. Файлдармен қандай әрекет орындауға болады?

6. Файлдармен жұмыс кезінде қандай әрекеттерді тексеру маңызды?

7. «Файлдық жүйе» дегеніміз не?

   Үй тапсырмасы

   Көпдеңгейлі (иерархиялық) қапшық жаса. Негізгі қапшықты «Пәндер» атауымен ата. Қапшық ішінде өзің ұнатып оқитын 3 пәннің атымен қапшық жаса. Қапшық ішіне сол пәндерді не үшін ұнататының жайлы мәтіндік файл жасап, оны сақта.
   ​Қосымша зерттеу: Файлдар кеңеймесінің 3 немесе 4 әріптен құралу себебін анықта. Олардың бір-бірінен қандай ерекшелігі бар?

  • Орын ауыстыру –
  • Өшіру –
  • Атын өзгерту –
  • Жасау –
  • файлды көшіру кезінде сол файлдың көшірме нұсқасы пайда болады.
  • файл Қоржынға (Корзина) өткізілгенмен дискіде қалады, файл жүйесінде ол туралы ақпарат өшеді.
  • файл өз орнында тұрады, файлдың файл жүйесін-дегі аты өзгереді.
  • жұмыс жасап жатқан программаның көмегімен жаңаша сақтау.
  • 184 бит
  • 64 бит
  • 256 бит
  • 102856 бит
  • 58.59 Кбайт
  • 101 Мбайт
Өтінемін күте тұрыңыз