Глоссарий

Ақпарат (лат. informatio – түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көпмағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

Аппараттық жабдықтар. Біз үлкен ЭЕМ-ді немесе дербес компьютерді алсақ та, олар бір-біріне ұқсас принципте жұмыс істейтін мынадай құрамнан тұрады: орталық процессор, енгізу құрылғысы, есте сақтау құрылғысы және шығару құрылғысы.

Ауқым (Диапазон) – Excel парағының жұмыс аймағына орналасқан мәліметтер қоры қызметін атқарып жатқан кесте саналады.

Бұлтты технология – қызмет көрсететін әртүрлі ұғымдардан тұратын үлкен бір тұжырымдама. Бұлтты технология тұтынушыға Интернет арқылы онлайн жағдайында деректерді өңдеуге мүмкіндік береді.

Web 2.0 немесе Уеб 2.0 Интернеттің (world wide web) интерактивтік және коллаборативтік элементтерін білдіруге қолданылатын термин. Демек, қолданушы интернеттегі мазмұнды тұтынып қана қоймай, сонымен қатар өзі де қандай да бір мазмұн өндіреді. Бұл ұғым кейінгі кезде әлеуметтік желілердің дамуымен үлкен маңызға ие болып келе жатыр.

Web 3.0 – Web 2.0 де жүзеге асқан Тим О'Рейли тұжырымдамасын жалғастырушысы. Бұл технологияның негізін салушы Netscape.com бас директоры Джейсон Калаканис (Jason Calacanis). Web 2.0 – тек технологиялық платформа болса, Web 3.0 кәсіби негізде жоғары сапалы мазмұн мен қызметтерді жасауға мүмкіндік беретін интернет технология.

Google Drive (қаз. ) – Google компаниясына тиесілі, пайдаланушыға өзінің әртүрлі ақпараттары мен құжаттарын «бұлтта», яғни интернет желісінде сақтап қоюға және Интернеттің басқа пайдаланушыларымен бөлісуге мүмкіндік беретін бұлттық ақпараттар қоры. Активтенуінен кейін Google Құжаттың орнына ауыстырылады.

Жүйелік жабдықтама деп өзіне: операциялық жүйелерді желілік программалық жабдықтамаларды сервистік программаларды жасау құралдарын қосатын программалық жабдықтама түсініледі. Желілік программалық жабдықтама желілік есептеуіш жүйелердегі жалпы ресурстарды: оптикалық дискілердегі желілік жинақтауыштарды, принтерлерді, сканерлерді, жіберілетін хабарламаларды және т.б басқаруға арналған.

Конфигурациялау (Конфигурирование; configuration) – дербес компьютердің жабдықтарын нақты бір құрамға баптау; аппараттық жабдықтарды, жеке құрылғыларды немесе қолданбалы программаны дербес компьютердің нақты құрамына бейімдеп, оның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету процесі. Ол өрбір жолыңда конфигурация командасы бар CONFIG.SYS мәтіндік файлы арқылы орындалады. Компьютер іске қосылысымен, операциялық жүйе осы файлды негізгі дискінің (С:) түпкі каталогынан тауып алып, соның командаларын орындау барысында нақты құрылғылар құрамы анықталады.

Массив дегеніміз – бір типтегі берілгендер жиынтығы немесе бір атауға біріктірілген айнымалылардың реттелген тізбегі. Айнымалылардың – массив элементтерінің типтері бірдей болады. Массив бір ғана атпен белгіленеді.

Мәлiметтер қоры – ақпараттар сақталатын қойма. Мәлiметтер қорынан керегiне қарай қажеттi мәлiметтер алу үшiн сақталады. Басқаша айтсақ, мұнда керектi ақпаратты iздеу ұйымдастырылады. Кесте – мәлiметтердi жазба (жол) және өрiс (бағана) түрiнде сақтауға арналған объект болып табылады. Әрбiр кесте нақты бiр сұрақ бойынша мәлiметтердi сақтауға қолданылады.

Мәліметтердің желілік моделі (сетевая модель данных; network data model) – желілік құрылымның мәліметтерін ұсынуға және олармен амал-әрекет жасауға арналған мәліметтер моделі.

Мәліметтерді сұрыптау (сортировка данных; sort) — белгіленген ережелерге сәйкес, мысалы мәтіндерді алфавит бойынша, сандар жиынын көлемі (өсуі, кемуі) бойынша, жиын элементтерін индекстеріне қарай қайта іріктеп орналастыру. Жұмыс істеу принципі мен алгоритмдері әртүрлі көптеген сұрыптау программалары бар.

Мәліметтерді сүзгілеу (фильтрация данных; data filtering) – мәлімет-тердің нақтылы мәндерінің болуы мүмкін мәндер жиынына жататынын тексеру.

Модель (фр. modele, лат. modulus – өлшем) – белгілі бір зерттелетін нысанның ой түсінігі арқылы немесе материалдық түрде жасалған шартты үлгісі (бейнесі, сұлбасы, сипаттамасы, т.б.). Модель мен түпнұсқаны бір-бірінен абсолютті түрде айыруға болмайды. Қарастырылып отырған құбылыс немесе процесс абстрактылық нысандар мен математикалық заңдылықтар түрінде берілетін модель математикалық модель деп аталады. Модельдің ең қарапайым түрі нысандарды көрнекі етіп сурет, кескін, сызба формасында графиктік түрде көрсету. Модельдің екінші түріне – нысандардың, процестер мен құбылыстардың ауызша (қандай да бір тілдің көмегімен) суреттелуі, сипатталуы жатады. Үшінші түрі – ақпараттық-логикалық модель, ауызша сипатталған нысанды кескіндеп көрсету (формалау).

Реляциялық (қатынасты) мәліметтер базасы (Реляционная база данных; Relational Data Base (RDB)) – ішкі ақпараттары бағаналар (өрістер – field) және жолдардан (жазбалар – record) тұратын екі өлшемді кесте түрінде берілген мәліметтер базасы.

Өтінемін күте тұрыңыз