Өзіңді тексер

105-сабақ 

   Нені үйренгеніңді тексересің.

Мен түсінемін

   Егер сандағы барлық цифрлар әртүрлі болса, онда 5, 3, 1, 7 цифр­ларының көмегімен барлық екі таңбалы сандарды жаз.

Мен қолданамын

   Есепті шығар. Қолданған формулаңды жаз.
   Ауданы 5 га алқаптан жиналған қызанақтың түсімділігі 140 ц/га, ал ауданы 7 га алқаптан 120 ц/га болды. Екі алқаптан барлығы неше центнер қызанақ жиналды?

   Текше жазбасының оң жағында оның әртүрлі бағытта бұрыл­ған бейнесі берілген. Суреттегі текшенің жазбасына қарап, сұрақ белгісімен қандай жеміс жасырылғанын анықта.

   Есепті теңдеу құрып шығар.
   Бірінші желаяқ спортшының жылдамдығы – 4 м/с, ал екіншісінің жылдамдығы – 2 м/с. Неше уақыттан кейін желаяқ спортшылардың арақашықтығы 80 м болады?

 

   Есептің шартын оқы. Ол графикке сәйкес келе ме? Есептің шартын графикке сәйкес өзгерт. Есептің сұрағына жауап бер.
   Бір қаладан бір уақытта бір бағытқа қарай жеңіл мәшине және жүк көлігі шықты. Жүк көлігі 60 км/сағ, ал жеңіл мәшине 120 км/сағ жылдамдықпен жүрді. 2 сағаттан кейін олар бір-бірінен қандай арақашықтықта болады? 

Өтінемін күте тұрыңыз