Құрметті оқушы!

«Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар:

ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек,

одан соң – тәртіп керек».

(М. Әуезов)

Құрметті оқушы!

  «Информатика» – күнделікті өмірде ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын тиімді пайдалануға үйрететін өте қажетті әрі қызықты пән. Сен компьютер құрылысын, оны басқару тетіктерін меңгере отырып, қолданбалы программалармен дұрыс жұмыс істеуді, түрлі ақпараттарды өңдеуді және оларды қолдануды, сақтауды, тасымалдауды үйренесің.

Бұл оқулық арқылы компьютер құрылғыларын, компьютерлік желілерді, ақпаратты ұсыну мен өлшеуді, электрондық кестелермен жұмыс істеуді, Python тілінде тармақталу алгоритмдерін программалауды білесің.

Сондай-ақ игерген жаңа біліміңді тәжірибеден өткізе отырып, түрлі сұрақтарға жауап табу мен бірлесіп ортақ тұжырым жасауды үйренесің. Тапсырмаларды орындау арқылы ақпараттық-коммуникациялық сауаттылығыңды жетілдіруге мүмкіндік аласың.

Сен компьютерде алгоритмдеуді, модельдеу мен жобалауды үйренесің. Берілген ақпаратқа жан-жақты талдау жасап, оны қорытып, өмірде қолдану үшін үлгі жобаларыңды ұсынасың.

«Информатика» пәнінде алған білімдеріңді болашақта өзің қалаған мамандықта (ғылымда, бизнесте, IT мамандығында, дизайнерлік салада, ұстаздық етуде, сәулет өнері мен қолөнерде, т.б.) қолдана аласың.

Жан-жақты білім алу үшін саған ынта мен ықылас, зейін мен табан-дылық қажет екенін есіңнен шығарма!

Оқуда сәттілік тілейміз!

Өтінемін күте тұрыңыз