Дүниежүзілік шаруашылықтағы Қазақстанның орны

Сабақтың мақсаты:
● Дүниежүзілік шаруашылықтағы Қазақстанның орнын анықтау.
Мақсатқа қол жеткізу үшін:

​● «жалпы ішкі өнім», «адам басына шаққандағы ЖІӨ», «экономиканың салалық құрылымы», «экспорт, импорт», «өмір сүру деңгейі», «өмір сүру сапасы», «адам дамуының индексі» түсініктерін;
​● дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша дүниежүзілік шаруашы­лық-тағы дамыған елдердің көрсеткіштерін;
​● дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша дүниежүзілік шаруашы­лық-тағы Қазақстан Республикасының көрсеткіштерін білу керек.


Соңғы жылдардағы Қазақстанның экономикалық дамуының динамикасы

Қазақстан Республикасы өзінің экономикалық дамуында дүниежүзінің неғұрлым дамыған отыз елінің қатарына кіруге бағыт алды. Бұл параграфта дамыған елдердің даму көрсеткіштерімен танысатын және біздің еліміздің дүниежүзілік шаруашылықтағы орнын анықтайтын боласыңдар.

Дүниежүзілік шаруашылықтың көрсеткіштері. Мемлекеттердің экономикалық даму деңгейлерін бағалау үшін бірнеше негізгі көрсетіштер мен өлшемдер: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), оның ішінде адам басына шаққанда; ұлттық экономиканың салалық құрылымы; елдің экспорты мен импортының құрылымы; халық тұрмысының деңгейі мен сапасы, тағы басқалары қолданылады.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ). ЖІӨ – бұл ел аумағында бір жыл ішінде өндірілген барлық дайын тауар мен қызмет түрінің нарықтық құны.

Сонымен бірге кәсіпорындар қазақстандық болуы да, шетелдіктерге тиесілі болуы да мүмкін. Ең бастысы, олар мемлекет аумағында орналасқан болуы тиіс. Мемлекеттік ЖІӨ әдетте ақша бірлігі (АҚШ доллары) түрінде өрнектеледі.

Мысалы, егер белгілі бір мемлекет аумағында фермерлер бидай өсіріп, ет өндірсе, зауыттар мен фабрикалар түрлі өнеркәсіп өнімдерін шығарса, ал қызмет көрсету саласының кәсіпорындары өз қызметтерін халық пен бизнеске сатумен айналысса, онда өнімнің әр бірлігінің құны олардың нарықтық бағасына көбейтіледі. Нәтижесі – ЖІӨ мәні. ЖІӨ есебіне дайын өнімді өндіруге жұмсалатын шикізаттың, отынның, энергияның, мал азығының және басқа да аралық тауарлар мен қызметтердің құны кірмейді. Мысалы, ұнның құны ЖІӨ-ге қосылмайды, ал одан өндірілген нанның құны қосылады. Бірақ егер шикізат пен жартылай дайын өнім экспортқа шығарылатын болса, онда олардың құны ЖІӨ-де көрсетіледі.

ЖІӨ-нің құнына үй шаруашылығының шығындары да – тұтыну тауарлары (азық-түлік өнімдері, жеке бастың қолдануына арналған азық-түлікке жатпайтын тауарлар, сусындар, отын, жеке қызметтер, т.б.) мен қызметтерді сатып алуға тұрғындардың жұмсаған ақшалай шығыны қосылады.

Кейбір мемлекеттер өте үлкен сомаға тауарлар өндіреді және қызмет түрлерін көрсетеді, бірақ бұл мәндер халықтың әл-аухатынан байқалмайды. 

ЖІӨ мәні экономикалық даму деңгейін неғұрлым шынайы көрсетуі үшін адам басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші қолданылады. Ол мемлекеттің ЖІӨ-сін оның азаматтарының санына бөлу арқылы есептеледі.

1-ші және 2-кестелерде сәйкесінше осы көрсеткіштер бойынша көшбасшы елдер, 30-орында тұрған мемлекет және Қазақстанның алатын орны көрсетілген (2017 ж. мәлімет бойынша).

28-кесте

Жалпы ішкі өнімнің нақты көлемі

Мемлекет

ЖІӨ, млрд. АҚШ дол.

1

АҚШ

19 391

2

ҚХР

12 238

3

Жапония

4 872

4

Германия

3 677

5

Ұлыбритания

2 622

6

Үндістан

2 597

7

Франция

2 583

8

Бразилия

2 056

9

Италия

1 935

10

Канада

1 653

30

БАӘ

370

50

Қазақстан

184

29-кесте

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші

Мемлекет

ЖІӨ, млрд. АҚШ дол.

1

Люксембург

104 103

2

Швейцария

80 190

3

Норвегия

75 505

4

Исландия

70 057

5

Ирландия

69 331

6

Катар

63 506

7

АҚШ

59 532

8

Сингапур

57 714

9

Дания

56 307

10

Аустралия

53 800

30

Бруней

28 291

50

Қазақстан

8 837

Қысқаша алғанда ЖІӨ формуласы төмендегідей түрде беріледі:

ЖІӨ

=

өндірілген тауарлар мен қызметтердің құны

+

үй шаруашылығының шығындары

+

экономикаға құйылған инвестициялар 

+

мемлекет шығын­дары

ЖІӨ-нің нақты көлемі мен адам басына шаққандағы ЖІӨ бойынша Қазақстанның дүниежүзінің алдыңғы қатарлы 30 елінің құрамына енуіне экономикадағы қандай өзгерістер көмектеседі?

Экономиканың салалық құрылымы

Қазақстан қатарына енуге ұмтылатын дүниежүзінің аса жоғары дамыған елдерінің көпшілік бөлігінде экономиканың постиндустриялды салалық құрылымы бар.

Шаруашылықтың постиндустриялдық құрылымы ҒТТ (ғарыштық техника және технологиялар) кезеңіне өткеннен бастап қалыптаса бастады. Оның басты белгілері: ЖІӨ-нің көпшілік бөлігі қызмет көрсету секторында қалыптасуымен, жұмыспен қамтылғандардың арасында зияткерлік еңбектің жұмысшылары басым болуымен сипатталады.

Экономика құрылымы үш сектордан құрылады.

Олардың арасындағы арақатынас – мемлекеттің даму деңгейінің маңызды көрсеткіші (30-кесте).

Постиндустриялық елдерде қызмет ретінде, ең алдымен, мысалы, сауда, сақтандыру, қаржы, басқару, ғылым, білім, денсаулық сақтау, өнер, шоу-бизнес тәрізді табысы жоғары салаларды қабылдау керек, тек содан кейін ғана халыққа көрсетілетін тұрмыстық қызметтер алынады.

Постиндустриялық елдерде бірінші және екінші секторларда жұмыспен қамту мәнінің төмен болуы олардың дамуының кешеуілдегенін білдірмейді. Керісінше, олардың ауқымдылығы мен өнімділігі сақталады. Олар өндірістік процестерінің қарқындылығының артуымен ерекшеленеді. Ауылшаруашылығы мен өнеркәсіп жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған. 

Тек ЖІӨ-нің көпшілік бөлігі қызмет көрсету саласында қалыптасады.

2018 жылы Қазақстанның ЖІӨ-нің құрылымы:

Тауар өндіру – 36,8%, қызмет көрсету – 55,8%, өнімге салынған салық – 7,4%. Тауар өндіруде ауылшаруашылығының, орман және балықшаруашылығының үлесі 2%-ды, құрылыс – 3,3%-ды, өнеркәсіп – 31,5%-ды құрады.

Өнеркәсіпте алдыңғы орында тау-кен өнеркәсібі мен кен қазу – 16% болды, өңдеу өнеркәсібінің үлесі 12,9%-ды, электр энергиясымен жабдықтау, газ, бу беру және кондициялау – 2,3%, сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйесі мен қалдықтарды жинақтау – 0,3%.

Бірінші сектордың салалары: ауылшаруашылық, пайдалы қазбаларды өндіру, балық аулау мен орман өсірушілік, яғни табиғи ресурстарға қатысы бар жұмыс түрлері.

Екінші сектор салалары: мәшине жасау және металл өңдеу, химия және мұнай химиясы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, энергетика, құрылыс, металлургия және басқа да өндірілген ресурстарды өңдеумен айналысатын салалар.

Үшінші сектор салалары: ғылым, өнер, телекоммуникация, бағдарламалық қамсыздандыру өндірісі, қорғаныс, сауда, медициналық қызмет көрсету, білім беру, әкімшілік басқару және басқа да қызмет көрсету түрлері.

Экономикалық даму деңгейлері әртүрлі мемлекеттердегі шаруашылық секторларында жұмыспен қамтылу көрсеткіші


​Мемлекет типі

Экономика секторларында жұмыспен қамтылу, %-бен

Бірінші сектор

Екінші сектор

Үшінші сектор

Артта қалған елдер

70

70

70

Дамушы және дамыған елдер

70

70

70

Аса жоғары дамыған елдер

70

70

70

Қызмет көрсету өндірісінде төмендегідей көрініс орын алды:

• транспорт және қаттау – 8,2%

• ақпарат және байланыс – 1,6%

• көтерме және бөлшек сауда, автокөліктер мен мотоциклдерді жөндеу – 14,6%

• тіршілік ету барысындағы көрсетілетін қызмет және тамақтану – 1,1%

• қаржылық және сақтандыру қызметі – 3,8%

• жылжымайтын мүлікке қатысты операциялар – 8,1%

• кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет – 5,5%

• әкімшілік қызмет көрсету – 2,5%

• мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру – 1,8%,

• білім беру – 3,3%

• денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 2,2%

• өнер, ойын-сауық және демалыс – 0,7%

• басқа қызмет түрлерінің көрсетілуі – 2,4%

• үй шаруашылығының қызметтері – 0,1%.

Мәтінде берілген Қазақстан экономикасының салаларын а) дамыған елдердің; ә) аса жоғары дамыған елдердің көрсеткіштеріне сәйкес келтіретіндей ретпен жазыңдар. Әр сала үшін еліміздің экономикасындағы шамамен %-дық үлесін көрсетіңдер.

Экспорт пен импорт құрылымы

Экспорт – басқа мемлекеттерге сату мақсатында мемлекеттен ұлттық тауарларды шығару.

Импорт – ұлттық нарықта сату мақсатында шетелдік тауарларды елге әкелу.

Мемлекеттердің импорттаудан гөрі экспортқа көбірек шығаратын кездері жиі орын алады. Кейде керісінше, экспорттан импорт басым болады.

Осы шамалардың арасындағы айырмашылықты белгілеу үшін арнайы термин – «ішкі сауданың сальдосы» қолданылады.

Ішкі сауданың сальдосы – экспортталатын және импортталатын тауарлардың бағаларының арасындағы айырмашылық.

Егер мемлекет елге тауар әкелгеннен гөрі көбірек шығарса, онда оның сальдосы, оң немесе белсенді сальдо. Керісінше, импорт экспорттан артық болса, онда сальдо теріс немесе пассивті болады.

Экспорт пен импорттың құрылымы елдің экономикалық дамуының белгілі көрсеткіші бола алады.

Дамыған елдердің экспортында өнеркәсіптік бұйымдар, әсіресе мәшине жасау саласының өнімдері басым. Олар шығарған өнімдер ғылымды қажетсінуімен және технологиялық тұрғыдан күрделілігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар бұл елдердің импорты, көбінесе мұнай, табиғи газ, өнеркәсіп орындарына қажетті шикізаттардан тұрады. Бұл елдер, өндірісі қоршаған ортаға зиян келтіретіндіктен өздерінде шығаруды жөн санамайтын кейбірі дайын өнім түрлерін де импорттайды, мысалы: кір жуатын ұнтақтар, бояулар, пестицидтер (улы химикаттар), дәрілік құралдар.

Дамушы елдердің экспортында шикізат пен азық-түлік басты рөл ойнайды. Артта қалған аграрлық экономикасы бар елдер экспортқа бар-жоғы бір-екі тауар ғана шығарады. Мұндай жағдайда экспорт (ұлттық шаруашылық ретінде) дара дақылды болып есептеледі. 

Керісінше, дамушы елдердің импортында – мәшине, жабдықтар, күрделі тұрмыстық техника, сапалы киім, аяқкиім, азық-түлік өнімдері кездеседі.

2017 жылы АҚШ-тың экспорты мен импорты мынадай құрылымға ие болды(31-кесте).

Қызмет көрсету – АҚШ-та ірі экспорт тауары, шетелдік сатылымның жалпы көлемі 2017 жылы 778 миллиард АҚШ долларын құрады. АҚШ-та жұмыс орындарының 71%-ы қызмет көрсету саласына сәйкес келеді. 

2017 жылы негізгі тауарлар тобы бойынша Қазақстан экспортының құрылымы төмендегідей болды (32-кесте).

33-кестеде дүниежүзіндегі ірі экспорттаушы-мемлекеттер берілген.

Экспорттың қызмет көрсету аясындағы ең табысты салалары мыналар:

• Сапарға шығу мен транспорт: 236 млрд доллар.

• Қаржы және сақтандыру: 76 млрд доллар.

• Зияткерлік жеке меншік сатылымы: 49 млрд доллар.

31-кесте

АҚШ-тың экспорты мен импортының құрылымы

Тауарлар санаты

Экспорт көлемі,
​АҚШ долларымен

Импорт көлемі,
​АҚШ долларымен

Өнеркәсіптік жабдық

202 035 662 651

349 027 417 006

Электрлік мәшинелер мен жабдықтар

174 424 000 525

356 673 459 274

Мұнай және минерал отын

139 025 423 812

204 018 187 723

Ұшақтар

131 143 849 163

Автокөліктер мен қосалқы бөлшектері

130 179 115 971

294 555 395 962

Дәл өлшейтін аспаптар

83 637 978,332

86 126 615 956

Пластик

61 892 626 784

54 851 794 483

Бағалы металдар мен бағалы тастар

59 589 535 207

58 792 694 075

Фармацевтік препараттар

44 935 704 396

96 585 973 544

Басқа тауарлар

42 436 580 208

91 141 510 466

Жиһаз

67 228 070 544

32-кесте

Қазақстанның экспорты мен импортының құрылымы

33-кесте

2016–2017 жылғы мәліметтер бойынша дүниежүзіндегі ірі экспорттаушылар

Күрделілігі жоғары деңгейдегі тапсырма

1. Даму деңгейі бойынша Қазақстанның экспорт және импорт құрылымы қай мемлекеттердің көрсеткіштеріне сәйкес келеді?

2. 30, 31-кестелердің мәліметтері бойынша, әр тауар санаты бойынша экспорт пен импорттың сальдосын және АҚШ пен Қазақстанның жалпы сыртқы сауда сальдосын (айырмасын) есептеңдер. Тұжырым жасаңдар.

3. Экспорт және импорт құрылымында тауарлар санатын дамыған елдердің көрсеткіштеріне сәйкес келетіндей ретпен қойыңдар.

4. Отбасыңның күнделікті тұтынатын тауарларының тізімін жасаңдар, сосын ондағы Қазақстанның өндіріс өнімдерінің үлесі қандай екенін анықтаңдар. Тұжырым жасаңдар.

Тұрғындардың өмір сүру деңгейі мен сапасы

Өмір сүру деңгейі елдің әр тұрғыны тауарлар мен қызметтерге деген өзінің қажеттілігін қаншалықты қанағаттандыра алатынын көрсетеді. Ол адам басына шаққандағы ЖІӨ бойынша анықталады. Алайда ақша түрінде бағалау өте қиынға түсетін басқа да түрткіжайттар бар. Ол үшін «өмір сүру сапасы» түсінігі қолданылады. Ол материалдық қамтамасыз етілуге (өмір сүру деңгейі) қарағанда әлдеқайда ауқымды, кең мағыналы, сонымен қатар денсаулық жағдайы, күтілетін өмір сүру ұзақтығы, қоршаған орта жағдайы, тамақтану, тұрмыстық жайлылық, әлеуметтік орта, мәдени және рухани қажеттіліктердің қанағаттандырылуы, психологиялық жайлылық, т.б. тәрізді объективті және субъективті түрткіжайттарын қамтиды.

Өмір сүру деңгейі мен сапасын көрсету үшін адам дамуының индексін (АДИ) анықтау әдістемесі әзірленді.

 Ол – бүкіл дүниежүзі мемлекеттеріндегі күтілетін өмір сүру ұзақтығының, сауаттылықтың, білім мен өмір сүру деңгейінің кешенді салыстырмалы көрсеткіші. Бұл индекс дамыған, дамушы және жеткілікті дамымаған елдердің арасындағы айырмашылықтарды анықтау, сонымен қатар экономикалық саясаттың өмір сүру сапасына әсерін бағалау үшін пайдаланылады. Рейтингті БҰҰ әзірлейді. Рейтингте барлығы дүниежүзінің 189 мемлекеті қатысады.

Мемлекеттер үлкен төрт санатқа бөлінеді. Олар АДИ бойынша мынадай: адам дамуының өте жоғары, жоғары, орташа және төмен деңгейі. Қазақстан 2018 жылы АДИ-і өте жоғары көрсеткішке ие мемлекеттердің қатарына енді.

Рейтингтегі дүниежүзінің бастапқы 10 мемлекеті мыналар:

 Норвегия, Швейцария, Аустралия, Ирландия, Германия, Исландия, Сянган (ҚХР), Швеция, Сингапур, Нидерланд.

30-орынға Эстония мемлекеті ие.
​АДИ-і өте жоғары көрсеткішке ие елдер тобының тізімін Қазақстан аяқтайды, ол қазір 58-орында тұр.

«Адам дамуының индексі бойынша мемлекеттер тізімі», «дүниежүзі елдеріндегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы», «дүниежүзі елдеріндегі сауаттылық/білім беру деңгейі», «өмір сүру деңгейі бойынша мемлекеттер тізімі» тірек сөздері бойынша әрқайсысының көрсеткішке қарай алғашқы 10 мемлекетті, 30 орындағы мемлекеттік және Қазақстанның алатын орнын анықтаңдар. Көрсеткіштер әрқайсысы бойынша Алғашқы 10 және Алғашқы 30 елдің қатарына ену үшін біздің еліміз қандай шара қолдануы қажет? Жұмысты топпен орындауға болады.

Параграфта келтірілген рейтинг көрсеткіштері жыл сайын өзгеріп отырады. Сондықтан өздерің 9-сыныпта оқыған жылға сәйкес келетін, яғни осы жылы өзекті болып табылатын мәліметтерді қолдануларың керек.

Геодерек

2019 жылы Қазақстан жас арасында білім беру деңгейі бойынша Алғашқы 10 елдің қатарына кіріп, Vouchercloud порталы әзірлеген жастар арасында білім беру деңгейі бойынша жүргізілген рейтингте 9-орынға ие болды, сөйтіп Швейцария, АҚШ, Норвегия, тіптен Финляндияны да басып озды. Рейтингті әзірлеушілер еліміздің «барлық күткен нәтижелерден асып түскенін» атап өтіп, Қазақстанның «жаңа зияткерлік жоғары держава болуы мүмкін» – деген болжам айтуда.

Дүниежүзілік шаруашылықтағы әрбір елдің рөлі ... тәрізді көрсеткіштер бойынша анықталады.

Жалпы ішкі өнім дегеніміз – ... . Онда ... қамтылады, ... қамтылмайды. Алайда, егер ... экспортқа шығарылатын болса, онда ... . Бұл көрсеткіштің әсерінің неғұрлым шынайы бейнесін көрсету үшін ... қолданылады. Ол алғашқысынан ... арқылы ажыратылады.

Осы көрсеткіштер бойынша Қазақстан дүниежүзінде ... орынды иеленеді. Көшбасшылар: ... мемлекеттері. Дамыған елдердің көрсеткіштеріне қол жеткізу және алғашқы 30 елдің қатарына кіру үшін біздің елімізге ... қажет.

Шаруашылықтың салалық құрылымы ... көрсетеді. Ол бойынша мемлекеттің қаншалықты дамығанын анықтауға болады.

Мысалы, артта қалған елдерге ... , дамушы және дамыған елдерге ... , аса жоғары дамыған елдерге ... тән. Статистикалық мәліметтерге жасалған талдау Қазақстан Республикасы ... көрсеткіштерге сай екендігін көрсетті. Дамыған елдердің көрсеткіштеріне қол жеткізу және алғашқы 30 елдің қатарына кіру үшін біздің елімізге ... қажет.

Экспорт пен импорттың құрылымы – экономикалық даму жағдайының маңызды индикаторы. Егер экспорт құрылымында ... басым, онда импортта ... болса, онда мемлекет – дамыған ел. Біздің еліміздің көрсеткіштері оның ... елдердің көрсеткіштерінің мәніне сәйкес келетінін көрсетеді. ... тәрізді тауарлық санат бойынша бізде теріс сыртқы сауда сальдосы байқалады. 

Дамыған елдердің мәндеріне жақынырақ болу үшін бізге ... қажет. ... жасалатын қосымша құны жоғары тауарлар өндіру үшін, ... экспортынан бас тарту керек. ... тәрізді тауарларды импорттаудан біз толықтай бас тарта алмаймыз, алайда қажеттіліктің бір бөлігін отандық өндірістің есебінен қанағаттандыруымызға болады. Бұл бірқатар көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік туғызады.

Қазақстан өмір сүру деңгейі мен сапасы бойынша жоғары көрсеткіштер көрсетуде. Мысалы, ... . Бұл ... тәрізді түрткіжайттар мен себептерге байланысты орын алады. Алайда Алғашқы 10 мен Алғашқы 30 елдің қатарына кіру үшін еліміздің даму саясаты ... тәрізді шараларға көңіл бөлуі тиіс.

Қазақстанның әр азаматы, оның ішінде мен (біз), еліміздің Алғаш-қы 30 елдің қатарына кіруіне өз

үлесім(із)ді қосып, қолғабысым(ыз)ды тигізе аламын(з). Сондықтан өз Отаныма көмек қолымды созу саясатым қарапайым 10 қадамнан тұрады. 1-қадам – ..., ..., 10-қадам – ... .

Ойыңды тұжырымда

  • ЖЭС
  • ОЭТ
  • ЖІӨ
  • ТЭК

Топтық жұмыс

1. Интернет-ресурстары мен басқа да дереккөздерді пайдаланып, Қазақстанның көрсеткіштерін Алғашқы 30 елдің ішінде елімізге бәсекелес елдердің мәліметтерімен салыстырыңдар. Салыстырылатын елдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтаңдар. Тұжырым жасаңдар.
​2. Төмендегі сөздерді, сөйлемдерді, сөз тіркестерін қолданып, дүниежүзілік шаруашылықтағы Қазақстанның орны туралы қысқаша әңгіме құраңдар:

  • ЖІӨ = тауарлар мен қызмет көрсетулердің құны + үй шаруашылықтарының шығындары.
  • ЖІӨ = өндірілген тауарлар мен қызметтердің құны + үй шаруашылықтарының шығындары + экономикаға инвестициялар + мемлекеттік шығындар.
  • ЖІӨ = тауарлар мен қызметтердің құны - үй шаруашылықтарының шығындары - экономикаға инвестициялар + мемлекеттік шығындар.
  • ЖІӨ = тауарлар мен қызмет көрсетулердің құны * үй шаруашылықтарының шығындары + экономикаға инвестициялар + мемлекеттік шығындар.
  • ЖІӨ = тауарлар мен қызмет көрсетулердің құны - үй шаруашылықтарының шығындары/экономикаға инвестициялар + мемлекеттік шығындар.
  • Сауда
  • Орманшаруашылығы
  • Ғылым
  • Мәшине жасау
  • Өнер
  • Металлургия
Өтінемін күте тұрыңыз