§1 Адам өміріндегі ғылымның маңызы қандай?

Оқыту мақсаты: ғылымның міндеттерін анықтау және ол адамзатқа неліктен қажет екенін түсіндіру.

Мақсатқа жету үшін:

♦ ғылымның белгілері мен маңызды кезеңдерін;
​♦ ғылымның маңызды міндеттері адамзат қызметінің түрі екенін білу қажет.

Ғылым

Ғылым қалай пайда болды?

Ең алғашқы адамдар өздерін қоршаған орта жайлы білімдерді жинай бастады. Адамзаттың даму жағдайына қарай бұл білімдер арта берді. Адамдар қоршаған ортаның құпияларына тереңдей енуге талпынды. Уақыт өте келе жекелеген ғылымдар пайда болып, дамыды. Олардың бірі – табиғатты, келесілері – экономиканы, үшіншілері – тарихты немесе мәдениетті зерттеді. Кейінірек ғылым ой еңбегін дене еңбегінен бөлді. Дәл осы әлеуметтік даму түрткіжайты арқасында адамзат қызметінің ерекше түрі – ғылыми таным қалыптаса бастады.

Есіңде сақта!

Ғылым – адамзат қызметінің бір түрі. Оның негізгі міндеті – әлем туралы білімді дамыту және оны жүйелеу. Яғни ғылыми білім – жүйеленген білім.

Ғылыми-техникалық революция

Ғылым – әлемді танып-білу тәсілі. Ежелгі адам тас пен сүйектен алғашқы еңбек құралын жасағанда, от жағуды үйренгенде, қарапайым баспана жасап, тасқа қашап сурет салған кезде тарих ғылымы дүниеге келді. Жазудың пайда болуымен білім жинақтала бастады. Адам өмірлік әрекеті барысында жазудың көмегімен қоршаған орта жайлы білімін өзгелерге тарата бастады. Кейін адам жануар мен өсімдіктер, жұлдыздар мен Ай, арба мен баспанасы туралы маңызды деректерді жазып қалдыруынан биология, астрономия, физика және сәулет өнері, медицина мен математика ғылымдары пайда болды.

XVII ғасырдан кейін ғылымның қазіргі түрлері айқындала бастады. Ғылым дамуының негізгі қозғалтқыш күші ғылыми және өндірістік революциялар болды. Мысалы, XVIII ғасырда бу қозғалтқышының жасалуы ғылымның дамуына күшті серпін беріп, ол өз кезегінде бірінші ғылыми-техникалық революцияның жүзеге асуын қамтамасыз етті.

Ғылымның қазіргі таңдағы жіктелуі барлық ғылымды үш түрге бөледі.

Ғылым түрлері

Жаратылыстану

Техникалық

Қоғамдық және гуманитарлық

Есіңде сақта!

Алғашқы мәліметтерді жинақтаумен айналысатын ғалымдарды табиғат зерттеушілері деп атайды.

        • Табиғат құбылыстары, объектілері мен үдерістер туралы ғылым (биология, география, астрономия, физика, химия, математика, геология т.б.).
        • Техника мен технологияның дамуына әсер ететін ғы­лымдар, сонымен қатар жаратылыстану ғылымдары нәти­же­сінде жинақталған білімді тәжірибеде пайдалану (агрономия, информатика, механика, электротехника).
        • Адам және қоғам жайлы ғылым (психология, филология, әлеуметтану, саясаттану, тарих, мәдениеттану, лингвистика, қоғамтану т.б.).

        3-беттегі авторлар оқушыларға жазған мәтіннің екінші азатжолын оқы (төменде көшірмесі берілді). Сенің ойыңша, сен оқуға кіріскелі отырған пән ғылымның қай түріне жатады? Неліктен? Аталған ғылым түріне жататынын дәлелдейтін кемінде үш белгісін ата. Егер жауабын айту қиынға соғып жатса, қосымша дереккөздерді пайдалан.

        "«Жаратылыстану» сөзі табиғат құбылыстары, бізді қоршаған әлем туралы білімдер жиынтығы дегенді білдіреді. Сен Жер ғаламшары­мен танысасың, оның ғаламдық жұлдызды аспанда орналасқан орнын білесің. Жер ғаламшарының барлық – қатты, сұйық, газтәріздес қабаттарының құрылысымен танысасың және бұлардың бір-бірімен өзара тығыз байланысты екеніне көз жеткізесің."

        Ғылымның міндеттері

        -1-

        Ғылымның негізгі міндеттері – танымдық, білімдік, мәдени, тәжірибелік. Ғылымның негізгі ерекшелігі құбылыстар мен үдерістердің даму заңдылықтарын, зерттеліп жатқан құбылыстардың мәнін ашатынын айта кеткен жөн. «Не?» деген сұраққа жауап берумен қатар «неліктен?» сұрағына жауап іздеумен айналысады. Сонымен қатар ғылым басқару міндетін атқарады. Ғылымның бұл міндеті XVII ғасырдан басталған. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап басқару міндеті ғылымның басты міндеттерінің біріне айналды.

        Танымдық міндет негізгісі болып саналады. Оның мәні табиғатты, адам мен қоғамды тұтас қарастыру. Осы қызметтің арқасында адам әлемді танып, зерттеп біледі.

        -2-

        Білімдік және мәдени міндеттер негізінен ғылым адамдар мен білім берудің мәдени дамуындағы басты фактор екендігін білдіреді.

        Ғылымның тәжірибелік міндеті. Еңбек құралы мен технологиясы ғылыми білімді қолданудың нәтижесі болып табылады. Өндірісті басқару – білімді тәжірибеде қолданудың нәтижесі.

        Қосымша ақпарат

        Ғылым жайлы айтқан кезде, «жалған ғылым» (псевдоғылым) термині жайлы айта кеткен дұрыс. Жалған ғылым – бұл ғылыми қызмет сияқты болып көрінетін, алайда ғылыми қызмет бола алмайтын әрекет түрі. Жалған ғылым:
        ​– ресми ғылыммен күрес;
        ​– ғылыми білімнің жетіспеушілігінен адасу;
        ​– шығармашылық элемент ретінде пайда болуы мүмкін.

        (Discovery «Басқатыру» бағдарламасын қара)

        Ойыңды тұжырымда

              • астрономия
              • химия
              • биология
              • механика
              • мәдениеттану
              • тарих
              • электротехника
              • геология
              • информатика
              • география
              • психология
              • лингвистика
              • математика
              • архитектура
              • саясаттану

              1. Ғылымның адамзат қызметі ретіндегі мәні қандай?

              2. Табиғат жайлы ғылымдардың ортақ атауы қандай?

              3. Табиғат құбылыстарын зерттеген саған белгілі ғылымдарды ата.

              4. Табиғат жайлы білімді неліктен әрбір адам білуі тиіс?

              Ғылым

              «+» ғылымның дамуы

              «–» ғылымның дамуы

              Жұптық шығармашылық жұмыс

              Таныстырылым дайында.

              Қосымша анықтамалық әдебиеттерді немесе ғаламтор желісін пайдаланып, табиғатты зерттеумен айналысатын ғылымдардың бірі жайлы қажет ақпаратты жинақта. Оның жетістіктерін адам қалай пайдаланатыны туралы айтып бер. 

              Жұптық шығармашылық жұмыс

              Буклет әзірле.

              Әйгілі ғалым Әбу-Насыр әл-Фараби жайлы егжей-        тег­жейлі ақпарат жина.

              Сенің ойыңша, оның бейнесі қазақстандық ақша бірліктерінде неліктен бейнеленген?

              Қосымша ақпарат

              2003 жылы біздің республикамызда 10 000 теңгелік ақша бірлігі шығарылды, оның бетінде әйгілі шығыс ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби бейнеленген. Сонымен қатар ол қазақстандық 1 теңге (1993) мен 5000 теңгеде (1998) және басқа да ақша белгілерінде бейнеленген.

              Өтінемін күте тұрыңыз