Элементтердің орнын ауыстыру

► Python программалау тілінде бірөлшемді массив элементтерінің орындарын қалай өзгертуге, ауыстыруға болады?

Массив элементтерінің орнын ауыстыру

1-сурет. Массивті түсіндіру

Ойлан

♦ Массив элементтерінің орнын ауыстырудың мақсаты қандай?

♦ Осы тақырыпқа байланысты күнделікті тұрмыстан қандай мысалдар келтіре аласың?

Ақпаратты өңдеу процесінде біртипті деректердің белгілі бір шарттарға байланысты орындарын, мәндерін ауыстыруға тура келетін жағдайлар көп кездеседі. Мысалы, кейбір досыңның телефон нөмірінің өзгеруіне байланысты ауыстырулар, сынып оқушыларының партадағы отыру ретін, күн тәртібінде орындалатын жұмыстардың ретін ауыстыру т.б. Тұрмыстағы мәселелердің математикалық көрінісін тауып, осы мәселелерді программалау көмегімен компьютерде шешімдерін табу өте маңызды. Мысалы, жауынгерлердің бойларының ұзындығы бойынша орын ауыстыру-ларын массив түрінде өрнектеп, оған программалау әдістерін қолдануға болады (1-сурет).

Массивтің екі элементінің орнын ауыстыру

Бірөлшемді массивтің кез келген екі элементінің орнын ауыс­тыруды қарастырайық (2-сурет).

1-мысал: B[N] бірөлшемді массиві берілген (0<N<100). Осы массивтегі m-ші орындағы элементпен k-шы тұрған элементтің орындарын ауыстырып, массивті қайта баспаға бер.

Массивтің кез келген екі элементін ауыстыруды төмендегідей орындауға болады:

1-әдіс: t=b[m]; b[m]=b[k]; b[k]=t; мысалы, m=1, k=4 болса, онда t =b[1], b[1]=b[4], b[4]=t ауыстырылады (1-код).

2-әдіс: B[m], B[k] = B[k], B[m] мысалы, m = 1, k = 4 болса, онда B[1],B[4]=B[4], B[1] тікелей ауыстырылады (2-код). Нәтижесі 3-суретте берілген.

3-сурет. Программаның нәтижесі

Бір массивтің элементін екіншісіне ауыстыру

Массивтермен жұмыс істеу барысында массивтің элементтерін екінші массив элементтеріне толық жүктеуге болады (3-код).

Сонымен бірге массивтегі элементтерді де белгілі қасиетіне байланысты екінші массивке жүктеуге болады (4-код, нәтижесі 4-сурет). Олармен төменде берілген мысалдар арқылы танысамыз.

2-мысал

D[N] бірөлшемді массив берілген (0<N<100). Осы массивтегі Z-тен үлкен элементтерді Z -пен ауыстыр (Z<1000). Ауыстырулар санын және жаңа массивті экранға шығар.

4-сурет. Программаның орындалу кезеңі

Python программалау тілінде бір өлшемді массив элементтерінің орнын ауыстыру

Python программалау тілінде бірөлшемді массив элементтерінің орнын ауыстыруды қарастырайық.

3-мысал

А[N] бірөлшемді массиві берілген (1<N<100). Осы массивтің элементтерін оңға қарай циклдік жылжытатын «Оңға жылжыту» жобасын дайында.

Циклдік жылжытуды оңға қарай орындаудың сызбасын қарастырайық. Мысалы, А[5] массиві үшін оң жаққа циклдік жылжыту 1-сызбадағыдай орындалады (5 код, нәтижесі 5-сурет).

1-сызба. Оңға қарай циклдік жылжыту
                                                                                   5-сурет. Оңға қарай циклдік                                                                                                               жылжыту

Ойыңды тұжырымда

Жұптық жұмыс

Массивті оңға қарай циклдік жылжыту жобасына талдау жүргіз. Жоба программасындағы әрбір оператордың қызметін және ұйымдастырылған әрбір циклдің қызметіне жеке-жеке талдау жасап, нақты қызметтерін айқындаңдар.

Топтық жұмыс

Массив элементтерін солға қарай жылжыту сызбасын дайында. Оңға қарай жылжыту программасына өзгертіп, массив элементтерін сол жаққа жылжытатын программа кодын дайындап, ұсыныңдар.

Жеке жұмыс

1. Шарт тексеру операторын қолданбай массив элементтерін кері мәнге айналдыруға бола ма? Мысалы, оң сан болса теріс санға, теріс сан болса оң санға.

2. Массивтің кез келген екі элементінің мәнін бір-біріне қалай ауыстыруға болады?

3. Массив элементтерін ауыстыру жолдарын пайдаланып, «Математика», «Физика» т.б. пәндердегі қандай тапсырмалардың жобасын дайындауға болады?

4. Массив элементтеріне 1-ден 20-ға дейін сандарды өсу ретімен пернетақтадан енгізбей қалай автоматты түрде жүктеуге болады деп ойлайсың? Өз ойыңмен бөліс.

Өтінемін күте тұрыңыз