Қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептер

74 сабақ

Қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді арифметикалық тәсілмен шығаруды үйренесің.

Қашықтау жылдамдығы

Қ.И. Сәтбаев  жыл өмір сүрген.

Өрнектің мәнін тауып, Қ.И. Сәтбаев атындағы ауыл қай облыста екендігін тап. (Өрнектің мәні 10 000 000).

  • Павлодар облысы (40 ∙ 850 ∙ 250 + 1 500 000)
  • Қостанай облысы (25 ∙ 800 ∙ 500 – 5 000 000)
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899–1964)

Мәтінді есептер

Шешуі: 

Жауабы: сағаттан сон автомобильдер арасындағы қашықтық 300 км болады.

Есіңде сақта!

Бірінен-бірі қарама-қарсы екі бағытқа қозғалған кезде қашық­тау жыл­дамдығы жылдамдықтардың қосындысына тең болады.

v1 + v2 = vқашық.

60 + 40 = 100 (км/сағ) – автокөліктердің бір-бірінен қашықтау жылдамдығы.
​Неше сағаттан кейін автокөліктердің арақашықты­ғы 300 км-ге тең болатындығын білу үшін, осы ара­қашықтықты қашықтау жыл­дамдығына бөлу керек.

t = S : Vқалдық.   300 : 100 = 3 сағ

Бірінен-бірі қарама-қарсы екі бағытқа қозғалған нысандардың арақашықтығы қанша болатынын білу үшін, қашықтау жыл­дамдығын уақытқа көбейту қажет.

Vқалдық.= S ∙ t    300 : 100 = 3 сағ

Жұптық жұмыс

Әр сағат сайын мәшинелердің арақашықтығы қан­ша километр­ге артады?

Жауабы: әр сағат сайын мәшинелердің арақашықтығыкм-ге артады. 

t

1 сағ

2 сағ

3 сағ

4 сағ

S

 км

 км

 км

 км

Неше сағаттан кейін мәшинелердің арақашықтығы 300 км-ге тең болады?

Жауабы:  сағаттан кейін.

738 920 – (17 728 + 4 319) = 

211 729 + 73 704 – 3 817 = 

29 251 – 12 729 + 3 018 = 

255 427 – (20 735 + 9 999) = 

Жұптық жұмыс

Вокзалдан бір уақытта екі жолаушылар пойызы бірінен-бірі қарама-қарсы бағытқа жолға шықты. Біріншісі – 60 км/сағ, ал екіншісі 70 км/сағ жылдамдықпен жүрді. 4 сағаттан кейін пойыздардың арасы қандай болады?

1-ші тәсіл

2-ші тәсіл

1) 70 ∙ 4 = 280 (км)

1) 70 + 60 = 130 (км/ч)

2) 60 ∙ 4 = 240 (км)

2) 130 ∙ 4 = 520 (км)

3) 280 + 240 = 520 (км)

Жауабы: 6 сағаттан кейін автобустардың арасы  км болады.

Математика күнделікті өмірде

  • Автокөліктердің қашықтау жылдамдығы қандай?
  • Автокөліктердің арасы неше сағаттан кейін 320 км болады?

Ответ:
а) автокөліктердің қашықтау жылдамдығы  км/ч;
б) автокөліктердің арасы  сағаттан кейін 320 км болады.

Шығармашылық жұмыс

Екі велосипедші бір-біріне қарама-қарсы кездесу бағытында жолға шықты. Бі­рін­шісі 25 км/сағ жылдамдықпен, ал екін­шісі 17 км/сағ жылдамдықпен қозғалды. Бастапқыда екеуінің арасы 84 км болды.

Сұрақ: 

Шешуі: 

Жауабы: 

Сен зерттеушісің

Бір қатарда үш адам – Шыншыл, Өтірікші және Қу тұр. Шыншыл әрқашан тек шындықты айтады. Өтірікші әрқашан тек өтірік айтады. Ал Қу өтірікті де, шындықты да айтуы мүмкін. Біріншіден: «Сенің қасыңда кім тұр?» – деп сұрайды. Ол: «Шыншыл», – деп жауап береді. Екіншіден: «Сен кімсің?», – деп сұрағанда ол: «Қумын», – деп жауап береді. Үшіншісіне мынадай сұрақ қояды: «Сенің қасыңда кім тұр?». Ол: «Өтірікші тұр», – деп жауап береді. Ортасында кім тұр?

Жауабы: 

Өтінемін күте тұрыңыз