Нөлдермен аяқталатын көптаңбалы сандарды жазбаша көбейту тәсілдері

43 сабақ

Нөлдермен аяқталатын көптаңбалы сандарды көбейту алгоритмін қолдануды үйренесің.

Есептеулер

650

 

10

 

  

310

 

200

 

  

110

·

4

=

  

120

 

40

 

  

410

 

50

 

  

Әр бағандағы өрнек­тердің мәндерінің қосындысын тап. Сонда Ұлы Жібек жолы өткен жерлерде саудадан басқа тағы не дамығанын білетін боласың.

 ++++= 

Ұлы Жібек жолының арқасында саудадан басқа тағы дамыды.

Есіңде сақта!

Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейткенде нөлдерді есепке алмай, алдымен сандарды көбейтеді. Содан кейін екі көбейткіште қанша нөл бар болса, сонша нөлді шыққан санның соңына тіркейді.

450 · 300 =  

147 · 2 000 =  

180 · 700 =  

6 800 · 60 =  

460 · 30 =  

7 410 · 60 =  

530 · 90 =  

230 · 400 =  

630 : (3 · 3) =  

300 : (3 · 25) =  

(360 · 5) · 40 =  

4 · (6 000 · 25) =  

50 · (2 100 · 8) =  

450 000 : (15 · 10 000) = 

Топтық жұмыс

Түйелер керуені шөл далада 3 400 м/сағ орташа жыл­дам­дықпен қозғалады. Егер осы жылдамдық сақталатын болса, керуен 10 сағат ішінде қандай арақашықтықты жүріп өтеді?

Жауабы: 10 сағат ішінде керуен метр жүріп өтеді.

Түйе алып жүретін жүктің массасы – шамамен 200 кг. Әрқайсысы 10 түйеден тұратын 3 керуен қанша мөлшерде жүк тасымалдай алады?

Жауабы: 3 керуен кг жүк тасымалдай алады.

Түйе 200 кг жүк көтере алады. 2 тонна жүкті тасу үшін неше түйе қажет болады?

Жауабы: 2 тонна жүкті тасу үшін  түйе қажет болады.

Есепте

1. (х – 80) : 40 = 640; х = 

2. (х – 80) ∙ 40 = 640; х = 

3. х – 80 = 640 : 40; х = 

4. х – 80 = 640 ∙ 40; х = 

Түбірлері бірдей теңдеулер  және , тағы да және  теңдеулері.

5 км 500 м =  м = дм

25 036 см = м   дм   см

2 007 м = км   дм   см

10 см2 = мм2

1 м2 = дм2 = см2

1 000 000 м2 = км2

Шығармашылық жұмыс

Түйелер өз салмағының жартысына тең жүкті көтере алады. Ең мықтылары шамамен өз салмағына тең 600 кг жүкті көтеруге мүмкіндігі бар.

Жауабы: .

Математика күнделікті өмірде

Бір адамға автобусқа барып қайтқаны үшін 4 300 теңгеге билет сатып алған болса, қонақүйге күніне 6 000 теңгеден 3 күнге төлесе, 2 000 теңгеден 3 экскурсияға баратын болса, бес саяхатшы қанша ақша жұмсайды?

Жауабы: 

Сен зерттеушісің

Екі керуенде 26 түйе болды. Бірінші керуенге тағы 6 түйе, ал екіншісіне тағы 8 түйе қосқанда, керуендегі тү­йелер саны теңесті. Бастапқыда әр керуенде қанша түйеден болған?

Жауабы:  алғашында әр керуенде  түйе болған, ал екіншісінде  түйе болған.

Өтінемін күте тұрыңыз