Шарттарды Программалау («Футболшы» ойыны)

PyGame-де дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу мен ойынның нәтижелерін қалай есептеуге болады?

«Футболшы» ойыны

Ойлан

1. Ойында кейіпкердің жинаған ұпайларын санау, кейіпкерге қосымша «жан» бітіру қалай жүзеге асырылады деп ойлайсың?

2. Ойының төменгі сатысынан жоғарғы сатысына өтуді, ойынды аяқтауды, жинаған ұрайларды санауды қалай анықтау мүмкін?

Бұл сабақта алған білімдеріңді жинақтау мақсатында қарапайым ойын құрастырайық. Ойынға «Футболшы» деп атау берейік.

Қосымша ақпарат

«Футболшы» ойынын құрудың негізгі кезеңдері

-1-

Ойын құру үшін бізге футболшы және доп спрайттары қажет. Футболшы спрайтына футболшы суретін, доп спрайтына футбол добының суретін таңдап аламыз (1-ші және 2-суреттер). Доптың көшір месін жасай отырып, доптың бастапқыда қандай жағдайда және қандай жылдамдықта болу керек екенін анықтау керек. Бұдан басқа футболшы мен доптың әсерлесуін анықтау үшін топ құрамыз.

-2-

Ойын барысында біз екі нәрсені қадағалап отыруымыз керек. Ол – ойыншының «жанының» саны мен ұпай саны. Доп әр ойын терезесінің жоғарғы шекарасына тигенде оны бір ұпайға санаймыз. Футболшыға үш «жан» береміз. Бұл футболшының ең көп ұпай жинау үшін үш мүмкіндігі бар деген сөз. Сонымен бірге ұпайларды экранда көрсетуіміз де қажет. Ол үшін Pygame кітапханасында font модулін пайдаланамыз. font модулін қолдану үшін:

-3-

1. font модулін құрайтын нысанның пішіні мен қәрпінің өлшемін береміз.

2. font құрған нысанға мәтінді орналастырады.

Ойын терезесіне мәтіндік нысанды көшіріп, оны орнатады.

1-сурет. Ойыншы
2-сурет. Футбол добы

Практикалық жұмыс

3, 4-суреттерде «Футболшы» ойынының ойын терезесі берілген. Ойын программасының кодында әрбір блоктың қызметтері көрсетілген (1-код).

3-сурет. Ойын сәті
4-сурет. Ойынның соңы

Ойыңды тұжырымда

Топтық жұмыс

«Футболшы» ойынының программа кодына талдау жасаңдар. Программаның әрбір бөлігінің қызметіне жеке-жеке түсініктеме беріңдер.

Жұптық жұмыс

Футболшы» ойынының негізінде ойынның кейіпкерлері мен программа кодтарына өзгерістер жасап, осыған ұқсас қандай ойынды алуға болады?

Жеке жұмыс

1.Pygame-де ойын жасау мүмкіндіктерін бағалаңдар. Pygame-де : «Не ұнады? Не оңай? Не қиын?» сұрақтары арқылы ойларыңды тұжырымдаңдар.

2. Өзің қалаған тақырыбыңың бірін таңдап, қарапайым ойын жобасын құр. «Футболшы» ойынының программа кодын үлгі ретінде алуға болады.

Өтінемін күте тұрыңыз