Сандар тізбегі

   Уақыт институтының ғалымдары сандар тізбегін құрды. Ол қалай құрылған?

Есіңде сақта!

   Математикалық заңдылық дегеніміз – белгілі бір ереже. Ереже бойынша сандық, пішіндік немесе басқа да элементтер қатарында қайталау болады немесе элементтердің не олардың қасиеттерінің сол ережеге сәйкес өзгеруі орын алады.

   1. Сандар тізбегіндегі элементтер қандай ереже бойынша орналасатынын ойластыр.
   2. Заңдылықтар түрін (арту, кему, қосарланған тізбек және т.б.) анықта.
   3. Сандар тізбегін (элементтерін) құр.
   4. Таңдап алған ереже сақталғандығына көз жеткізгеннен кейін, тізбектің келесі элементтерін ата.

   Тәжірибе жүргізу үшін профессорға заңдылықты жалғастыру керек. Келесі екі элементті атап, профессорға көмектес. Көмек: бұл – сандардың қосарланған тізбегі. Онда сандар­дың екі тізбегі біріктірілген, олардың әрқайсысы­ның өз заңды­лығы бар.
23, 23, 21, 25, 19, 27, , , .

Жұптық жұмыс

   Арман мен Әлия балаларға арналған жазғы ғылыми лагерьге баруға неше күн қалғанын санады. Ақпаратты күнара жазып отырды.

  • 20, 19, 18, 17, 16, 15
  • 24, 22, 20, 18, 16, 14
  • 18, 16, 14, 12, 10, 8
  • 20, 15, 16, 10, 6, 6
  • 10, 12, 14, 16, 18, 20

Топтық жұмыс

   Автокөлік 4 сағатта 240 км жол жүрді. Егер жылдамдығы өзгермейтін болса, ол 7 сағат ішінде неше километр жол жүреді?

Өрнек:
   =  км

Жауабы: ол 7 сағат ішінде  км жол жүреді.

Туристік базадан бір уақытта туристердің екі тобы саяхатқа шығып, біріне-бірі қарама-қарсы екі бағытқа жүрді. Бірін­шісі – 5 км/сағ, екіншісі 4 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Бұл топтар шыққан уақыттан бастап, 5 сағаттан кейін бір-бірінен қандай арақашықтықта болады?

Өрнек: .

   Жауабы: 5 сағаттан кейін бір-бірінен  км қашықтықта болады.

Математика күнделікті өмірде

   Көпбұрышты бірнеше бөліктерге бөл. Тиісті өлшеу жұмыстарын жүргізіп, көп­бұрыштың ауданын тап. 

S =  см2

Жауабы:  см2.

Шығармашылық жұмыс

   «Қосарланған тізбек» құр және сыныптастарыңа тізбекті жалғастыруды ұсын.

Сен зерттеушісің

   Тәтті сусын әзірлеу үшін алманың 6 бөлігі, алмұрттың 5 бөлігі және қараөріктің 2 бөлігі пайдаланылды. Алмұрт пен қараөрік бірге 2 кг 100 г болды. Қанша алма алынды? Барлығы қанша килограмм жеміс пайдаланылды?

   Шешуі:
   
   
   
   

   Жауабы: 
   а)  кг  г алма пайдаланылды;
   ә) барлығы  кг  г жеміс пайдаланылды.

Үй тапсырмасы

Анықталған заңдылық негізінде тізбекке жетпей тұрған сандарды жаз.

24, 21, 19, 18, 15, 13, , , 7.

Өтінемін күте тұрыңыз