Google drive-та құжатты бірлесіп жұмыс істеу қызметін пайдалану

Бұлттық қызметті қолданып құжаттарды құру, өзгерту және сақтауда бірлесе жұмыс істеуді практикалық тұрғыдан қалай жүзеге асыруға болады?

Web 1.0, Web 2.0 және Web 3.0

Ойлан

Құжаттарды компьютерде бірлесе жасаудың қандай тиімді жақтары бар?

Егер бұлттық қызмет болмаса, компьютерде құжаттарды бірлесіп өңдеуді басқаша қалай жүзеге асыруға болады? Өз ойыңды білдір.

Бұлттық қызметтің қарқынды дамуының арқасында құжат-тарды, кестелерді, фотосуреттерді, презентацияларды және басқа да ақпараттық нысандарды өз компьютеріңде емес, желідегі басқа компьютерде сақтау мүмкіндігі туды. Бұл жағдайда тек сақтап қана қоймай, құжаттарды өңдеуге де болады. Алғашында Интернет желісінде Web 1.0 сервисі қолданылып келді. Бүгінде бұл технология ескіріп, Интернеттен тек қана ақпаратты жүктеуге ғана емес, ол ақпаратты өзіміз жасауға, өзгертуге, басқа қолданушыға жіберуге, сақтауға болатын Web 2.0, Web 3.0 сервистері пайда болды.

Web 2.0

Есіңізде сақтаңыз

Web 2.0 – желіде пайдаланушылардың өзара бірлесіп үздіксіз көп пайдалануды жобалау жүйесі.

-1-

Web 2.0 сервисінің ерекшелігі – ақпаратты бірнеше пайдаланушының бір уақытта толықтырып отыруға мүмкіндігі бар. Web 2.0 терминін қарапайым тілде айтатын болсақ, бұл Интернет пайдаланушыларының жұмыс істейтін жобалары, сервистері, блогтары, wiki, әлеуметтік желілер т.б. Осы қызметтердің бірі – Google Docs. Қызметтің бұл түрі арқылы:

• Интернетте құжаттар, электрондық кестелер мен презентацияларды құруға, құрылған құжатты кез келген Интернетке қосылған компьютерде көріп, өңдеуге;

• Google-нің деректер қоймасындағы бумалар көмегімен құжаттарды жүйелеуге;

-2-

• Google -де жасалған файлдарды өз компьютеріңе сақтауға;
• компьютерден дайын файлдарды жүктеп, оларды Google-құжаттар қоймасына орналастыруға;​
​• құжатты Web-бет ретінде жариялауға немесе оны өз блогыңа орналастыруға;
​• құжаттарды басқа пайдаланушыларға өңдеуге немесе қарауға рұқсат беруге;
​• нақты уақыт режімінде құжатты бірнеше пайдаланушының бір уақытта өңдеуіне;
​• презентацияларды өзгелермен бөлісуге;
​• компания қызметкерлері немесе достар арасында маңызды құжаттар, кестелер мен презентациялар алмасуға болады.

-3-

Web 2.0 қызметінен Web 3.0 қызметіне ауысуы жүріп жатыр. Web 3.0 қызметінің нақты анықтамасы әлі де қалыптасқан жоқ. Қазіргі уақытта Интернетте Web 2.0 қызметтерін ұсынатын 100-ден астам сайт бар. Олардың кейбіреулерін ақысыз пайдалануға болса, ақылысының өзі пайдалануға қымбат емес. Бұлттық қызметтер арқылы Мicrosoft Office компоненттерінің негізгі функцияларын – Word, Excel, PowerPoint және басқаларды пайдалану және құжатты бір уақытта бірнеше пайдаланушының өңдеуіне мүмкіндік бар.

-4-

Google Drive (Google Диск) ішінде сақталған файлдарға кіру үшін келесі қадамды орындау керек. Google Drive бетіне (https://drive.google.com/) өтіп, аккаунт ашып, тіркелу қажет. Өз аккаунтыңмен кірсең, Google Drive бұлтында сақталған құжаттар қолжетімді болады.

Практикалық жұмыс

1-сурет. Google Drive қызметін ашу және мәтіндік құжатты құру                                     2-сурет. Ортақ қолжетімділікті беру терезесі

Тапсырма

1. Word-та жасалған құжаттардың бірін таңда.

2. Бұл құжатты Google Drive қоймасына жүкте.

3. Жүктелген құжатты Google Drive-де редакцияла.

Жұмысты орындау қадамдары:

1. Интернетте www. google.kz серверін іске қосып, өз аккаунтыңды белсенді ет.
​2. Мекенжай алаңына https://drive.google.com/ мекенжайын теріп, Google Диск серверін іске қос.
​3. Сервердің оң жақтағы жоғарғы бұрышындағы Google Қосымшалар (Приложения Google) батырмасын бас (1-сурет).
​4. «Ата-аналар жиналысының бағдарламасын» мәтіндік редак-торда жаса. Ол үшін Құру (Создать) батырмасын бас (1-сурет). Ашылған мәзірден Google Құжаттар (Google Документы) командасын таңдап, құжатты аш.

Жұмысты орындау қадамдары:

5. Берілген тапсырма мәтінін енгіз. Редактор терезесінде орналасқан құралдарды пайдаланып, өз қалауың бойынша мәтінді пішімде.
​6. Файл – Қайта атау (Файл – Переименовать) командаларын орындап, жасалған файлдың атын «9-сынып ата-аналар жиналысы» атауымен қайта сақта.
​7. Үнсіз келісім бойынша жасалған файл тек құжат иесіне ғана қолжетімді болады. Құжат барлық Интернет қолданушыларға қолжетімді болу үшін редактор терезесінде Қолжетімділікті баптаулар (Настройки доступа) командасын орында.

Жұмысты орындау қадамдары:

8. Ортақ қолжетімділік (Совместный доступ) терезесінен құжатты бірлесе өңдеуге шақыратын пайдаланушылардың электрондық пошталарын енгізіп, Жөнелту (Отправить) батырмасын бас (2-сурет).

9.«Ата-аналар жиналысының бағдарламасын» сыныптаста-рыңмен бірге өңдеулеріңе болады.

Ойыңды тұжырымда

Топтық жұмыс

• Сыныптастарыңмен бірлесіп өңдеуге арналған құжатты жоспарлаңдар.

• Құжатқа тақырып таңдап, бірлесіп өңдеңдер.


Жеке жұмыс

Google Drive-де «Ата-аналар жиналысының бағдарламасын» сыныптасыңмен бірлесіп өңдеу мүмкіндігіне баға бер. Құжатты бірге өңдеудің қандай тиімді және тиімсіз жақтарын айта аласың? Қандай артықшылықтарын байқадың? Дәлелді мысалдар келтір.


Жеке жұмыс​

1. Web 2.0 қызметінің Web 1.0 қызметінен қандай айырмашылығы бар?

2. Google Docs қызметі қандай бұлттық қызметтер ұсына алады?

3. Google Drive бұлтын пайдалану қандай алгоритмдерден тұрады?

4. Құжат барлық Интернет қолданушыларға қолжетімді болу үшін қандай командаларды орындау керек?

Өтінемін күте тұрыңыз