1.1 Ақпараттың өлшем бірліктері

Ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігіне қалай ауыстыруға болады?

   Ақпараттың көлемі

Ойлан

  • Ақпарат адам өмірінде қандай рөл атқарады?
  • Күнделікті өмірде жиі қолданылатын қандай шамаларды (масса, уақыт, ұзындық, т.б.) білесің?
  • Шамаларды қандай өлшем бірліктерімен өлшейді?
  • Ақпаратты не үшін өлшейміз?

   Жаңа білім

Ақпаратты сақтау мен тасымалдауда оның өлшемін білу өте маңызды. Біз мәтінді жазу үшін әріптерді, музыка жазу үшін ноталарды, сандарды жазу үшін цифрларды қолданамыз. Компьютер – электрондық есептеуіш мәшине. Оның «миы» әріп, музыка немесе сандарды тікелей қабылдамайды, ақпаратты электр сигналдары арқылы қабылдайды. Компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Компьютердің жадында сақталатын ақпараттың барлық түрі – сөздер, сандар, суреттер мен компьютер жұмысын басқару программалары – бәрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Компьютер «миында» ақпаратты өңдеу үшін әрбір белгіні сигнал түріне аудару керек. Сигнал болғанда 1, ал сигнал болмағанда 0 санымен белгіленеді. «Нөл» немесе «бір» сигналы бит деп аталады. Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдайды. Бит – ағылшын тіліндегі «binary digit» – ақпараттың екілік бірлігі дегенді білдіреді. Ақпаратты осы 0 немесе 1 көмегімен кодтау, оларды сақтау мен жеткізу компьютер жұмысын мейлінше жеңілдетеді.

Бит – ақпаратты өлшеудің ең кіші бірлігі. Ақпараттың екілік бірлігімен жұмыс істеу жүйесінің қарапайымдылығы осы жүйенің есептеу техникасының кең таралуына себеп болады. Ақпаратты өлшеудің келесі өлшем бірлігі байт деп аталады. Мұндағы 1 байт 8 битке тең. Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады. Символ – әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын секілді кез келген белгі. Мысалы, «Ақпарат» сөзі 7 байтты құрайды.

Хабардың ақпараттық көлемі деп хабардың ұзындығын, яғни  хабарды жазу үшін пайдаланылатын символдар санын айтады. Хабардың ақпараттық көлемі бит немесе байт ұзындығымен өлшенеді.

   1 бит = 0 немесе 1 сигналы
​   1 байт = 8 бит
​   1 Килобайт (Кб) = 1024 байт
   ​1 Мегабайт (Мб) = 1024 Кб
​   1 Гегабайт (Гб) = 1024 Мб
​   1 Терабайт (Тб) = 1024 Гб

   Қазіргі кезде компьютердің ақпаратты өңдеу қабілетінің артуымен ақпарат көлемін өлшеудің бірліктері де қолданысқа енді. Мысалы:
   ​1 Петабайт (Пб) = 1024 Тб
   1 Эксабайт (Эб) = 1024 Пб
өлшемдері де қолданыла бастады.​

   Компьютерге көлемді ақпаратты сақтап, тасымалдау үшін (1-суретте) көрсетілген құрылғылар қолданылады.
   ​Ақпаратты пайдаланудың өнімділігін арттыру үшін оны алысқа тасымалдаудың мәні зор. Заманауи технологиялар көлемді ақпаратты ғаламтор желісі арқылы тасымалдауға жол ашты.
   ​Бод – байланыс арналарының ақпарат жеткізу жылдамдығының өлшем бірлігі, ол бір секундта жөнелтілетін сигналдық элементтер мөлшерімен анықталады.

   СD компакт-диск ≈ 700 Мбайт;

   DVD компакт-диск ≈ 4,7 Гбайт;

   Қатқыл диск ≈ 20 Гбайттан жоғары;

   Flash-жад – 128 Мбайттан бастап, 500 Гбайт және одан жоғары болады.

   1-сурет. Ақпарат тасымалдаушы құрылғылар

   1 бод =1 бит /секунд

   Мысалы, 120 Мб ақпаратты 8 минутта тасымалдау жылдамдығын есептеп көрейік.

   1) 120 Мб = 122880 Кб = 125829120 байт = 1006632960 бит
   ​2) 8 минут = 480 с
   ​3) 1006632960 бит/480 с = 2097152 бод = 2097152 бит /с = 262114 байт/с = 256 Кб/с

   Талдау


   1-есеп

Берілді:

V1 = 2 Мб

V2 = 64 Kб

Шешуі:

1). V1= 2 Мб = 2 * 1024 Кб = 2048 Кб

2). V1/ V2 = 2048 Кб / 64 Кб = 32 (есе)

Табу керек: V1 / V2

Жауабы: 32 есе үлкен


​   2-есеп

   448 беттен тұратын кітаптың көлемі 700 Мб компакт-дискінің қанша бөлігін алады? (Кітаптың бір бетінде шамамен 64 символдан тұратын 64 қатар бар.)
   ​Қолданылатын ақпарат: 1 символ = 1 байт, 1 Мб = 1024 Кб, 1 Кб = 1024 байт.

Берілді:

Vдиск = 700 Мб

Vкітап = 448 бет 64 қатар 64 символ

Шешуі:

1) Vкітап = 448 * 64 * 64 = 1835008 байт

2) Vдиск = 700 Мб = 700 * 1024 * 1024 = = 734003200 байт

Vкітап / Vдиск = 1835008 байт /734003200 байт = ≈ 0,0025 (бөлігі)

Табу керек: Vкітап / Vдиск

Жауабы: 0,0025 (бөлігі)

   Қолдану

   1. Кітапта 300 бет және әр беті 60 символдан тұратын 45 қатар бар.
   ​2. Асхатта көлемі 8 Гб флэш-жад бар. Асхат флэш-жадта әр бетінде 50 қатар, әр қатарында 40 символы бар 400 беттік қанша электронды кітап сақтай алады? (1 символ =1 байт.)
   3. ​Жедел жадттың көлемі 512 Мб, ал қатқыл диск көлемі 120 Гб. Қатқыл дискінің көлемі жедел жадтан қанша есе артық екенін есепте.
   4. ​5 Мб ақпаратты 64 Кб/с жылдамдықпен тасымалдау үшін қанша уақыт қажет? Ал 5 Гб үшін қанша уақыт кетеді?

   1 бит =немесе 
   10 байт =бит
   15 килобайт (Кб) =байт
   1 мегабайт (Мб) =Кб
   1 гигабайт (Гб) =Мб
   1 терабайт (Тб) =Гб
   1 петабайт (Пб) =Тб
   1 эксабайт (Эб) =Пб
   1 зеттабайт =Эб
   1 йоттабайт =Зб

   Қосымша ақпарат

   Халықаралық IDC (Internet Development center) орталығының зерттеуі бойынша біздің ғаламшардағы барлық жасалған және көшірілген цифрлық ақпараттың көлемі 161 эксабайтты құраған. Ал бір жылдан кейін жасалған зерттеу бойынша аталған көлем 281 эксабайтты құрағанын көрсетті. Сонда ғаламшардың әрбір тұрғынына 45 Гб ақпараттан келеді екен.

   Практикалық жұмыс


​   1-тапсырма

   1.Жұмыс үстеліндегі (Рабочий стол) «Компьютер» белгісін тінтуірдің сол жақ батырмасымен екі рет шерт.
   ​2. Терезеден көрінген дисктерді кезегімен тінтуірдің оң жақ батырмасымен шертіп, Қасиет (Свойства)» пәрменін (команда) орындау арқылы ақпараттың көлемін анықта.
   ​3. Дискілердің көлемін қосу арқылы компьютердегі қатқыл дискінің жалпы көлемін (Гб және Мб-тарда) анықта.


​   2-тапсырма

   1. Компьютерде Менің құжаттарым (Мои документы) қапшығынан (папка) 1 мәтіндік, 1 музыкалық және 1 суреттік файлды таңдап ал.
   ​2. Таңдап алынған файлдардың көлемін жеке-жеке анықтап, салыстыр. Қай файлдың көлемі үлкен, себебін анықта.

   Орындау

   «Информатика» оқулығының бір бетін таңдап алып, ақпараттың өлшем бірліктері (бит, байт, Кб) бойынша есепте.
   ​Күнделікті тұрмыста қолданатын өлшем бірліктерін ерекшеліктеріне қарай жіктеңдер, оның маңызын түсіндіріңдер.

   Сұрақтар

   1. Ақпараттың ең кіші бөлігі қалай аталады?
   ​2. Деректер жіберу жылдамдығы деген не?
   ​3. Хабардың ақпараттық көлемі деген не?
   ​4. Ақпарат тасымалдаушы құрылғының сыйымдылығы несімен маңызды?
   ​5. Ақпаратты бір өлшем бірлігінен екінші өлшем бірлігіне өткізу реті қандай?
   ​6. Әртүрлі дереккөздердегі (газет, журнал, кітап) ақпараттың өлшемін анықтау әдісі қандай?
   ​7. Әртүрлі өлшем бірліктерінің қандай ортақ қасиеттері бар?

   Тапсырма

   1. 6 Мб ақпаратты байт, Кб-та өрнекте.
​   2. Кітаптағы 110 Мб ақпаратты «информатика» сөзінің қаншасымен ауыстыруға болады?
   ​3. Толық тегің, атың қанша бит және байт болатынын есепте.
   4. ​1 Гб ақпаратты желіде 512 секунд ішінде тасымалдасақ, онда ақпаратты жеткізу жылдамдығы қандай болады?
   5. ​600 беттік кітаптың әр бетінде 36 қатар 64 символ бар. Осы кітаптағы ақпаратты 64 Кб/с жылдамдықпен тасымалдау үшін қанша уақыт қажет?

  • байт
  • терабайт
  • мегабайт
  • килобайт
  • бит
  • терабайт
  • гигабайт
  • 1 бит
  • 1 байт
  • 1 килобайт
  • 1 мегабайт
  • «0» немесе «1» таңбасы
  • 8 бит
  • 1024 байта
  • 1024 Кб
Өтінемін күте тұрыңыз