Элементті өшіру және кірістіру

►Массив элементтерін өшіру немесе жаңа элемент кірістіруді қалай орындауға болады?

Бір өлшемді массивтен элементтерді өшіру және кірістіру

1.1-сурет.                                                                                                                                                    1.2-сурет.
2.1-сурет.                                                                                                                                              2.2-сурет.

Ойлан 

♦ Элементтерді массивтен қалай өшіруге болады?

♦ Массивке жаңа элементтерді қалай кірістіруге болады?

-1-

Бірөлшемді массивтен элементтерді өшіру және кірістіру сияқты амалдардың орындалуымен танысасың. Ол үшін алдыңғы тақырыптардағы жауынгерлердің сапқа тұру мысалын қарастырайық. 1.1-суретте сапта тұрған 6-жауынгердің 4-сі саптан шығып кетсе, онда 5-ші тұрған жауынгер оның орнына, ал 6-жауынгер 5-нің орнына жылжып, сапты толтырады (1.2-сурет). Бір өлшемді массив элементтері өшірілгенде басқа элементтер дәл осылай ауысып, өшірілген элементтің орнына қарай жылжиды.

-2-

2.1-суретте сапта тұрған 6-жауынгердің соңына 7-жауынгер келіп қосылды (2.2–сурет). Ал егер жауынгер соңына емес, К орынға қосылу керек болса қалай болады? Ондай жағдайда соңынан тұрған N жауынгерден бастап К-жауынгердің өзі де бір қадам оңға жылжып, К орынды босату керек. Сапқа жаңа жауынгер қосылу қалай орындалса, бірөлшемді массивке де жаңа элемент кірістіру дәл солай жүзеге асады.

Python-да бір өлшемді массивке элементтерді кірістіру және өшіру

Python-да бірөлшемді массивке элементтерді кірістіруді және өшіруді жүзеге асыру жолдарымен танысайық (1-кесте). Бұл әрекеттерді басқа программалау тілдеріне қарағанда Python-да оңай жүзеге асыруға болады.

Енді массивтерде элементтерді өшірудің қалай орындалатынын үйрену үшін нақты мысалдар қарастырайық.

1-мысал: A[N] бірөлшемді массиві берілген (0<N<100). Осы массивтің бір ғана элементі нөлге тең. Нөлге тең элементті өшіріп, массивтің ұзындығын қысқарт. Мысалы, 10 элементі бар массивтің (80 11 25 14 5 43 5 0 41 75) нөлге тең элементін өшіргеннен соң өзгерген массивте (80 11 25 14 5 43 5 41 75) 9 элементі қалады.

Енді массивке қажетті элементті кірістіру программасын қарастырайық (2-мысал). Ол үшін A.insert (i ,X) командасын қолданамыз (2-код). 2-мысалдың программалық кодының орындалу нәтижесі (4-сурет) берілген.

2-мысал: В[N] бірөлшемді массив берілген(0<N<100). Осы массивтің К-шы орнына жаңа элементті кірістір. Мысалы, 10 элементі бар массивке 6 орынға 55 санын кірістірсек (80 11 25 14 5 43 35 17 41 75) массивтің ұзындығы 1 элементке артады (80 11 25 14 5 55 43 35 17 41 75).

Практикалық жұмыс

Бір өлшемді массив элементтерінің орнын ауыстыру жобасын дайындау

Python-да программалау тілінде бірөлшемді массив элементтерін массивтен өшіру мен кірістіруге арналған жобалардың орындалуымен танысасың.

«Өшіру және кірістіру» жобасы

Ұзындығы N-ге тең болатын (0<N<100) массив берілген. Осы массивте төмендегі әрекеттерді орындайтын жоба құрыңдар:

  • массивтегі ең кіші элементті өшіретін;
  • массивтегі ең үлкен элементті өшіретін;
  • массивтің соңына ең кіші және ең үлкен санды қосатын.

Ал массив элементтері кездейсоқ сандардан құрылған (нәтижесі 5-сурет).

5-сурет. Жобаның орындалу нәтижесі

Ойыңды тұжырымда

Жұптық жұмыс

Массив элементтерін өшіру немесе кірістіруге арналған мысалдар мен жобаларды топта талдаңдар. 1-кестеде берілген:

A.remove(X),A.insert ( i ,X),A .count(x) операторларын қолдануға байланысты математикадан немесе күнделікті өмірден алған, өздеріңе таныс мысалдардың бірінің жобасын жоспарлап, ұсыныңдар.

Жеке жұмыс

1. Массивтен элементтер қалай өшіріледі?
​2. Массивке жаңа элемент қосу қалай жүзеге асырылады?
​3. Массивтегі бірінші орынға жаңа элементті қалай жүктеуге болады?
​4. A.remove(X) операторының қызметі не?
​5. A .count(x) операторы қандай қызмет атқарады?

Өтінемін күте тұрыңыз