Өзіңді тексер

Топтық жұмыс

Мақаланы оқып, Қазақстанның объектілерінің ЮНЕСКО-ның Бү­кіл­дүниежүзілік мұралар тізіміне енудегі артықшылықтарын анықтаңдар.

Мақаламен таныс

-1-

Қоршаған ортаны қорғау саласында ЮНЕСКО өзінің қызметін жүзеге асырады. Ол Дүниежүзілік мұраға жататын нысандардың тізімін құрастырады және айрықша қорғауға алады.

Қазақстан – ЮНЕСКО-ға мүше мемлекет.
​Дүниежүзілік мұра – айрықша мәдени, тарихи немесе экологиялық маңыздылығы тұрғысынан қорғау және көпшілікке таныс­тыру бас-ты міндет болып табылатын табиғи немесе адам қолымен жасалған нысандар.

-2-

Мәдени және табиғи мұралардың анықтамасы

«Мәдени мұра» ретінде мыналар алынады:
​♦ тарихи, мәдени немесе ғылыми тұрғыдан жан-жақты көрнекті құндылығы бар ескерткіштер;

♦ тарихи, мәдени немесе ғылыми тұрғыдан жан-жақты көрнекті құндылығы бар нысандар;

♦ тарихи, эстетикалық, этнологиялық және антропологиялық тұрғыдан жан-жақты көрнекті құндылығы бар көрікті орындар.

-3-

«Табиғи мұра» ретінде мыналар алынады:

♦ әсемдік (эстетикалық) немесе ғылыми тұрғыдан жан-жақты көрнекті құндылығы бар табиғат ескерткіштері;
♦ ​ғылыми және қорғалу тұрғысынан жан-жақты көрнекті құндылығы бар, жойылып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктердің таралу аймағын білдіретін геологиялық және физиографиялық түзілімдер;
​♦ ғылыми, қорғалу және табиғи әсемдік тұрғысынан жан-жақты көрнекті құндылығы бар табиғи көрікті орындар.

-4-

Дүниежүзілік мұра комитеті 1975 жылдан бастап жыл сайын табиғат пен адам қолынан жасалған кейбір туындыларға «Дүниежүзілік мұра нысандары мәртебесін» беріп келеді. «Дүниежүзілік мұраның мәртебесі» нысанының төмендегідей артықшылықтары бар (табиғи мұра нысандары үшін):

♦ ол орналасқан аумақтың және оны басқаратын мекемелердің мәртебесін арттырады;

♦ ол орналасқан аумақтың және оны басқаратын мекемелердің мәртебесін арттырады;

-5-

♦ тізімге енген нысандардың танымал болуына және табиғатты пайдаланудың баламалы түрінің (бірінші кезекте, экологиялық туризмнің) дамуына мүмкіндік береді;

♦Дүниежүзілік мәдени және табиғимұра нысандарына қолдау білдіру үшін ақшалай қаражат тартудағы артықшылығын қамтамасыз етеді, бірінші кезекте, Дүниежүзілік мұра қорынан;

♦ табиғи нысандардың сақталуына тексеру және бақылау жүргізуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

-6-

Аумағында бүкіл дүниежүзілік мұра нысандары орналасқан мемлекет оларды сақтауға міндеттеме алады.

ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи мұра тізіміне нысандардың ену шарттары. Әрбір мемлекет алдын ала өз тізімін ұсынады. Тізімге айрықша басымдылығы бар нысандар енеді. Мұндай тізім Қазақстанда да бар. Еліміз ЮНЕСКО-ға, Дүниежүзілік мұра орталығына номинация құжаттамасын береді. Орталық бұл құжаттамалардың тізімге енгізу өлшеміне сәйкестігін тексереді. 

-7-

Содан кейін оны ескерткіштер мен көрікті орындарды қорғау жөніндегі халықаралық ұйым – ИКОМОС-қа (атауларды қарастыратын халықаралық бейүкіметтік ұйым) бағалауға жөнелтеді. Ол – ЮНЕСКО-ның кеңес беру органы, құжаттаманы негізгі материал ретінде қарастырады, нысанды орналасқан жеріне келіп тексеруге сарапшы жібереді.

5-суретте ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енген Қазақстанның кейбір нысандары берілген.

5-сурет. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енген Қазақстанның нысандары

Сыныпқа арналған жаттығу

Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу үшін біздің елімізде орналасқан жаңа нысандарды ұсыныңдар, ЮНЕСКО-ға, Дүниежүзілік мұра орталығына НОМИНАЦИЯ ҚҰЖАТТАМАСЫН әзірлеңдер (кез келген формада). Номинациялық құжаттама өзің таңдап алған нысанның:

-4-

(табиғи мұра объектілері үшін):

​♦ адамның шығармашылық кемеңгерлігінің үздік туындысы екендігін; немесе

​♦ мәдениет, сәулет, монументалды өнер, қала құрылысы немесе ландшафттық дизайн саласында жалпыадамзаттық құндылық болып табылатынын; немесе

♦ қандай да бір өркениеттің немесе мәдени дәстүрдің бар екендігінің немесе жойылып бара жатқандығының бірегей немесе айрықша маңызды куәсі болып табылатынын; немесе

♦ адамзат дамуының тарихы кезеңдерінің бірін көрсететін сәулет немесе ландшафттық ансамбльдің көрнекті үлгісі екенін; немесе

-5-

♦ қайтымсыз тарихи өзгерістердің әсерінен қорғаусыз болған мәдениетке тән түрде адамдардың ландшафтты немесе қоныстануды қалыптастыруының көрнекті үлгісі болып табылатынын; немесе

♦ көрнекті дүниежүзілік маңызы бар оқиғалармен, дәстүрлермен, идеялармен, наным-сенімдермен немесе шығармашылық актілермен тікелей немесе жанама түрде байланысы бар екендігін дәлелдеуі тиіс.

♦ (Номинация құжатында суретті материалдар мен карталар болуы қажет). Жұмыстың нәтижесін сыныпта көрсетіп, сұрақтар мен сынескертпелерге жауап беріңдер.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
Тамғалы петроглифтері
Қаратау қорығы
      • геологиялық жаралымдар
      • Ансамбль
      • Табиғи ескерткіштер
      • Ескерткіштер
      • Шымкент
      • Атырау
      • Түркістан
      • Алматы
      • Тараз
      • Қаратау қорығы, Батыс Тянь-Шань
      • Батыс-Алтай қорығы
      • Ақсу-Жабағылы қорығы
      • Алматы қорығы
      • Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
      • Үстірт қорығы
      Өтінемін күте тұрыңыз