1.2 Компьютерлік жад

Компьютерлік жад түрлерінің мақсаттарын қалай сипаттауға болады?

   Жад

   Ойлан

  • Түрлі ақпарат көздерінен жинақталған деректерді есте сақтау үшін қандай әдістерді қолданасың?
  • Ақпаратты сақтауда адамның қай мүшесінің жұмысы ерекше қызмет атқарады?
  • Компьютердің ақпаратты сақтауға арналған қандай құрылғыларын білесің?

   Жаңа білім

Компьютерде ақпаратты өңдеу барысында сақтап тұратын әрі өңделген ақпаратты компьютер өшкеннен кейін де ұзақ уақыт сақтайтын жад болады. Ол негізінен ішкі жад пен сыртқы жад болып екіге бөлінеді.

   Ішкі жад


-1-​

   RAM (Random Access Memory) – жедел жад құрылғысы, (ЖЖҚ) компьютердің ішкі жад бөлігі. Программалар өңдейтiн мәлiметтердi жазу, оқу және сақтауға арналған шағын көлемдегі жылдам есте сақтау құрылғысы. Жедел жад мәлiметтер мен программаларды уақытша сақтау үшiн қолданылады.
   ​Компьютерді өшiрген кезде ЖЖҚ-дағы мәлiметтер сақталмайды. Қазiргi кезде программалық қамтамасыздандырудың тиiмдi жұмысы үшiн ЖЖҚ-ның көлемi кем дегенде 256 Мбайт болуы тиіс.


-2-​

   КЭШ (ағылш. cach[a] – «қойма» сөзі) – жадтың ақпаратты уақытша сақтауға арналған шағын көлемді әрі өте жылдам есте сақтауға арналған құрылғы. КЭШ – процессормен одан жылдамдығы төмен жедел жад арасындағы өңдеу жылдамдығының айырмашылығын реттеу үшін қолданылатын жад. Қазiргi кезде микропроцессорлардың iшiне кэш-жад орнатылады. Олар өлшемі бойынша үш деңгейге бөлінеді. Бiрiншiсі 8-16 Кбайт көлемде, екіншісі 64 Кбайттан 256 Кбайт және одан жоғары, үшінші деңгей 8 Мбайт көлемінде болады.


-3-​

   ROM (Read Only Memory) – тек оқуға арналған жад. Ол ешқандай өзгертудi қажет етпейді. ROM – тұрақты жад құрылғысы (ТЖҚ) деп те аталады. ТЖҚ-да дисплей, пернетақта, принтер, сыртқы жадты басқару, компьютердi қосу, құрылғыларды тестiлеу (тексеру) программалары жазылады. Процессор жұмысын басқару программасы зауытта орнатылады. Тұрақты жадтың маңызды микросұлбасы – BIOS модулi. BIOS (Basic Input Output System) – енгізу-шығарудың базалық жүйесі. BIOS компьютер құрылғыларының арасындағы өзара әрекетті ұйымдастырушы енгізу-шығару программаларының жиынтығы.

   RAM – жедел жад құрылғысы (ЖЖҚ).

   КЭШ (ағылш. cach[a] – қойма сөзі)

   ROM (Read Only Memory) – тек оқуға арналған жад.

   Сыртқы жад

  Қатты диск (ағылш. HDD – hard disk drivе)

   Оптикалық диск түрлері: CD-R, CD-RW, DVD-R, DVD-RW.

   Флэш-жад (ағыл. flesh – жарқыл)


-1-​

   Қатты диск (ағыл. HDD – hard disk drivе) – сыйымдылығы үлкен ақпарат сақтаушы құрылғы. Оны компьютердің негізгі есте сақтау құрылғысы немесе ақпараттық қойма деп те атайды. Магнитпен қапталған, біртұтас қабаттасқан бірнеше металдан немесе шыны дискілерден тұратын, көлемді ақпарат мөлшерін сақтай алатын мәлімет жинақтауыш.


-2-​

   Оптикалық диск түрлері: CD-R, CD-RW, DVD-R, DVD-RW. Компьютер дискілерді компьютер диск-жетек көмегімен оқиды. Дискжетек жылдам-дығымен, оқу, жазу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Мысалы, дара жылдамдықты дискжетектер 150 Кб/с оқу жылдамдығын, ал екі еселік жылдамдықты дискжетек – 300 Кб/с т.с.с. жылдамдықты қамтамасыз етеді. CD және

-3-

DVD пішіміндегі дискілердің «R» және «RW» пішіміндегі түрлері бар. «R» пішіміндегі дискілерге (ағылшынша «read» – «оқу» сөзінің бас әрпі арқылы қысқарған) ақпарат бір рет қана жазылады. Ал «RW» пішіміндегі дискілерге (ағылшын тіліндегі «read» – «оқу» және «write» – «жазу» сөзі) ақпаратты бірнеше рет жазуға, өшіруге, қайта жазуға болады.


-4-​

   Флэш-жад (ағыл. «flesh» – «жарқыл сөзі») – электрлік жолмен жазылған мәліметтерді есте сақтай алатын микросхема (чип) түрінде жасалған жад түрі. Флэш-жад кез келген компьютерде, цифрлы фотокамераларда, смартфондарда пайдаланылады. Флэш-жадқа жазылған ақпарат ұзақ уақыт сақталады. Магниттік және оптика-лық дискжетекке қарағанда, энергияны аз 


-5-​

жейді. Флэш-жад картасынан ақпаратты оқу, жазу үшін компьютерге немесе мобильді құрылғыға USB-портын қосу керек. Флэш-жадтың сыйымдылығы 1 Гбайттан басталады. Қазіргі кезде флэш-жадтың нақты бір өлшемін айту қиын. Компьютер техникасының даму қарқыны жоғары болғандықтан, флэш-жадтың өлшемдері де күннен-күнге артып отыр.

   Практикалық жұмыс


​   1-тапсырма

   1. Жұмыс үстеліндегі (Рабочий стол) «Компьютер» жүйелік қапшығын (папка) тінтуірдің оң жақ батырмасының көмегімен шерту арқылы Контекстік мәзірді (Контекстное меню) аш.
   ​2. Контекстік мәзір ішінен «Қасиет» пәрменін тінтуірдің сол жақ батырмасымен шерту арқылы пайда болған терезеден компьютер жедел жад көлемін анықта.
   3. «Компьютер» жүйелік қапшығын тінтуірдің сол жақ батырмасымен шерту арқылы аш. Ашылған терезеден сыртқы есте сақтау құрылғыларының сыйымдылығын анықта.​


​   2-тапсырма

   1. Флэш-жадты компьютер USB-портына қос.
   ​2. «Компьютер» жүйелік қапшығын тінтуірдің сол жақ батырмасы көмегімен аш. Ашылған терезеден флэш-жадты тап.
   ​3. Флэш-жадты тінтуірдің оң жақ батырмасымен шерту арқылы пайда болған терезеден Контекстік мәзір – Қасиет пәрмендерін орындап, флэш-жад көлемін анықта.
   ​4. Компьютердегі қатқыл диск пен флэш-жад сыйымдылығын салыстыр.

   Қосымша ақпарат

Радиотыңдаушылар санын 50 миллионға жеткізу үшін 38 жыл, теледидар көрермендерін көбейтуге 13 жыл, ал интернетті пайдаланушылар санын көбейтуге небәрі 4 жыл қажет болған екен. Компьютерлік технологияның даму қарқыны осы мәліметтен-ақ байқалып тұрған жоқ па?

   Талдау

   «Адам мен компьютер жадының ұқсастығы мен айырмашылығы» тақырыбына эссе дайындаңдар.

   Сұрақтар

   1. Компьютер жадының қандай түрлерін білесің?
   2. ​Ішкі жад құрылғылары қандай қызмет атқарады?
   3. ​Сыртқы жад құрылғыларының қандай түрлері бар?
   4. ​Тұрақты жад пен жедел жадтың айырмашылықтары қандай?
   5. ​Ішкі жад пен сыртқы жадтың қандай айырмашылықтары бар?
   6. ​Жад қызметін түсіндір.
   7. ​Оптикалық дискілердің қандай түрлерін білесің?

   Үй тапсырмасы

   1. Компьютерге ішкі және сыртқы жад не үшін қажет деп ойлайсың?
   ​2. Интернетті пайдаланып, «BIOS модулi» тақырыбын зертте. Компьютер жұмысын басқарудағы оның маңызды рөліне талдау жаса.

  • Кэш
  • ROM
  • RAM
  • Қатты диск
  • Флэш-жад
  • Оптикалық диск
  • деректерге қол жеткізуді жылдамдату үшін пайдаланылатын ультра жедел жады
  • оқылатын, өзгермеген ақпаратты сақтау үшін қолданылады.
  • жазуға, оқуға және уақытша сақтауға арналған
  • компьютердің үлкен сақтау орны
  • бұл жартылай өткізгіштің өзгермейтін қайта жазылатын жадының ерекше түрі
  • оқу және жазу жылдамдығымен сипатталады. Олар тек оқуға арналған.
  • RAM
  • Кэш
  • ROM
  • Flash жады

Тұрақты және кездейсоқ қатынау жадының айырмашылықтарын жазыңыз.

Өтінемін күте тұрыңыз