2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілері

21 сабақ 

Натурал сандарды 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілері негізінде жіктеуді үйренесің.

Бөлінгіштік белгісі

Берілген теңдіктерге сүйеніп, бөлуді орындамай-ақ 10-ға бөлінетінін дәлелдей аласың ба?

34 560 = 3 456 · 10
42 650 = 4 265 · 10
65 540 = 6 554 · 10

10-ға бөлінгіштік белгісін құрастырып көр.

Есіңде сақта!

0-мен аяқталатын сандар 10-ға бөлінеді. 0-мен және 5-пен аяқталатын сандар 5-ке бөлінеді. 0, 2, 4, 6, 8-ге аяқталатын сандар 2-ге бөлінеді.

Қай сандар 5-ке бөлінеді?

  • 48 732
  • 8 732
  • 54 270
  • 30 876
  • 54 270
  • 847
  • 885
  • 854
  • 3 671
  • 30 876

Қай сандар 2-ге бөлінеді?

  • 48 732
  • 8 732
  • 54 270
  • 30 876
  • 54 270
  • 847
  • 885
  • 854
  • 3 671
  • 30 876

Қай сандар 5-ке бөлінеді?

Қай сандар 2-ге бөлінеді?

Топтық жұмыс

Қай сандар 5-ке бөлінеді?

Қай сандар 2-ге бөлінеді?

 

Мәтінді есептер

Арман достарымен стадионға футбол ойынын көруге келді. Стадионның төрт секторына 21 370 жанкүйер орналасты. Бірінші секторға – 9 240, ал екін­ші секторға біріншіге қараған­да 890 жанкүйер артық отырды. Қалғандары үшінші және төртінші секторларға теңдей бөлінді. Үшінші секторда қанша жанкүйер отыр?

Жауабы: үшінші секторда  адам отыр

Бір күн ішінде стадионның үш кассасында 5 240 билет сатыл­ды. Бірінші кассада 1 240 билет сатылды, бұл екіншіге қараған­да 2 есе артық. … кассада қанша билет сатылды?

Жауабы: .

Футбол ойынына билет сатып ал­ған балалар кассаға 10 000 теңге тө­ле­ді. Олар 1 225 теңгеден 3 билет және 1 485 теңгеден 4 билет сатып алды. Балаларға қанша ақша қайтарды? Қандай қағаз ақшамен және мәнеттермен қайтарды?

Жауабы: теңге қайтарып беріледі.

Қайтарып алынатын ақшаны қағаз теңгелермен алуға болады.

3 002 ∙ 4 =  

820 365 : 5 =  

16 004 ∙ 6 =  

480 306 : 2 =  

Математика күнделікті өмірде

Сенің туған күніңе достарың келеді. Сен олармен өзің құрастырған үстел үсті ойынын ойнауды жоспарладың. Ойын үшін барлық ойыншыға теңдей бөліп берілетін қима қағаздар қажет. Ойынды 5 ойыншы да, 10 ойыншы да ойнай алатындай қанша қима қағаз әзірлеу қажет?

Әртүрлі нұсқасын қарастыр.

1 нұсқа

2 нұсқа

3 нұсқа

4 нұсқа

Қима қағаздар

Шығармашылық жұмыс

1 289

470 123

200 531

Қосу қажет сан

Осыған ұқсас тапсырма құрастыр.

Сен зерттеушісің

Тоғыз қабатты үйде жеделсаты бар. Бірінші қабатта – 2 адам, екінші қабатта – 4 адам, үшінші қабатта – 8 адам, төртінші қабатта – 16 адам, бесінші қабатта – 32 адам, т.с.с. тұрады. Осы үйде жеделсатының қай батырмасы бәрінен де көп басылады?

Жауабы: бәрінен де көп басылатын жеделсатының батырмасы  қабатта.

Өтінемін күте тұрыңыз