Таңдап алу тәсілімен комбинаторлық есептерді шығару

102-сабақ 

   Ерекше жануарлар

   Пысықтау

   Комбинаторлық есептерді таңдап алу тәсілімен шығарасың.

Комбинаторлық мәселе

   Әлия ерекше жануарлар бейнеленген суреттер іздеді. Ол үш сурет тапты. Бірақ сабаққа тек екі сурет қажет. Ол екі суретті қанша тәсілмен таңдай алады? Жануарлардың атының бірінші әріптерімен белгілеп, барлық нұсқаларды жаз.

Салпыерін
Ангор қояны
Жалқау аң

Топтық жұмыс

   Торда сары, жасыл, көгілдір және көк тотықұс отыр. Айнаға тек екі тотықұсты алуға рұқсат берілді. Айнаның қанша таңдау нұсқасы бар?

Жауабы:  нұсқасы бар.

   3 528 санының цифрларының әрқайсысының орнын ауыстыра отырып алуға болатын, осы санның өзінен үлкен қанша сан бар?

Өзіндік жұмыс

   Арманға хайуанаттар дүкеніндегі балықтың 5 түрі ұнады. Балықтардың бағасы бірдей, бірақ оның 3 балыққа ғана ақшасы жетеді. Арманда балықтың 5 түрінен 3 балықты таңдаудың неше нұсқасы бар?

Жауабы:  нұсқасы бар.

(150 + 20) : 5 = 

(452 + 148) : 2 = 

50 ∙ (2 + 12) = 

(819 + 45) : 3 = 

128 + 172 + 450 + 50 = 

25 · 6 · 4 = 

(50 + 150) ∙ 4 = 

50 ∙ (20 ∙ 5) = 

(45 + 16) ∙ 2 = 

Шығармашылық жұмыс

   Әлияның әртүрлі 4 көйлегі және әртүрлі 3 жұп туфлиі бар. Ол мерекелік кешке баруға жиналып жатыр және не киетінін ойлануда. Әлия­да таңдаудың неше нұсқасы бар?

   2 км 308 м · 607 – 6 км 864 м = 

16 кг 560 г : (20 кг 560 г – 19 кг 640 г) = 

(5 т 794 кг + 781 ц) · 26 = 

4 сағ 18 мин · 950 – 182 сағ 24 мин : 12 = 

   Бір фермердің сәбізден алған түсімі – 90 ц/га, ал екінші фермердікі – 105 ц/га. Екі фермердің әрқайсысына сәбіз егуге 6 га жерден бөлінген болса, онда қай фермер артық түсім алады және қаншаға артық?

   Серік құлыпқа код орнатты. Оны ашу үшін, үш цифрдан тұратын комбинацияны теру керек.
   Егер цифрлар қайталанбайтын болса, барлығы неше комбинация бар?

   Серік құлыпқа код орнатты. Оны ашу үшін, үш цифрдан тұратын комбинацияны теру керек.
   Серіктің құлпының коды – 300-ден артық болатын жұп сан. Осы санды ата.

   Серік құлыпқа код орнатты. Оны ашу үшін, үш цифрдан тұратын комбинацияны теру керек.
   Өзің цифрлар комбинациясын құр. Шыққан санды досыңа қандай комбинация құрас­тыр­ғаныңды таба алатындай сипатта.

Сен зерттеушісің

   Балалар театрына кіре берістегі киім өткізетін орынға төрт бала қал­пақтарын беріп, шығарда қайтып алды. Олардың әрқай­сысының бөтен қалпақ алуының қанша нұсқасы бар?

Қорытынды

   Дүкенде әр­түрлі 4 саптаяқ пен әртүрлі 4 тәрелке бар. Неше тәсілмен саптаяқты тәрелкемен бірге сатып алу­ға болады?

Өтінемін күте тұрыңыз